Сабақтың тақырыбы: Дәнді дақылдарды өсірудің қарқынды технологиясы, оны жинау әдістері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 49.08 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі49.08 Kb.
түріСабақ

Пәні

Технология 8-сынып

Өтетін күні:

3.10.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Дәнді дақылдарды өсірудің қарқынды технологиясы, оны жинау әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларда дәнді дақылдар туралы білімді қалыптастыру, қарқынды технологиясы және оны жинау әдістері туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Танымдық белсенділікті дамыту, сондай немесе басқа құралдармен жұмысты өз бетінше атқара білу.

Тәрбиелік мақсаты: Бірлескен еңбек әрекеттерінің құндылығын сезіне білуге оұушыларға көмектесу.

Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұны мен таныстыру.

Сілтеме

Оқулық 8-сынып, слайд, суреттер, видеоролик.

Оқыту әдістері

жеке жұмыс

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ғылымның ауыл шаруашылығының дамуына әсері. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, зиянкестер мен ауырулардан қорғау үшін улы емес құралдарды пайдалану.

ІІІ.Жаңа сабақ

Дәнді дақылдарды өсіру – адамзатттың шаруашылық қызметіндегі маңызды сала.

Дәнді дақылдар – негізгі азық – түлік өнімі, көптеген өнеркәсіптік салалар үшін шикізат және ауыл шаруашылығы жануарлары үшін азық болатын дән өнімдерін алу үшін егіп өсірілетін өсімдіктер тобы.

Дәнді дақылдар астықты және дәнді – бұршақтық болып бөлінеді. Астықтық дәнді дақылдарға бидай, күріш, арпа, жүгері, қарабидай, сұлы жатады.



Астық шаруашылығы – Қазақстан егіншілігінің басты саласы. Қазақстан – әлемдегі аса ірі астық өндіруші елдердің бірі. Соңғы жылдарда дәнді дақылдарды егу, ауыл шаруашылығы дақылдырдын егудің жалпы ауданың 80%-ын құрады. Елімізде шамамен 13 – 20 млн тонна астық өндіріледі. Астықтың орташа өнімділігі – 10 – 13 ц/га.

Дәні дақылдарды өсіру технлогиясы.

Дәнді дақылдарды өсіру технологиясы төмендегі шаралардан тұрады:



  1. Топырақты өңдеу: жырту, тырмалау, тұтас қопсыту, домалату;

  2. Дәнді және дәнді – бұршақтықтарды құрама агрегаттармен егу;

  3. Егінге күтім жасау: көктеп шыққан өсінділерді тырмалау, егінді домалату;

  4. Өнімді жинау: дәнді дақылдарды орып дестелеу, оларды жинап алу.



Ауыспалы егіс – дәнді даөылдарды өсірудің қарқынды технологиясындағы ең басты түсініктердің бірі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген түрде, кезекстестіріп (егістік орнын) егуді ауыспалы егіс деп атайды (2 – сурет).



Егу – арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу. Дәнді дақылдарды егу кезіндегі тиісті сұрабын таңдау өте маңызды. Жоғары сапалы сұрапталған тұқымдықтар – мол өнімнің негізі. Сұрап – агротехникамен қатар, өнімділікті арттырудың басты көзі. Кейбір жағдайларда жоғары және тұрақты өнім алу үшін шешуші маңыздылыққа ие. Өте жақсы сұраптардан таңдалған тұқым топырақтың құнарын толығырақ пайдаланады, барлық басқа тең жағдайлардың өзінде сапалы дәннің жоғары өнімін бере алады.

Қазақстанның аумағында бидайдың 82 сұрабы өсіріледі. Оларға Шортанды – 95, Астана – 2, Дамсинск – 90, Корона, Қарабалық жатады.





Өнімді жинау әдістері. Дәнді дақылдарды өсімдік күйіне, сұрыбына, топырақ – климат жағдайына сәйкес комбайнмен бір фазалы (ікілей комбайн салу) немесе екі фазалы (бөліктеп жинау) әдістерімен жинап алады.

Бір фазалы әдіс. Тікелей комбайн салу арқылы біркелкі пісіп жетілген, аз ластанған, сиректелген және төмен бойлап өскен өсімдікті жинап алады. Жинауда дән толық піскеннен кейін, ылғалдылығы 25% -дан артық болған жағдайда орындайды.



Екі фазалы (бөліктеп жинау) әдісі. Дестелегішпен сабақтарынан шауып алады, оларды егіс даласына дестелеп тастайды. Дестелеген сабақтары қурайды, олардың құрамындағы қоректік заттардың есебінен дән пісіп жетіледі, іріленеді, тығыздығы артады. 4 – 6 күннен кейін оларды астық жинаушы комбайнмен жинап алады және ұсақтайды. Жинау ылғалдылығы 25 – 35%, орташа ақшыл – сұр тартып пісіп жетілуге жеткеннен кейін, бірфазалыға қарағанда 4 – 12 күн ерте басталады.

Дәнді және техникалық дақылдардың кейбір түрлерін тыңайтқышпен қоректендіру нормалары

1 – кесте

Дақылдар

Көң, шымтезекті – көң қордасы

Суперфосфат

Калий тұзы

т/га

кг/м2

ц/га

г/м2

ц/га

г/м2

Жаздық бидай

20-30

2-3

1,5-2,0

15-20

1,0

10

Жаздық қарабидай

20-30

2-3

1,5-2,0

15-20

0,5-1,0

5-10

Жүгері

30-40

3-4

1,0-1,5

10-20

1,0

10

Қант қызылшасы

20-30

2-3

2,0-3,0

20-30

1,0

10

Картоп

30-40

3-4

1,0-1,5

10-15

0,5

5




ІV. Қорытынды

  1. Дән дегеніміз не және оны қалай қолданады?

  2. Дәнді дақылдар қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Астық дақылдарын атаңдар?

  4. Қазақстан үшін дәнді дақылдар өндірісінің маңызы қандай?

  5. Дәнді дақылдар өсіру технологиясының операцияларын атап шығындар?

  6. ҚР-да бидайдың қандай сұраптары өсіріледі?

  7. Дәнді дақылдарды жинаудың әдістері туралы айтып беріңіздер?

V. Үй тапсырмасы

§2. Дәнді дақылдарды өсірудің қарқынды технологиясы, оны жинау әдістері.

VІ. Бағалау.

: uploads -> doc -> 0c0f
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0c0f -> Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер,диск




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет