Сабақтың тақырыбы: Бөлме жағдайында көшеттер отырғызу. Сабақтың мақсаты



Дата20.03.2017
өлшемі48.18 Kb.
түріСабақ
Күні:_____________2016ж

Жасы:____________



Сабақтың тақырыбы: Бөлме жағдайында көшеттер отырғызу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: биология пәнімен байланыстыра отырып, оқушыларға бөлме гүлдерін өсіру, көбейту, күтіп баптауды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен ынтасын, талабы мен іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, эстетикалық талғамын шыңдау арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, слайдта тапсырмалар.

Керекті құрал –жабдықтар: Жәшіктер, түбек, пияз, гүл нәлі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққақа тысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.



ІІ. Үй тапсырмасы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Қорытынды

Өткен сабақты қайталау.

- Бөлме гүлдерін атаңдар?

- Кандай гүлдер адамның көңіл-күйіне әсер етеді?

- Бөлме гүлдерінің адам денсаулығына жақсы әсер ету үшін не істеу керек?
Жаңа сабақты түсіндіру

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (наурыз-сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.


Гүл отырғызудың қыр-сыры.

Бөлме ішінде, терезе алдына қойып өсіретін гүлдер өте көп, әсіресе, орхидея, цимбидиум, милтония, каланхоэ, қоңыраугүл, фиттони, бегоний, фиалка, сенполия, бальзамин, эхмея, спатифиллум, рододендрон, жапондық аралия, пеперомио, раушан (роза), фуксия тәрізді гүлдерді көптеп өсірген жөн. Олар әр бөлмеге өзінше әр беріп, адамдардың демалу қабілеттерін арттырады, шаң-тозаңды бойына тартып,ауа тазалығын сақтауға көмектеседі.



Гүлдердің жақсы өсуіне таза ауа мен бөлме температурасының бір қалыптылығы аса қажет. Десек те кейбіреулері күн көзін я болмаса салқын ауаны ұнатпайды. Тәулік бойы түсіп тұратын күн көзін тек қалың жапырақты, жазық жағалардан,тропикалық аймақтардан әкелген бұталы гүлдер ғана көтере алады. Олар бөлме температурасы жылы болса, күн көзін онша қажет етпейді, ал жарық міндетті түрде керек. Қыс мезгілдерінде салқын температура жеткілікті, әрі оған олар төзімді келеді. 

Гүлдерге терезе шынысының да пайдасы болып жатады: Терезе шынысы-қызғылт, қызылсары, сары, көзге көрінбейтін күлгін, инфрақызыл сәулелер түсіріп, гүлдердің қалыпты өсуіне күн көзінен жылылық нұрын төгіп тұру үшін пайдалы. Бірақ өсімдіктің көбеюі мен бүршік атауына көк, күлгін (фиолетовый), ультрафиолетовый түстер күн көзін өткізбейді. Сондықтан үй өсімдіктерінің әлсін-әлсін таза ауаға шығарып тұрған дұрыс. Үйде өсіретін гүлдерді қоректендіретін арнайы тыңайтқыштар дүкендерде сатылады. 

Топырақ дайындау: Орхидея отырғызуға кәдімгі жай топырақ жарамайды Сондықтан бұл гүлді отырғызатын топыраққа қарағай мен емен тамырларынан, ағаштың қабығы мен шымтезек ,көмірдің күлін қосып арнайы тыңайытқыш дайындалады. Енді осы топыраққа марганцовка қосылған су құйып, бір кептіріп алады. Топырақтың бетіне мүк салса,топырақ ылғалдығын жоғалтпай, үнемі дымқылданып тұрады .Гүл отырғызатын ыдысқа ауа кіретін тесік қалдыру қажет. Ауамен тыныстаған топырақта өсімдіктің тамырлары кең жайылып жатады. Ал ауа жоқ ыдыста гүл кеуіп қалады. Бұл тропикалық өсімдікті 3-4 жылда бір ауыстырып отырады . 

Гүлді баптау әдісі: Орхидеяның сабағы мен гүл сабағы да тым ұзын болып биіктеп өседі. Сиреп өскен тұстарының сабағы мен гүлін  бастарынан 1-2 жапырақ пен 1-2 гүл қалдырып, арнайы қайшымен қырқып, қысқартып отырады. Осындай әдіспен күтіп-баптаған гүлдің бойындағы гүлсидамдары гүл атып, ары қарай жайылып, құлпырып өседі. 

Гүл отырғызушыларға кеңес: Гүлді бір тармағын я болмаса бұтағын су құйылған ыдысқа салып, тамырландырады. Гүлден алынған тұқымдық бұтағын күнге-желге тигізбей жеткізе аламыз ба? Минералды судың пластик ыдысының жоғарғы жағын кесіп алады, жартысын жаңағы алынған тұқымды орнатып, шамалы су себеді. Ыдыстың бетін кесіп алынған өзінің қақпағымен жауып, алып жүруге болады. 

Гүлді көбейту үшін ыдысқа тыңайтқыш қосып өңделген топырақ салып, тамырланған қалемшені орналастырады. Жанына шыбықталған тірек ағаш қадап, әбден орныққанша байлап қояды. Топыраққа орнаған соң тым артық ұзарып өскен сабақтарын қырқып, қысқартып отыру қажет. 

Гүлді ажыратып, көбейту әдісі: Гүлді ыдыстан түсіріп алып, бірнеше буынға бөліп, жеке-жеке отырғызады.Тек тамырына зақым келмесе болғаны. 
Қорытынды: Біржылдық өсімдіктер балкондар мен лоджияларды гүлдендіруде өте көп қолданылады, өйткені олар климаттық өзгерістерге мән бере қоймайды, сондықтан да оларды егу оңай болып келеді. Сонымен қатар олар өте сәнді болады. Міне, осы сияқты барлық гүлдерді бөліп ажыра білуіміз керек.

Тексерілді:_____________
Каталог: uploads -> doc -> 11cf
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
11cf -> Бастапқы бақылау жұмысы
11cf -> Т. Шванн Н. К. Кольцов О. Вернер
11cf -> Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрылысын қайталауға тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет