Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы. Сабақтың мақсаты: Есту мүшесінің маңызын, құрылысы мен қызметін



жүктеу 88.91 Kb.
Дата01.07.2017
өлшемі88.91 Kb.
түріСабақ
«Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы». 8 сынып. Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосындағы Кулагино ұлттық гимназиясының жоғары санатты география, биология пәнінің мұғалімі Адилова Ақмарал Мағзомқызының.

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Есту мүшесінің маңызын, құрылысы мен қызметін,

дыбысты қабылдау механизмін пәнаралық байланыс

арқылы меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой- белсінділігін арттыру, физика, музыка

және әдебиет, зоология, бейнелеу курстарындағы

білімдерін биология пәнімен ұштастыра білуге

машықтандыру.




Тәрбиелік мақсаты: Өзін - өзі танып білуге, жеке бас гигиенасын сақтай

білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Тренинг
Әдісі: Миға шабуыл, «Тең-теңге» оқыту,топтық, жеке жұмыс
Пәнаралық байланысы: Физика, музыка, қазақ тілі, зоология, бейнелеу.
Көрнекілігі: Анализаторлар, құлақтың құрылысы, сызбанұсқалар, кестелер.
Әдебиеттер: 1. Е.Очкур, А.Аманжолова, Р.Жұмабаева Биология 8

2. З.Ж.Асқарова Биология – 8 Әдістемелік нұсқау

3. В.С.Анисимова, Е.П.Брунов, Л.В.Ребров Самостоятельные

работы учащихся по анатомии, физиологии и гигиене

человека: пособие для учителя.

4. И.Д.Зверев Книга для чтения по анатомии, физиологии и

гигиене человека

5. Тренинг – сабақтарын өткізу бойынша мұғалімдерге арналған

әдістемелік ұсынымдар.

І. Танысу «Қар көшкіні» ойыны. Шеңбердегі оқушылар өз аттарын айтады.

Келесі адам, өз атын айтар алдында алдынғы қатысушылардың

аттарын қайталайды.

Ой қозғау. Тәжірибе.

Қажетті құрал: лимон, лента.


Орындалуы: Оқушылар алдарына берілген лимонға талдау жасайды.

1. Оқушылар көздерін жұмып отырып, лимонның пішінін,

қабығының тегіс – бұдырлылығын анықтау,

2. Түсін, дәмін айыру.


Сұрақ: Біз қоршаған дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?
Көру Есту






Иіс сезу Дәм сезу

Сипап сезу

Өзекті мәселе.
Сыныппен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап бере отырып, бір мезгілде

кесте толтыру.

1. Анализатор дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
2. Анализатор қандай бөлімдерден тұрады?

Кесте толтыру.

1.Анализатордың бөлімдерін кестенің жоғарғы бағанына жазыңдар.

2. Өздеріңе белгілі анализаторларды кестенің бірінші бағанына жазыңдар.


Жеке жұмыс. 1. Кестенің 3 – 4 бағанын өз бетеріңізбен толтырыңыздар.

Сыныппен жұмыс: Кестенің толтырылуын тексере отырып, кестенің 2-ші

бағанын бірге толтыру.





Анализаторлар

Рецепторлар

Өткізгіш бөлігі

Орталық бөлігі

Көру мүшесі

Торлы қабықшадағы таяқша мен құтыша.

Көру жүйкесі

Үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі.

Есту мүшесі

Ұлулы денедегі сезімтал жасуша.

Есту жүйкесі

Ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығы

Иіс сезу

Мұрын қуысындағы кілегейлі қабықшаның беткі жағындағы рецепторлар.

Иіс сезу жүйкесі.

Үлкен ми сыңарының иіс сезу аймағы.

Дәм сезу

Ауыз қуысындағы дәм сезу рецепторлары

Дәм сезу жүйкесі.

Үлкен ми сыңарының дәм сезу аймағы.

Сипап сезу

Терідегі рецепторлар

Сипап сезу жүйкесі

Үлкен ми сыңарының төбе аймағында.


ІІ. Оқыту:

1.Музыка ойналады.

Шағын дәріс

Қоңыраудың сыңғыры, құстың сайрауы, шағаланың ұшуы, желдің гуілі барлығы да дыбыс және біз оны естиміз. Табиғатты құдіреттілігі сол ол еш нәрсені тектен – тек жаратпайды. Барлығы қажеттіліктен туады. Дыбыс бұл физикалық құбылыс. Сөйлеу адамға ғана тән. Дыбысты қабылдау тірі табиғатқа қажеттіліктен туындаған, яғни, ол өмір сүрудің негізгі құралы. Сонымен біз:

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Оны біз қалай қабылдаймыз?

3. Ол қалай таралады? Біз оны қалай естиміз?

4. Адам өміріндегі маңызы қандай?

деген сұрақтарға тоқталамыз.
Еске түсір.

Дыбыс туралы білімді осыған дейін қандай оқу пәндерінен білеміз?

Кесте

Д ы б ы с

Музыка

Қазақ тілі

Бейнелеу

Зоология

Физика

Анатомия




















Музыка Қазақ тілі Бейнелеу









Зоология Физика Анатомия

Өзекті мәселе.

1.Біз күнделікті өмірде акустика деген сөзі қолданамыз, оның мәні неде?

2. Дыбыс шығару көздеріне не жатады?

3. Дыбыс қалай таралып, біз оны қалай естиміз?


Музыкалық Физикалық Оптоакустика


Архитектуралық Физиологиялық


Топтық жұмыс. «Тең-теңге» оқыту әдісі

І топ. Сілтеме табушылар.

1. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды табыңыздар?


ІІ топ. Баяндаушы топ

1. Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап

беріңіздер.
ІІІ топ. Ізденуші топ.

1. Оқулықтағы суреттерге талдау жасаңыздар.


ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.


І топ. Сілтеме табушылар.
Дыбыс. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ. Есту сүйекшелері. Ішкі құлақ. Иірім. Вестибула аппараты.
ІІ топ. Баяндаушы топ




Сыртқы құлақ

Ортаңғы құлақ Сыртқы құлақ

Ішкі құлақ

Сыртқы құлақ






Құлақ Сыртқы Дыбыс сүйекшелері Шытырман

қалқаны дыбыс

жолы

Балғашық Төс Үзеңгі Сүйекті Жарғақты



Құлақтың құрылысы мен қызметі


Бөлімі

Құрылысының ерекшелігі

Атқаратын қызметі

Сыртқы құлақ

Құлақ қалқаны, дыбыс жолы

Ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдайды.

Ортаңғы құлақ

Дыбыс сүйекшелерінен тұрады.

Дыбыс толқынын өткізеді.

Ішкі құлақ

Қуыстар мен иірім (Шытырман, лимфа сұйықтығы, ұлулы дене)

Дыбысты естиді


ІІІ топ. Ізденуші топ.

Оқулықтағы 31,32,33- суреттерге талдау жасайды.



ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Құлақ қандай бөлімдерден тұрады?

2. Құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады?

3. Дабыл жарғағы қайда орналасқан?

4. Ортаңғы құлаққа нелер жатады?

5. Ішкі құлақтың құрылысы қандай?

6. Құлақтың қандай бөлігінде тепе – теңдік мүшесі орналасқан?

7. Адам ұшақта отырғанда неге құлағы бітеліп қалады?



ІІІ. Кері байланыс

  1. Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселелер туралы білдіңіз?

  2. Сен үшін ең пайдалы болғаны не?

  3. Қандай ақпарат сен үшін күтпеген болды?

Бағалау.

Үйге тапсырма: §19. «Есту мүшесінің гигиенасы» деген тақырыпта реферат

жазып келу.



Анализаторлар

Рецепторлар

Өткізгіш бөлігі

Орталық бөлігі





























































Д ы б ы с

Музыка

Әдебиет

Бейнелеу

Зоология

Физика

Анатомия



















Құлақтың құрылысы мен қызметі


Бөлімі

Құрылысының ерекшелігі

Атқаратын қызметі























Топтық жұмыс. «Тең-тенге» оқыту әдісі
І топ. Сілтеме табушылар.

1. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды табыңыздар?


ІІ топ. Баяндаушы топ

1. Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап

беріңіздер.
ІІІ топ. Ізденуші топ.

1. Оқулықтағы суреттерге талдау жасаңыздар.


ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.



Дыбыс. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ. Есту сүйекшелері. Ішкі құлақ. Иірім. Вестибула аппараты.


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет