Сабақтың тақырыбы: «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы Өткізген: І санатты тарих пәнінің мұғалімі Кәрібаева Алмагүл



жүктеу 64.13 Kb.
Дата14.08.2018
өлшемі64.13 Kb.
түріСабақ
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Ашық сабақ


Пәні: Қазақстан тарихы


Сыныбы: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Өткізген: І санатты тарих пәнінің мұғалімі Кәрібаева Алмагүл


2013\2014 оқу жылы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12 «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

-«Қазақ» сөзінің шығуы туралы, «Қазақ», «Алаш» атауларының мағынасын түсіндіру, жүздердің пайда болуы туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, оқушының өзіндік ізденуіне бағыт беру ;

- Әрбір оқушыға оқып-тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субъекісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту;

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Тақырып тарихнамасына талдау жасай отырып, «қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген ғалымдар пікірлері туралы оқушыға мағлұмат беру;

Дамытушылық: «Қазақ», «Алаш», «Жүз» сөздерінің этнонимикасына өзіндік зерттеу жасай отырып, оқушылардың шығармашылығымен, іскерлігін қалыптастыру;

Тәрбиелік: тақырыпты еліміздің этнографиясымен байланыстыра отырып оқыту, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға зор құрметпен қарауға, мұрағаттарымызды қастерлеуге баулу ;
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың дидактикалық құралдары: Кесте, тірексызба, үлестірме,суреттер, тақырыпқа байланысты слайдттар,
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, философия
Сабақты өткізу әдістері:

Ауызша : түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, аналитикалық,картиналық суреттеу;


Баспасөздік: Құжаттарды талдау, жоспар құру кесте жасау;
Практикалық: Интерактивті ойындар, тарихи доминомен жұмыс;
Сабақтың ғылымилығы: Қосымша мағлұматтар мен алған білімдерін пайдалана отырып, өз шығармашылықтарын дамыту;

Өмірмен байланысын анықтау;

Сабақтың барысы:

І.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі (Тыныштық орнтылуы, сәлемдесу,оқушылардың қатысымын, сабаққа даярлығын тексеру, сынып кабинетінің гигиеналық жағдайын байқау;

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасының орындалуын, оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексеру;

Сыныпты «алты қалпақ» стратегиясы бойынша төрт топқа бөлу;

Үй тапсырмасы:
§11 Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы

Жоспары:


1.Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

2.Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының орны

3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы
Қызыл қалпақтар тобы: Тақырып бойынша маңыздыларын бөліп көрсету;

Сары қалпақтар тобы: Тақырыптың проблемелық тұстарына тоқталуы,атап көрсету;

Жасыл қалпақтар тобы: Тақырыптың ғылымилығын ашу қосымша мағлұмат беру;

Көк қалпақтар тобы: Шығармашылықпен жұмыс жасау;


Үй тапсырмасын қортындылай отырып, жаңа сабақты бастау.
-Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта біз өз ұлтымыздың қалай халық болып қалыптасқандығын білдік, осы халықтың, ұлтың шығу туралы зерттейтін ғылымды қалай атайды?

-Дұрыс этнология ғылымы дейміз, ал енді тарихпен тағы да құрамдас ғылым- этнонимика ғылымы нені зерттейді? Кім айтады?


-Этнонимика халық, ұлт атауларының шығуын,олардың мағынасын зерттейді, олай болса халқымыздың қалыптасу тарихы туралы алған білімдерімізді одан әрі ұлтымыздың атауының шығу туралы мағлұматпен сабақтастырып, толықтырайық!
-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы деп аталады.

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:


1 «Қазақ» сөзінің шығуы туралы

2. «Қазақ» атауының мағынасы туралы

3. «Алаш» атауының мағынасы туралы

4. Жүздердің пайда болуы туралы


1.Көптеген ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д ҮІІ-ІҮ ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады. Ал грек және парсы деректерінде олардың қанша тайпадан тұратындығы, қай жерді мекендейтіні туралы мағлұмат бар.

Ғылыми зерттеулер сол тайпалардан қазақ сөзі шықты деп, оны сақ, каспи, кас, қаз, хаз, аз, қасақ деген тайпа аттарымен байланыстырады.



Ғалымдар зерттеулері:





2. «Қазақ» атауының мағынасы туралы






Зерттеген ғалымдар:

Мағынасы:

1

В.В Радлов

«Тәуелсіз ерікті адамдар»

2

Ш.Құдайбердіұлы

«өз алдына ел болып, еркін жүрген халық»

3

Ш.Уәлиханов

«Қазақ өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді»

4

Ибн Рузбихан

«ер жүрек мінезді»

5

Телқожа Жанұзақов

«Еркін, ер,жігіт, кісі»

6

Н.Мыңжанұалы

«еркіндікке ұмтылу, қажыр –қайрат көрсету»

3. «Алаша» атауының мағынасы туралы


Тарихымызда бұл сөздің шығу төркіні қазақ сөзінен де беймәлім күйде қалып отыр. Бірақ қазақ халқының ауыз әдебиетінде, аңыз-әңгімелерінде, тарихи шежірелерінде алаш, алаша хан туралы деректкр сақталған.

Құрбанғали Халидтің ел ішінде сақталған шумағы:

Алаш, алаш болғанда,

Алаша хан болғанда,

Қазақ, қалмақ, ноғайлар,

Бәрі сонда бір болған,- дегеніне қарағанда, алаша ханның қазақ, қалмақ, ноғай бөлінбей тұрған кезде өмір сүргенін көрсетеді.

Ол кезді тарихшы Ж.артықбаев біздің заманымызға дейінгі қола дәуірінің кезі Беғазы –Дәндібай мәдениетіне жатқызады. Тіпті ғалым жерімізде осы кезде алғашқы мемлекеттілік басталғандығын меңзейді. «соның басы осы алаша ханның кезі емеспе деген пікір ұсынады. Шежіре жиағында:

Алаш, Алаш болғанда,

Алатай ат болғанда.

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда,-

деген шумақтан әлі де болса меншіктің туа қоймаған кезі деген пікір қалыптасады.

Ал екінші бір еске алатын мәселе-Қарасеңгір мен Сарыкеңгір өзендерінің бір-біріне құйылатын жеріндегі биік төбенің үстінде Алаша ханның мазары деген күмбез тұр. Ескерткіштің қашан, қай кезде жасалғандығы туралы ешбір дерек жоқ.

4. Жүздердің пайда болуы туралы




Сонымен жүз дегеніміз-халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория

Сабақты бекіту

Тарихи доминомен жұмыс

Сөзтізбек

1.Мар 2.Семенов 3. Мыңжанұлы 4.Жанұзақов 5.Ақынжанов 6.Бернштам

7.Грозный 8. Марғұлан 9. Уәлиханов


Қортынды сөз:

Елбасымыз , «Өткенін білмеген халық болашағында болжай алмайды»деген, әрбір халық үшін өзінің тарихы мен ұлт атауы қадірлі болып келеді.Бүгінгі сабағымызды ақын Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің мына жолдарымен қортындылағым келеді.

Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсемде алаш өлмес көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін.

Көнеден қалған мұрағаттарымызды қастерлеп, ата-бабаларымыздың өсиетін ақтайтын білімдіде , саналы азамат болайық!
ІҮ. Оқушыларды бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру



Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, тақырыпқа байланысты тарихи эссе жазу.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет