Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Әдібай Табылды Сыныбы: 3 Сабақтың мақсаты



жүктеу 33.93 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі33.93 Kb.
түріСабақ
Алматы қаласы Әуезов ауданы

104 жалпы білім беретін мектептің



бастауыш сынып мұғалімі

Алмабекова Арайлым Асылбекқызы


Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Әдібай Табылды

Сыныбы: 3

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды дақылдардың түрлерімен таныстыру, оның пайдасы туралы айтуда білімдерін арттыру.Өлеңнің негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

2.Дамытушылық:Өлеңді түсініп , мәнерлеп оқуға, шапшаң оқуға баулу. Өз беттерімен түсініктерін жеткізуде тіл байлықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс, сахналау.

Көрнекілігі: Дақылдар суреттері,карта, ребус, мақал-мәтелдер, диафильм.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабағыңды жөндеп,


Әзірленсең – еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

ІІ. Үй жұмысын сұрау:

Сыныпты 5 топқа бөлу:

І-топ: «Қызанақ»
ІІ-топ: «Жер»
ІІІ-топ: «Жаңбыр»
ІV-топ: «Күн»
V-топ: «Адам»

«Алғыс» мәтінін сахналау арқылы үй тапсырмасын сұрау.Әр топ үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.

2-3 оқушы үйден жазып келген «Мектепке алғыс»тақырыбындағы мысалдарын оқиды. Оқушыларды мадақтау, бағалау.

-Балалар,табиғатта жасыл желекке нелер жатады?

-Өсімдіктер,ағаш, гүл, жапырақ т.б.

-Осы өсімдік түрінің бірі – дәнді дақылдар екен.Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз осы дақылдар жайында болмақ.



ІII. Жаңа сабақ.

Топ жаңарту :

І-топ: «Бидай»


ІІ-топ: «Арпа»
ІІІ-топ: «Тары»
ІV-топ: «Сұлы»
V-топ: «Күріш»
Дақылдар әні. Әдібай Табылды

1) Өлең авторымен таныстыру.

Ә. Табылдиев 1926 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы», «Алғыс» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

2) Дақылдар әнін сахналау арқылы түсіндіру.

3) Картамен жұмыс.

Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.

4) Оқулықпен жұмыс: Мақсатты оқу әдісі:


  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?
    Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс — құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?
    Арпатуралымәнерлепоқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?

  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?
    Сұлытуралыөлеңдімәнерлепоқыту.

  1. Осы дақылдардыңішінде суды өтекерекететіндақылтуралықай шумақта айтылған?
    Күріштуралымәнерлепоқыту.

5) Оқушылармен жұмыс:
Жұмбақтар шешу.

Ақын әр дақылдың қасиетін қалай сипаттайды ?


Сенің ауылыңда осы дақылдардың қайсысы көбірек өседі ?
Оларды күтіп өсіруге сенің қолғабысың қандай ?
«Ребус шештіру»: Әр топ өздеріне берілген ребустарды шешеді.

6) Дәптермен жұмыс:


Мақалды жаздыру:
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Топтастыру: Дақылдардан жасалатын тағамдар

Сергіту сәті:
Жайқалған биік бидаймын,
Халқыма азық сыйлаймын.
Сіңірген еңбек мен үшін
Алады алғыс біз үшін.

ІV. Қорытынды:
«Бес жол» өлеңі:
Дақыл
Қатты, өнімді
Өседі, піседі, қоректенеді.
Дақыл – адамға пайдалы өсімдік.
Дән.

V. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.Дәнді дақылдардың суреттерін салу.

VI. Бағалау.Әр топ басшысыбағалау парақшасын толтырады.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет