Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару Сабақтың мақсаты



жүктеу 47.94 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі47.94 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын элементтері араласқан мерекелік жарыс сабағы

Әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, ойын элементерімен  көрнекілік қолдану

Сабақтың көрнекілігі: ойын элементтеріне керекті жабдықтар, қима қағаздар, Азиада эмблемасы, кестелер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет;

Сабақтың барысы

І.Психологиялық көңіл-күйі-

-Балалар, сендер теледидардан жаңалықтарды көріп, естисіңдер ме?

-Алда, осы қаңтар айының соңына қарай қандай спорттық ойындар  өтпекші?

(VII Қысқы Азия ойындары)

-Дұрыс балалар! Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз  осы Азиадаға байланысты өтеді.

(Балалармен қысқаша әңгіме өткізу. Алау, шеру жөнінде)

 Бұл Азиада ойындары біздің елде, Қазақстанда өтпекші. Оған 27 елдің спортшылары қатысады. VII Қысқы Азия ойындары 30 қаңтарда басталып 6 ақпанға дейін жалғасады. Әл-Кувейт қаласында Азиада алауы жағылды. Олимпиада алауының эстафетасын сендер теледидардан көріп тамашаладыңдар.

Азиада алауын Қазақстанның құрметті, қадірлі, атақтары азаматтары алып жүреді.

Ал, сендер сол азаматтардың ізбасарлары, Қазақстанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан біз де «алау жағуды» сыныбымыздың озат, үлгілі, тәртіпті оқушыларына тапсырамыз.

Барлық сынып оқушылары  осы «алау шеруіне» қатысамыз. Өз білімдерімізді көрсетеміз.

«Алауды жағу»- (Алау орнына сырты алау пішініне келтірілген қалта шамы қолданылады.)

Алау шеруін «бір қаладан екінші қалаға апару үшін тапсырмаларды өте жақсы орындауымыз керек. (Әрбір партада қала аттары жазылған плакат)

ІІ.1 тапсырма- Алматы

Ауызша №1, 16 бет оқулықтан

 


 

20*4


6*20

9*20


30*20

100*7


 

630:70


400:200

810:9


900:10

320:40


 

50*20


8*20

6*100


3*200

70*2


 

 

2 тапсырма (Көкшетау)

№2 Әр өрнекке ыңғайлы тәсіл іздеп тап:

(6+2)*30

(60+30)*5

(100+100)*4

(3+4)*20

(70+20)*9

(200+300)*2

3 тапсырма (Қызылорда)

Мәселе есеп №3

а.ауызша б.жазбаша (тақтада)

 

4 тапсырма



Сергіту сәтін өткізу, тапсырма (Ақтөбе)

№4, 17 бет оқулықтан



  456

+235


 

  456

+399


 400

-312


 505

-  65


  324

+676


  446

+312


 323

-122


  654

   -79


 

5 тапсырма Өзіндік жұмыс (Қарағанды)

 

№5 Ж


Жасыл, көк, қызыл фигуралардың периметрін және аудандарын анықтау.

Р-? S-?


жасыл

көк

қызыл

а=2см

в=6см


р=2*2+6*2=16см

s=2см*6см=12см2



а=2см

в=4см


р=2*2+4*2=12см

s=2см*4см=8см2



а=4см

в=4см


р=2*4см+2*4см=16см

s=4*4=16см2

 


 

6 тапсырма

Ауызша (Атырау)

№6-а,ә


 1-2 баған

 

7 тапсырма (Астана)



№7

 


52+16=41

32+102=109

92+72=130

32+9=18

102+52=152

32*9=81

92-62=45

32+42=25

102-1=99

 

Әрбір қалаға келген сайын ол қала туралы қысқаша мәлімет айтылады.

Мысалы:

Астана-бас қала



Қарағанды- көмір қойнауы

Қызылорда-мақта, күрішімен әйгілі

 

№8 Логикалық тапсырма (сурет)



 

ІІІ. Қорытынды- оқушылады бағалау

 -Міне, балалар біздің сабағымыз аяқталуға таяу.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Сабақ маған да ұнады. Білімдеріңді көрсете білдіңдер.

-Біздің қазақ халқы ырымшыл ғой. Біздің спортшыларға алдағы күтіп тұрған жарыстардан тек алтын, күміс медальдар алсын деп тілек білдірейік. Сендердің араларында да белгілі, елдің таны аспанға шығаратын спорт жүлдегерлері отырған шығар.















  

ІV. Үйге тапсырма

№6-аяқтау

№8-18 бет



Көбейту кестесін қайталау.
: uploads -> doc -> 0430
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0430 -> Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынов аударма өлеңімен таныстыру




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет