Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы Сабақтың мақсаты



жүктеу 19.09 Kb.
Дата22.03.2018
өлшемі19.09 Kb.
түріСабақ
Қостанай облысы, Жангелді ауданы

Ақшығанақ ауылы, Қ.Топаев атындағы

орта мектебінің география пәні мұғалімі

Абильдина Гульнур Нагашыбаевна

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ылғалдану коэффициенті туралы ұғымды қалыптастыра отырып, тақырып бойынша білім мазмұнын жан - жақты зерттеу.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуын сипаттау арқылы тақырыптық және кескін картамен жұмыс жасау барысында іскерлік дағдылары мен икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге, оны қастерлеуге қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтағы әдіс - тәсілдер: Баяндау, сұрақ - жауап, сандар сөйлейді, сөйлемді аяқтау
Құрал - жабдықтар: Климат картасы, кескін карта, оқулық, атлас, кеспе қағаз, магниттер

I. Ұйымдастыру
Амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
Қазақстан аумағындағы орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері қандай?
Қазақстандағы ең суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылықтары?

III. Жаңа сабақ
Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін аймақ - Батыс Алтай 1600 мм. Ең аз түсетін жер Арал теңізінің солт. шығысы мен Балқаш көлінің батыс бөлігі, небары 100 мм. Орташа жылдық жауын - шашын солт. 400 мм, оңт. 130 мм, орталықта 275 мм, батыста Оралда 374 мм, шығыста Зайсан қазаншұңқырында 200 мм. Қар жамылғысының қалыңдығы солт. 20 - 30 см, оңт. 10 - 15 см.
Жылдық жауын - шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту

I. Оқушылардың осы тақырыпқа қатысты сандарды айқындау арқылы білімдерін тексеру үшін
«Сандар сөйлейді» атты интерактивті тақтадағы цифрларды оқып, мағыналарын ашу.
1600, 130, 100, 1, 400, 275, 374, 200, 20 - 30, 10 - 15.

II. Сабақтың мазмұнын кеңейту және дамыту мақсатында«Менен - сұрақ, сізден - жауап» рубрикасында тақтадан сұрақтар мазмұны жіберіледі.
1. Тұманды мемлекеттің астанасын ата.
2.... сұрауы бар.
3Батаменен ел көгереді,
.......................................
4. Қазақстандағы ең көп жауын түсетін жер?
5. Қазақстандағы жауын ең аз түсетін аумақ?

III. Алған білімдерін жүйелеу негізінде есептер шығаруға тапсырмалар беріледі.

V. Үйге тапсырма
тапсырма Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы (мазмұндау, кескін картаға түсіру)

VI. Бағалау
Оқушыларды білімін бағалау парағы арқылы бағалау.
: uploads -> doc -> 0c29
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0c29 -> Құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігі түсінігін қалыптастыру




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет