Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениеті. Аспаптық музыка. Сабақтың мақсаты



жүктеу 115 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі115 Kb.
түріСабақ
Мерзімі: 16.01.14ж.

Пән: Музыка

Мұғалім:Уалиева Гүлнәр Тельманқызы,№21ЖОМ

Санаты: Жоғары

Сынып: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениеті. Аспаптық музыка.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктерін,функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Қазақтың көне музыка аспаптары жайында танымын кеңейту. Аспаптың үнімен,олардың шығу тарихымен,сыр сипатымен таныстыру. Музыканы тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білүге үйрету.

Оқыту міндеттері:


  • Білімділік

Музыкаға қызығушылығымен ынтасын ояту. Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатың ұлттық музыкамен таныстыру. Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп қабылдауға үйрету.

  • Дамытушылық

Есту,есте сақтау,ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту. Ән айту дағдыларың меңгерту. Аспаптардың тембрлік үнін ажырата білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік

Туған жерге,елге,табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру. Өз елінің мәдениетін қастерлеуге үйрету. Жан-жақты білімді, өткір ойлы дара тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабағы.



Әдіс-тәсілдер: Әңгіме,пікірталас,музыка салыстыру әдістері, құзіреттілікке бағытылған тапсырмалар,

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар:синтезатор, проектор, тақта, компьютер, «қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы, Қорқыт,Құрманғазы, Абайдың суреттері, аудиофайлдар «Адай», «Қорқыт», «Қара жорға», «Желсіз түнде жарық ай», «Туған жер», бейнефайлдар «Тұран» этно-фольклордық тобының орындауында, «Адай».

Қолданылған технология: Ақпараттық қатынастық технологиялар, құзіреттілікке бағытылған тапсырмалар.

Сабақ жоспары:

I - Үйымдастыру кезеңі

Музыкалық сәлемдесу (1мин.)



II - Дайындық кезеңі

1.Кіріспе сөзі (1 мин.)

2. Өткен тақырыпты қайталау (3 мин.)

3.Ән айту - «Желсіз түнде жарық ай» Абай (3 мин.)

4.«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы (10 мин.)

5.Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар (3 мин.)

«Қара жорға» халық биі

III - Жаңа білім беру кезеңі


  1. Әңгімелеу - «Құрмаңғазы» туралы деректер. (6мин.)

  2. Тыңдау - аудиофайл күй «Адай» және бейнекөрініс «Адай»(5 мин.)

  3. Пікірталас (2 мин.)

  4. Ән айту «Тұған жер» (4мин.)

IV -Қорытынды кезеңі(7 мин)

Музыкалық викторина

Тест сұрақтары

Сабақтың барысы:


кезең

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

АҚТ

Сандық-білімдік ресурстар


I.Үйымдастыру кезеңі(1 мин.)
Музыкалық сәлемдесу


Ассалаумағалейкум,ұландар Биікке самғап ұшар қырандарым



Оқушылар «Ата толғау» күй әуенімен сыныпқа кіреді.
Иіліп сәлем берді ұландары,

Биікке самғап ұшар қырандарың.

Әрдайым домбыраны қолға алып,

Тербетер ән мен жырға ұл-қыздарың.



Аудиожазба

күй «Ата толғау»

II. Дайындық кезеңі

1.Кіріспе сөзі

(1 мин.)



Дәстүрлі музыка мәдениеті -халқымыздың саңғасырлық өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Әр халық композиторы -белгілі бір дәүір,ғасырдың перзенті.Олардың туындылары да сол заманның төл тумасы. Сол себепті әр шығармамен танысу барысында оның не үшін,қалай,қаңдай себептер мен оқиғаларға байланысты шыққанына көңіл бөліп,мазмұн-маңызын сол дәүір таным-түсінігі тұрғысынан пайымдау үшін - бүгін біз сендермен қызықты саяхат жасаймыз.







2. Өткен тақырыпты қайталау

(3 мин.)



“Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.” (Абай)

Балалар, бұл кімнің сөзі?

Дұрыс. Міне, Абай ауылына келіп қалдық. Ал,Абай бұл кім? Абай туралы не білесіндер? Жауаптарың.



(тақтада Абай ауылы), кластер ҚБТ

Сонымен қатар ұлы Абайдың қай саладағы еңбектерін білесіндер?

Дұрыс. Қаңдай әндер білесіндер? Солай болса

«Желсіз түнде жарық ай» әнімізді шырқайық



Жауаптары

Абайдың


Ұлы ақын, философ, аудармашы,ұстаз ағартушы,...қазақ әдебиетінің негізін қалаушы.

Ән шығармашылығы

«Көзімнің қарасы», «Айтым сәлем,қаламқас», «Сегіз аяқ», «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай»


«Хафиз» хал.күй






3.Ән айту «Желсіз түнде жарық ай»

(3 мин.)



Жақсы балалар, ал саяхатымызды жалғастырайық.



Қобыз үні(аудиофайл)

Балалар, қаңдай ауылға келіп қалдық? Қалай ойлайсындар?

Дұрыс, оны қалай білдіңдер?

(тақтада Қорқыт ауылы)

(Тақтада сабақтың тақырыбы және мақсаты)




Ән айту «Желсіз түнде жарық ай»

Қорқыт ата ауылына.

Өйткені қобыз аспабының үнін естідік.


Аудиожазба

«Желсіз түнде жарық ай»

Қобыз үні(аудиофайл)





4. «Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы

(дыбыстармен)

(10 мин.)




1.Шығармашылық тапсырма

Тақтаға назар аударайық «Қазақ ұлттық аспаптары» туралы презентациясын қарап, аспаптардың үнін мұқият тыңдау,сыр-сипатымен танысу және есте сақтауға тырысыңдар.



2.Шығармашылық тапсырма

Келесі тапсырма: бейнекөріністі қарап болған соң таныс аспаптарды және шығарманы атау.

Жақсы, ал қандай шығарманы естідіңдер?
Солай болса балалар,бәріміз тұрып «Қара жорға» биді ортаға салайық.


«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы

Қобыз,жетіген,асатаяқ, шаңқобыз,домбыра,тұяқ

«Қара жорға» халық күйі, халық биге айналдырған.


«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы (дыбыстармен)

Бейнекөрініс «Тұран» этно-фольклорлық тобының орындауында халық күйі «Қара жорға»

c:\users\public\pictures\sample pictures\tu7.jpg


5. Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар

«Қара жорға» халық би(3 мин.)


Керемет,балалар.



Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар

«Қара жорға» халық би

Ұлдар тобы,

Қыздар тобы.




Аудиофайл

«Қара жорға» халық би




III - Жаңа білім беру кезеңі

1.Әңгімелеу - «Құрмаңғазы» туралы деректер.(6мин.)



2. Музыка тыңдау - аудиофайл күй «Адай»

Бейнекөрініс «Адай» (5 мин.)

3.Пікірталас

(2 мин.)
4.Ән айту «Тұған жер

(4мин.)


Ал,саяхатымызды жалғастырып ақырғы елімізге Құрманғазы ауылына шолу жасайық.(тақтада Құрманғазы ауылы)

XIX ғасырдың аса көрнекті композиторы,күй атасы Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) – теңдесі жоқ ұлы күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. (Құрмаңғазының суреті)

Құрманғазы қазақ музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе - Құрманғазы күйін тыңдаңыз. Оның "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Серпер", "Адай" сынды күйлері -қазақтарда Отан, ел  деген ұғымдармен астасады. Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ тойларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы, жазықсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның "Сары-Арқа", "Алатау", "Бұлбұлдың құрқұры" атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, "Кішкентай", "Төремұрат","Адай" күйлері батырлар бейнесін "Қайран шешем", "Қызыл қайың", "Кісен ашқан" күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батыс қазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді.

Балалар, алдарыңда ақпараттық аңықтама, сөздікпен жұмыс.

«Адай» күйін тыңдап, міндеттерің - музыкалық шығарманың бейнесін түсіну, талдау.

Күй қаңдай екпінде орындалды?

Қандай аспаптың үні басым естілді?

Қаңдай сезімде болдыңдар?

Қаңдай әсер алдыңдар?

Дұрыс балалар,соңдықтан мен сендердің назарларыңызға «Адай» деген бейнекөрініс усынамын.



Бейнекөрініс «Адай»



Музыка тыңдау –

күй «Адай»

Жылдам


Домбыра
Жауаптар

Күйші адай руының атың жалпылама алып,еркіндік сүйген еліне,халқының ерлігіне арнаған.



Пікірталас

4.Ән айту «Тұған жер





Ақпараттық аңықтама



Аудиофайл күй «Адай»
Бейнекөрініс «Адай»

c:\users\public\pictures\sample pictures\images.jpg
Аудиофайл «Туган жер»

IV - Қорытынды кезеңі (7 мин)

Музыкалық викторина «Бұл қай аспап?»

Тест сұрақтары (топпен жұмыс)


Музыкалық викторина

«Бұл қай аспап?»

Балалар бүгінгі сабағымызда өткен мәліметтер өмірлерінде кажеттілігі қандай?

Алдарында жатқан тосын сый: кәмпит - қазақтың ұлттық аспаптардың суретімен.



Үй тапсырмасы: Аспаптар туралы мәліметтер жинактап кластер жасау.


Музыкалық викторина

«Бұл қай аспап?»

Тест сұрақтары

(топпен жұмыс)

ҚБТ





Тест сұрақтары (топпен жұмыс)







  1. Күйді орындаушы адам?

а) әнші

б) жыршы


в) күйші

  1. Аңыз күйлерді көрсет:

а) «Аман бол,шешем,аман бол»

б) «Сарыарқа»

в) « Ақсақ құлан»


  1. «Балбырауын»,«Сарыарка»күйлерінің авторы кім?

а) Дәулеткерей

б) Қазанғап

в)Құрманғазы


  1. Құрманғазының «Адай» күйінің тақырыбы қандай?

а) Батырлар бейнесін көрсету

б) Арнау күйлер

в) Лирикалық күйлер


  1. Сәйкестігін тап:


Сыр сүлейі


Құрманғазы




Толғау тарланы

Нұртуған




Жамбыл



Күй атасы




Базар жырау



Жыр алыбы



  1. Мына аспаптар қай топқа жатады?

Домбыра үрлемелі

Сыбызғы сілкімелі

Асатаяқ тілшікті

Шанқобыз ішекті


Ақпараттық анықтама
Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) - XIX ғасырдың аса көрнекті композиторы,күй атасы,теңдесі жоқ ұлы күйші,қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Қүй- қазақ халық музыкалық аспабына арналған шығарма. Бағдарлы мазмұны бар,көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер,тартыс күйлер, тарихи күйлер,арнау күйлер,лирикалық күйлер болып жіктеледі.
Күйші -күйді орындаушы адам.
Куйші-композитор -өз жанынан күй шығаратың,күйді орындаушы адам.
Кұрманғазының күйлері: "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Серпер",

"Адай","Алатау", "Бұлбұлдың құрғыры, "Кішкентай", "Төремұрат



Қайран шешем", "Қызыл қайың", "Кісен ашқан" т.б.
Адай күйі- жигерлі, шапшаң, жылдам екпінде батыл,ерлік, рұхын көтеретін,күш куат беретін, батырлар мінезін көрсететін күй.
Декко - Қазіргі заманға қарай түрлі аспаптармен(электрогитара,барабанның бір неше түрлері, оркестр мен домбыраға сүйемелдеу), өңдеген күйдің түрінде.
Аспаптық музыка-арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет