Сабақтың тақырыбы «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазудағы сауаттылықтарын арттырудың жолдары»



жүктеу 49.16 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі49.16 Kb.
түріСабақ
Коучинг-сессиияның тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазудағы сауаттылықтарын арттырудың жолдары»



Сабақтың тақырыбы

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазудағы сауаттылықтарын арттырудың жолдары»

1

Тыңдаушылар

Педшеберхана мүшелері

2

Мақсаты

Оқу мен жазудағы сауаттылықты арттырудың мақсаты, негізгі ұғымдары, әдіс тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

3

Міндеті

Коллабративтік орта құру

4

Күтілетін нәтижесі

Оқу мен жазудағы сауаттылықтарын арттырудың жолдарын біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануы

5

Құрал-жабдықтары

Экран (интерактивтік тақта), бейнеролик, презентация, флипчарт, маркер

6

Түйінді идеялар

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н.Назарбаев









Коучинг сессияның өту барысы

Уақыты

Коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

1 минут

Коуч қатысушылармен амандасып, тақырып пен мақсатты айқындайды

Қолайлы ахуал туғызу

Топқа бөліну

3минут

Өзіңнің жұлдызыңды тап. Тақтағы әртүрлі түстегі және түрдегі жұлдыздар жапсырылады. Шарты: Көздеріңді жұмып, әркім өзің қалаған қалыпты сақтап бос отырыңдар. Терең тыныс алып және тыныс шығарыңдар. Көз алдарыңа менің айтқанымды елестетіңдер. Түн. Аспан толы самсаған жұлдыздар! Маңай қап-қараңғы жұлдыздардың көптігі сондай қолмен ұстағың келеді. Жұлдыздардың бірі үлкен, бірі кішкентай, бірі жарық, бірі қараңғы. Біреулерің үшін бұл бір немесе бірнеше жұлдыз, ал енді басқаларың үшін – көптеген жарқыраған нүктелер. Бұл жұлдыздар бірде саған жақындайды, бірде сенен алыстайды. Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзінің ең жарық, ең әдемі жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің де, сенің де, ең жарық, ең әдемі жұлдызың, тек қана сенікі! Ол мүмкін сенің бала күнгі арманыңа ұқсас шығар, мүмкін саған ең бақытты, көңілді, жетістікке жеткен сәттерді есіңе түсіретін шығар. Тағы да өз жұлдызыңа сүйсіне қарап, оған қолыңды созып жетуге тырыс. Бар күшіңмен жетуге тырыс! Және сен міндетті түрде өз жұлдызыңа жетесің.Оны аспаннан алып,өз алдыңа қой,жақынырақ қарашы,ол қалай көрінеді? Түсі қандай екен? Осы ең әдемі ең жарық жұлдызды алақаныңа қой да ішіңе жұт, жүрегіңе қондыр. Ол саған үлкен күш, қуат әкеледі. Аппақ ақ адал жұмысты бастауға, алдағы мақсаттарыңа жетуге күш береді. Терең тыныс алыңдар, мен 5 деп санағанда көзіңді аш. 1, 2.. сен дүниедегі ең мықты, ең дарынды мұғалімсің. 3, 4 ..сенің жетістіктерге жетуге барлық күшің, жігерің де жетеді. 5. Ал енді көздеріңді ашып, тақтадағы жұлдыздардың ішінен өз жұлдызыңды тауып ал да, сүйсіне қара. Бұл жұлдыздар біздің әрбір кездесуімізде жарқырап, жылылық, мейірімділік, достық, жақсы қарым-қатынас сыйлап тұрады. Ал, кездесуден соң оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Ол сендерді табыс жолында бастап барлық сынақтар мен өмірде жетелеп бірге жүреді.

Жұлдыздардың түсіне қарай топқа бөлу




Қызығушылықты ояту


10 минут

Оқудың түр-түрі болатынын білесіз бе? Білмесеңіз қызықты фактілерге назар аударып көріңіз.

1. Максим Горький минутына төрт мың сөзден оқыған.

2. Сталин бір күнде 400 беттен оқыған және оны өзі үшін ең төменгі көрсеткіш деп есептеген.

3. Т.Эдисон 2-3 қатарды бірден оқыған және әр парақта не жазылғанын есінде жақсы сақтаған.

4. Ғалымдардың айтуынша, жылдам оқу көзді талдырмай, баяу оқығанмен салыстырғанда.

Адамзат баласының 95 пайызы баяу оқиды, минутына 280-220 сөз ғана (бір бетті 1,5-2 минут аралығында). Баяу оқыған кезде мәтіннің 60 пайызы, жылдам оқығанда 80 пайызы есте қалады.

7. 60 минуттың 57 минутында оқушы көзі мәтінде болады.

8. Бальзак 200 беттік романды жарты сағатта оқып бітірген.

9. Оқу кезінде адам көзі түрлі әріптерге түсіп, әр түрлі кескіндерді береді. Алайда, ми олардың барлығын біріктіріп, бір сурет етіп шығарады.

10. Э.Гаон деген адам өзі оқыған 2500 кітапты сөзбе-сөз жатқа білген.

11. Баяу оқитын адам мәтіннің бір қатарында 12-16 рет тоқтайды, жылдам оқитын адам 2-4 рет.

12. Н.А.Рубакин өз өмірінде 250 мың кітап оқыған.

13. Мектеп оқушысы бір қатарды оқығанда 20 рет шатасады, студент 15 рет.

14. Наполеон минутына екі мың сөз оқыған.

Мәтінмен жұмыс . Кедергімен оқу үшін ортасынан бөлінген бет беріліп, жартылай берілген мәтінді оқып ойды ұғу қажет


Сергіту сәті

10 минут

«Сұраққа-сұрақ»

-Сен бүгін театрға барасың ба?

- Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.

- Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды



-Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба

-Мынау егіс күздік пе, жаздық па?

-Келгелі не істедіңіз? 


Мағынаны тану

10 минут

Сұрақтар бойынша жұмыс Мәтін бойынша жұмыс жасауға келесі сұрақтар деңгейі ұсынылады.

1-сұрақ


Әңгімеде Мариям қай жерде тұр? Жалғыз әйел қай жерде орналасқан?

а. Толқыған теңіздің жағасында а. Алатаудың биік шыңында

в. Үлкен тастың үстінде в. Кішкене қайықта

с. Алатаудың бауырында с. Толқыған теңіздің жағасында

д. Ағын судың жағасында д.Долы, түпсіз толқынның құшағында

е. Алматы шыңында

2-сұрақ

Жолдасының: "...Рембрандт, Рафаель, Роберт Оуэн, Полсинак, Илья Репин, Серовтың осындай натуршицасы болып па еді? "-деп сұрау себебі не?



3-сұрақ

"Бұған біздің қазақ әйелдері әдемі дәлел бола алады..."-деген соңғы сөйлемдегі автордың ойын қалай, қандай дәлелдер келтіре отырып аяқтар едің?



Бағалау







Рефлексия

5 минут

1. Не жоспарланды?

2. Неге қол жеткіздік? (тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар, қандай сезімде болдыңыз.)



3. Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)




40 минут




: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет