Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы. Нитраттар Жумалиева Қарылғаш Тұрмұханқыз



жүктеу 48.16 Kb.
Дата21.06.2018
өлшемі48.16 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы.Нитраттар

Жумалиева Қарылғаш Тұрмұханқызы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық №2 орта мектебінің

Химия пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Азот қышқылының алынуы, физикалық – химиялық қасиеттері; тұздары, қолданылуы, азоттың табиғаттағы айналымы туралы жаңа білім беру.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпқа сай материалды ойлауға, білімді игеруге мүмкіншілік жасай отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдық, жауапкершілік, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ типі: Жаңа білім мен дағдыны меңгерту.

Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, әңгімелесу, зертханалық тәжіребилерді пайдалану, оқулықпен жұмыс, әр түрлі көрнекіліктер мен оқыту құралдарын пайдалану.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, биология, математика.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, атом модельдері; реактивтер: Азот қышқылы, ақуыз.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру

Класты 3 топқа бөлу.

II.Негізгі бөлім.

1.сабақ тақырыбы, мақсаты.

«2030 жылдың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркетейік,

Химияны оқу парызымыз.» дей келе, сабағымызды бастаймыз.

2.Үй тапсырмасы тексеру («Ой шақыру» кезеңі).

Азот оксидтері.

Сұрақтар:

1.Азоттың қандай оксидтерін білесіздер?

2.Азоттың (II), (IV) оксидтерінің физикалық қасиеттері, молекулалық құрылымдық формуласы?

3.Азот(IV) оксиді суда ерігенде қандай заттар түзіледі? (реакция теңдеуін жазу)

4.Азот(IV) оксиді су және оттегі қатысында қандай заттар түзіледі? (реакция теңдеулерін жазу)

III Жаңа тақырып меңгеру.

ББҮ кестесін толтыру

Білдім

Білемін

Үйрендім












Сатылай кешенді талдау технологиясы.

Азот қышқылы, молекулалық, құрылымдық формуласы.

Алынуы: а) зерханада

2NaNo3+H2SO4=Na2SO4+2HNO3

б)өндірісте

Қасиеттері: а)физикалық (тығыздығы-1,51г/см3

Қату t-420С

Қайнау t-860С

в)химиялық

1.4HNO3=4NO2+O2+2H2O

2.MgO+2HNO3=Mg(NO3)2+H2O

3.Mg(OH)2+2HNO3=Mg(NO3)+2H2O

4.Күшті тотықтырғыш

5.Металдармен әрекеттесуі

Cu+4HNO3=Cu(NO3)+2NO2+2H2O

Cu+8HNO3=3Cu(NO3)+2NO+4H2O

6.Сr,Al,Fe,Pt,Au+HNO3= «пассивтену»

«патша сұйықтығы» HNO3+3HCl

Au+HNO3+3HCl=AuCl3+NO+H2O

Қолданылуы:2сызбанұсқа 60-бет

Нитраттардың химияляқ қасиеттері

1.2KNO3=2KNO3+O2

2.2AgNO3=2Ag+NO2+O2

3.Нитраттардың суда ерігіштігі Э/О

Қолданылуы минералды тыңайтқыштар

Шыны қайнату

AgNO3(ляпис)хлор ионды анықтау

Азоттың табиғаттағы айналымы.

Сергіту сәті.

IV.Бекіту .

1.(Кім жылдам) ойыны. Тест тапсырмалары.

1.Азот қышқылы қандай заттармен әрекеттеседі:

А)HCl,CO2,H2SO4 Ә)H2SO4,SO2,Pt

Б)MgO,KOH,K2CO 3 В)NaCl,CaCl2,NH4Cl

2. Мына тұздардың қайсысы азот қышқылының тұздарына жатады:

A)CaSO4,Na2SO4,MgSO4 Ә)KNO3,Cu(NO)3,AgNO3

Б)K3PO4,AlPO4,Ca3(PO4)2 В)NaCl,CaCl2,NH4Cl

3. Мына тұздардың қайсысын қыздырғанда MeO,NO2,O2 түзіледі:

А)KNO3,NaNO3 Ә)Zn(NO3)2,Fe(NO3)2

Б)HgNO3,AgNO3 В)HNO3,RbNO3,NaNO3?

4.Мына төмендегі теңдеулердің қайсысында нитрат түзіледі:

А)NO2+KOH= Ә)MgO+HCl=

Б)SO2+NaOH= В)Mg+HNO3=

5.Қай металдардың,иондардың тұздарын селитралар деп атайды:

А)Mg,Ag,Au Ә)K,Ca,NH4 Б)Al,Hg,Fe В)Cr,Sn,Zn?

2.Кубизм стратегиясы.

Кубикті түрту әр қырында нөмір бар 1,2,3,4,5,6.

Әр оқушыға қай нөмір түссе,сол нөмірлі есепті шығарады.

«1»№61 тапсырма.45 бет жұмыс дәптері

«2»№6, 45 бет

«3»Есептер жинағы.№4-48 бет.

«4»№4-54. 81 бет

«5»Мына реакцияны электрондық баланс арқылы теңестіру:

2HI-1+2HNO3=I2+2N+4O2+2H2O

2I-1 – 2e =I0 1

N+5+1e=N+1 2

«6».Есеп.Алюминий мен мыс құймасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 2.24 л (қ.ж) газ бөлінеді.Құйманың жалпы массасы 10 г. Құйманың массалық құрамын есепте.

V.Қорытынды.

1.ББҮ кестесіне оралу.Үйрендім бөлігін толтыру.

2.Рефлексивті тест

А)Мен сабақтан көп жаңалықты білдім.

Б)Бұл алған білімім маған алдағы өмірімде жәрдемдеседі.

В)Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер маған ұнады.

Г)Сабақтың барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап алдым.

Д)Мен сабаққа шын көңіліммен қатысып,алға қойған мақсатыма жеттім.

VI. Үйге тапсырма. Параграф 18-19

3,4,5,6 есептер, есептер жинағы 4-54, 4-59.



VII.Бағалау.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет