Сабақтың тақырыбы: «Еліктің лағы»



жүктеу 48.71 Kb.
Дата13.01.2019
өлшемі48.71 Kb.
түріСабақ
Ахметбекова Алмагүл Айтмуханбетқызы

бастауыш сынып мұғалімі

3 Красный яр орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: «Еліктің лағы » Мамытбек Қалдыбаев

Мақсаты: 

1. Көркем шығарманы түсініп оқуға дағдыландыру. Оның негізгі идеясын аша білуге, талдай білуге үйрету.

2. Мәтінмен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

3. Табиғатты сүюге, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ – жауап, постермен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс, INSERT, кластер, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, топтық жұмыс, «Түртіп алу» стратегиясы



Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, кестелер, видеоролик, аудиозапись, әуен.

Сабақтың құрал – жабдықтары: Интербелсенді тақта, компьютер, бағалау парағы, стикер, сәттілік баспалдағы.

 Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 5мин

 Психологиялық дайындық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.



  • Топқа бөлу.

2. Қызығушылықты ояту

а) Ой қозғау.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Көктем мезгілі туралы әңгімелету.

(Көктем мезгілінде қандай өзгеріс болады? Ағаштар бүршік атады. Жер көгереді.

Құстар келеді. Құстар балапан басады.Малдар төлдейді. Төрт түлік малдың төлін не деп атаймыз? Қандай дала жануарларын білесіңдер? Мысалы: аю-қонжық, қасқыр-бөлтірік, бұғы-, бұлан-, елік-лақ

(INSERT әдісі)

Білемін

Білгім келеді

Білдім









ә) Суретпен жұмыс.



1 - сурет. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері айтады?)

Жаз мезгілінде алаңсыз су ішіп жатқан еліктің суреті.



2 - сурет. Қашып бара жатқан еліктің суреті.

Сұрақ. - Суреттерден не көріп тұрмыз?

- Еліктердің тыныштық күйін бұзған не болды деп ойлайсыңдар? Еліктер аңшының атқан оғынан үркіп қашуы әбден мүмкін. Аңшылық - қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі.
Постермен жұмыс

-Мамытбек Қалдыбаевты кім деп ойлайсыңдар? (өздері бірінші топтастырады)

Мағынаны тану. 5мин Шығарманың авторы – Мамытбек Қалдыбаев. Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қызыл Жалау ауылында дүниеге келген – ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты. Оқытушылық қызмет атқарған. «Көпір», «Қанат қақты», «Айна» т. б. өлеңдер жинақтары, «Ол неге ұялды?», «Мерей», «Ай туып келеді», «Бәйдібек баба арманы» деген тақырыптарда әңгімелер, повесть, романдар жазған.

Алдымен елік деген қандай жануар екенін біліп алайық. Аудиожазба (тыңдау)

- Елік (косуля) – дене бітімі әдемі және жеңіл кішкентай жануар. Өзендердің жайылма алқабында, орманды далалы жерлерде өмір сүреді. Бұлар кішігірім үйірімен жүреді. Жүріп келе жатып, қауіпті сезсе желге қарсы жата қалады екен.

Еліктер көктемде төлдейді. Баласын лақ дейді. Екі лақ кейде үш лақты дүниеге әкеледі.

Қауіпті сезе қалса, зыта қашып келе жатқанда құйрығын жоғары көтеріп, ақ жағымен лағын жасырады. Лақтарына жол сілтеп отырады. Еліктер шөптер мен ағаш бұталы өсімдіктер, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді, тәттіні жақсы көреді. 11-16 жыл өмір сүреді. Облысымыздың солтүстік бөлігін мекендейді.

Мәтінмен жұмыс 15-мин Мәтінді мәнерлеп оқу.

« Түртіп алу » стратегиясы.

Мәтінді өздігінен оқи отырып, түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.

Тоңазытады, сая, сүйей салып, ақылға жеңдіреді т.б



Сөздік жұмыс (дәптерге жазу)
Шоқы - тік, биік төбе
Нысаны - көздеп ататын жер
Қарауыл - күзет

Топтық жұмыс.5мин Кластермен жұмыс (қорғау,коллаж)

1 топ Аспанның ашық күні Түймебай аңға шықты.

2 топ Алдынан бір нәрсе көрді де қалт тұра қалды.

3 топ Кедергі келтірген қарғаға ызаланды.

4 топ Еліктің лағын көріп қалып мылтығын тастады

Әр топ бөлім мазмұнына сай постер (коллаж)құрады



Сергіту сәті (видиоролик) 1 мин қуыршақ

Топтық жұмыс 5мин

  1. Топ Аңшының сырт бейнесін суреттеу

Қолында таяқ , иығында мылтық, дүрбі, белінде торсық

  1. Топ Аңшының іс-әрекетін суреттеу

Өрмелей бастады, таяғын сүйеді қолына мылтығын алды, қарғаны көрді, ызаланды ашуын жеңді, елікті көрді, нысанаға алды, мылтықты жерге түсірді.

3-Топ Аңшының көңіл күйін  суреттеу

Үміттеніп келеді, сақтанды, ызаланды, сабырланды, қуанды, үміттенді, мейірленді

4- Топ Аңшының қолындағы заттарды топтастыру.
Өлең құрастыру

.... лағым

... бұлағың.

Су іше ғой, қанеки

...... тұрамын.
Қорытынды:5мин жануарларды қорғап, аялап, сүю керек. Өйткені олар біздің кіші достарымыз.
VІІ. Үйге тапсырма 1мин «Еліктің лағы» мазмұнын айту,Тыйым сөзді жаттау,мағынасын ашу .242-243 бет

VІ. Бағалау.2мин



Кері байланыс: 1мин «Сәттілік баспалдағы» (бір түсті стикерлерді жабыстыру)
Бағалау парағы:

Оқушының

аты-жөні


Мағынаны

тану


Постермен

жұмыс


Суреттеу

Жалпы ұпай




Белсенділік таныту керек

Мазмұнын

ашу


Аңшының бейнесін

толық


суретеу





Бал 0-3 ке дейін

8-9 балл -5

6-7 балл-4

4-5 балл-3


Топ басшысы - бағалаушы.

Спикер – қорғаушы



Таймспикер – уақытты қадағалаушы
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰнанбаев «ҚАР» С. Шаймерденов»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: ас атасы нан сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Раздольный ауылы Раздольный орта мектебі Химия,биология пәнінің мұғалімі Асылхан Сайра
Razrabotkaurokov -> Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Razrabotkaurokov -> Ақжанова Асемгуль Ботабаевна Красный Яр №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Razrabotkaurokov -> Каженова Динара Жангалиевна дене шынықтыру нұсқаушысы Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» мкқК




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет