Сабақтың тақырыбы Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы. Сілтеме



жүктеу 91.54 Kb.
Дата18.06.2018
өлшемі91.54 Kb.
түріСабақ

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі

Шарапатдинова Мирихан

Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

8 «Г» сыныбына арналған физика пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы

Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.

Сілтеме

Электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері, тәжірибе құралдары.

Жалпы мақсаттар

Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергиясының өзгеруі, бірақ балқу және қатаю бірдей температурада жүретіндігіне көз жеткізу,ішкі энергиясының өзгерісін молекула-кинетикалық тұрғыдан түсіндіру, теориялық білімдерін одан әрі дамыту және тереңдету, тәжірибе жүргізу арқылы тақырыпты ашу, диалогтік оқытуды қолдану арқылы балқу кезінде отынның энергиясы қайда жұмсалатындығын, ішкі энергия туралы түсінігінің толығып отыруын яғни сыни тұрғыдан ойлауды басшылыққа ала отырып білімін кеңейту, балқу және қатаю температурасынын мағынасын түсіну, меншікті балқу жылуының мағынасын түсіндіру, формулаларды жамында сақтау, есеп шығару үшін логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру; қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру.

Оқыту нәтижесі

Ойды жүйелі жинауға үйренеді. Формулаларды жадында сақтауға ұмтылады.Күнделікті өміріміздегі және техникадағы маңыздылығына көз жеткізеді. Ғылыми көзқарасы қалыптасады. Қосымша деректермен жұмысжасауды үйренеді, өз біліміне есеп беріп,өзге топтарды тыңдауды үйренеді,топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.

Негізгі идеялар

Балқу және қатаю температурасы бірдей болса да, ішкі энергияның өзгеруі, меншікті булану жылуының заттың құрамына байланыстылығы.

Тапсырмалар

1-тапсырма. Оқушыларды топтарға бөлу.

2-тапсырма. Тәжірибе жасау. Тәжірибеге байланысты өз пікірлерін постерге салу /5мин/

3-тапсырма.

1 топ. Балқу кезінде отынның энергиясы неге жұмсалады?

2 топ. Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады?

3 топ. Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады?

/10 мин/

4-тапсырма.

Деңгейлік тапсырмалар, жаттығу және есептер шығару

1 топ.

Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?

20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?

20°C -та 150г қорғасынды балқыту үшін 2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқытама?

2 топ.

Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?

20°C -тағы 200 г парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?

0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен?

3 топ.

Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?

0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C

суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?

20°C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? 0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады?

/15 мин/


5 тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1 топ.2 кг алюминийдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

2 топ.2 кг мыстың балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

3 топ.2 кг темірдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

/5 мин/


6- тапсырма.Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау.

/3 мин/



Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру,

9 жаттығу есептерін шығару.



Кері байланыс

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау



Қорытынды

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды




Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

1-тапсырма. Оқушыларды топтарға бөлу. 1,2,3,4,5 деп санау арқылы санату және 1 деген оқушылар 1 топ, 2 деген оқушылар 2 топ т.с.с. топтарға бөлінді.

2-тапсырма.Тәжірибе жасау. Мұзды жылытып, ерітеміз. Тәжірибеге байланысты өз пікірлерін постерге салды.

3-тапсырма.


  1. топ. Балқу кезінде отынның энергиясы неге жұмсалады?

Асима:

-Толық балқыту үшін немесе балқу температурасына жеткізу үшін кетеді.

2 топ. Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады? Нұрдәулет:

-Себебі балқу және қатаю температурасы бірдей

3 топ. Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады? Саламат:

-Өндірісте және техникада құрылыс материалдарын жасайды, мысалы, автомашинаның бөліктерін, құймаларды жасайды.

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар, жаттығу және есептер шығару

1 топ.


Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?

20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?

20°C -та 150г қорғасынды балқыту үшін 2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқыта ма?

1 топ деңгейлік тапсырманың және есебін шығара алды. Айдана шығарды.

2 топ.

Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?



20°C -тағы 200 г парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?

0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен? 2 топ барлық есептерін шығарды. Нұрдәулет шығарды.

3 топ.

Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?

0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C

суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?

20° C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? 0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады? 3 топ есебін және есебін шығара алды. Айзада шығарды.

5 тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1 топ. 2 кг алюминийдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

2 топ. 2 кг мыстың балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар.

3 топ. 2 кг темірдің балқуы үшін 4 кестеден пайдаланып жылу мөлшерін табыңдар. Барлық топ кестемен өте жақсы жұмыс жасады.

6-тапсырма.Интертақтада Эйлер-Венн дөңгелегін жасау.

2 топтан Сали балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергия мен температураның айырмашылығын көрсетті.

Кері байланыс жасау үшін оқушылар өздерін-өздері ауызша, топтар бір-бірін бағалау үшін қызыл парақша «5» бағасын, жасыл парақша «4» бағасын, сары парақша «3» бағасын білдіретін әр топқа парақшалар берілді. Топтар бір-біріне парақшалар беру арқылы әр тапсырманы орындауын бағалады. Әр топқа парақтардың орташа бағасын шығарып баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және мен дарынды балалар байқалды, яғни, Нұрдәулеттің, Айдананың, Айзаданың белсенділігі байқалып отырды.

Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылды. Үйге

тапсырма берілді. Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру,

9 жаттығу есептерін шығару.








27.04.2013ж

6-күн 2-сабақ

Сынып

7 «А»

Пән

Физика

Сабақтың аты

Күш моменті.Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар.

Жалпы мақсаты

Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып,күш моменті. айналатын дененің тепе-теңдік шарты, иінді таразылар түсінігін қалыптастыру, диалогтік оқыту әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.

Сілтеме

Электрондық оқулық,слайдтан тапсырма көздері,ресурстар


Оқыту нәтижесі

Тақырып мақсатын түсінеді.Ойы толығады.Күнделікті өміріміздегі және техникадағы маңыздылығына көз жеткізеді.Әрекетті сыни бағалауды үйренеді,пікірлерін айта алады,өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады,көпшілікте өзін-өзі реттейді,басқа топтардың жауаптарын тыңдайды.

Негізгі идеялар

Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы толық механикалық энергия.Дененің ауасыз кеңістікте құлауы кезінде механикалық энергияның тұрақтылығының дәлелі. Толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету

Тапсырма көздері

Топтарға арналған тапсырмалар:

Тапсырма №1.Топқа бөлу.

Тапсырма №2.Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдерін қалай меңгергендігіне байланысты ой-қозғау сұрақтарын беру,диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу

Тапсырма №3.Сұрақтар жазылған ресурстар таратам постер арқылы қорғау.

Тапсырма №4.Есептер шығару.

Тапсырма №5.Топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау.



Міндеттері

Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, шығармашылыққа және ойлану қабілетін дамыту

Кейінгі тапсырма

Күш моменті.Айналатын дененің тепе-теңдік шарттары.Иінді таразылар.



Блум таксономиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білім

  • Топқа бөліну

  • Оқушыларды жылдың төрт мезгілі бойынша топқа бөлу. 1.Қыс.

2.Көктем.

3.Жаз.


4.Күз.

  • Көшбасшыны тағайындау. Бағалау житондарын беру.



Оқушы топқа бөлінеді

Оқушылар өздері топ басшыларын таңдайды.Көшбасшы бағалайды.




Түсіну

Сұрақ қою арқылы қызығушылықты ояту:

1)Жұмыс.Жұмыс бірліктері.Істелген нақты жұмысты қандай формуламен есептейді?

2)?


Сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісі қолданды.

Қолдану

Слайд бойынша түсіндіру:

Бағанды диаграмманы бір шаманың әр түрлі сан мәндерін салыстырып кескіндеу үшін пайдаланамыз.Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтықтарда, орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады.






Талдау

1-топ.Бүгінгі Ақтау қаласының таңертеңгі,түскі, кешкі, түнгі ауа райының баған диаграммасын кескіндеу.

2-топ.Үстірт қорығындағы жануарлар, сүтқоректілер, құстар,өсімдіктер туралы баған диаграммасын құру.

3-топ.Маңғыстаудағы ірі кен орындары қорының пайыздық мөлшерінің диаграммасын құру.


Берілген есепті топта шығырып келесі топқа ес картасы боынша түсіндіреді.

Жинақтау

Диаграмма сөзін ағылшын тіліне аударыңыз?

Сергіту сәті: «Қай топтың есте сақтауы күшті?»






Бағалау

Көшбасшы:

Оқушыларды салыстыру арқылы фомативті түрде бағалайды.Топты бағалаймыз.Көшбасшыны бағалаймыз.

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет