Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік. Сабақтың мақсаты : Оқушыларға қауіпсіздік туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже



Дата12.07.2017
өлшемі68.69 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе қаласы

40 жалпы ортабілім беретін мектебі



Бастауыш класс мұғалімі СарыбаеваГүлбағдаСқаққызы

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар оттың пайдасы және зияны туралы біледі;

  2. Өмір қауіпсіздік дағдылары қалыптасады.

  3. Өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын қорғауға үйренеді .

  4. Кездейсоқ өрт болған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады.

Ресурстар: суреттер, интерактивті тақта, қағаз, қаламдар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық



Негізгі бөлім

Сұрақ: - Балалар, біздің өмірімізге не қауіпті ?

От су шырпы электр



Қауіпті жағдайлар

Машинагаз

үтік жол


  • Балалар, «от» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?



Жарық
Қолайлы жағдай туғызады


От


Тамақ

Жылу


Тапсырма: Аталған атаулардың отқа қатысы бар екенін әр топ

дәлелдеп береді.



І топ: Жылу

ІІ топ: Жарық

ІІІ топ: Тамақ

ІV топ: Қолайлы жағдай туғызады

    • От адамға керек. От-адамның көмекшісі. От үйді жылытады. Мектепте, заводта, фабрикада жылу болу үшін от жанады. Егер от жанбаса адамдар суық жерде жұмыс істей алмайды, балалар суық жерде оқи алмайды.

    • От үйге жарық береді. Жарықты май шамды жағу арқылы алуға болады.

    • Пешке от жағу арқылы адамдар тамақ жасайды, шайын қайнатады, нан пісіреді.

    • Табиғи газ жаққан кезде от бөлініп шығады. Бұл адамдар үшін өте қолайлы. Көп қабатты тұрғын үйлерде газ плиталары қолданылады.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

-Алғашқы адам қауымдастығы екі тасты бір- біріне қатты соғу арқылы от жағуды үйренген. От-адамның алғашқы көмекшісі. Егер қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамай, отқа еркіндік беретін болсақ, оттан адам өміріне көп қауіпті жағдай туындайды.

Оттан болатын апат
Табиғи жағдайдан болатын апат

Адамның техникалық қауіпсіздікті

сақтамауынан болатын өрт



  1. Табиғи жағдайдан болатын апат. Бұған жауынды күні найзағай ұшқынынан болатын өрт жатады. Жазда күннің қатты ыстық болуынан құрғаған шөп тұтанып өрт шығады. Бұл да табиғи жағдайдан болатын апат.

  2. Адамның техникалық қауіпсіздікті сақтамауынан болатын өрт. Енді адамдар техникалық қауіпсіздікті сақтамаса қандай өрт түрлері болатындығын атап көрсететін болсақ:

    • Қазір адамдар қолайлы өмір сүру үшін көптеген техникалық жабдықтар бар. Ток шәйнек, газ пеш, шаңсорғыш, теледидар, магнитафон. Осы техникалық құралдарды дұрыс қолданбасаөрт шығады. Бір ток желіге бірнеше электр жабдықтарын қосуға болмайды. Себебі, электр тоғы тартылған сым қызып кетеді де, өрт шығады.

    • Үйден шығарда өте мұқият болу керек. Электр жүйесінде қосылып тұрған шәйнекті немесе үтікті өшіруді ұмытып кетсек, онда электр жабдығы қызып балқиды да өрт шығады.

    • Үй иелерінің ұмытшақтығынан өшірілмеген газ плитасы өте қауіпті . Плитадағы сүт тасып, жанып тұрған газды өшіреді, осыдан үйдің ішіне газ толып кетеді. Енді осы кезде сіріңке жағып немесе жарық қосқышты қоссақ , газ атылуы мүмкін.

    • Бір өкініштісі осындай өрт түрлері мереке күндері де кездесіп жатады. Мысалы: Жаңа жыл мейрамында пиротехникалық құралдары, яғни, бенгал шырағын, тарсылдақты, фейрверкті дұрыс қолданбаса өрт шығады. Пиротехникалық құралдардың ұшқыны тез тұтанатын затқа тиюден сақ болу керек.

    • Өрттің шығу себептері отқа немқұрайды қараудан шығады. Өшірілмеген темекі немесе сіріңке бүткіл бір үйді өртеп жіберуі мүмкін. Үйде, шатырда, балконда сіріңкеге өте сақ болу керек


Көрініс көрсету:

Үйде екі бала ойыншықтармен ойнап отырады. Үлкені сіріңке шиінен есеп көрсетемін дейді. Төрт шиді пайдаланып, қалақ бейнесін бейнелейді, оған қағаз қиқымдарын қиып, қоқыс етіп салады. Енді екі шиді қозғау арқылы қоқысты сыртқа шығару керрек, деп ойын түрін айтады.



Ал інісі есеп ойынды шешеді, сосын қағаз жағады. Осы кезде от болып киінген балалар өрт бейнесін бейнелейді. Екі бала өртті қатты материалмен жауып өшіруге тырысады.Бірақ өрт өршелене түседі. Екі бала енді екі орамалды сулап алып сол арқылы тыныс алады. Телефон арқылы өрт сөндірушілерге , одан кейін ата-анасына хабарлайды.

Бастарына сулы, қатты матаны орап алып, ауыз, мұрындарын сулы орамалмен жауып түтін болған бөлмеден еңбектеп шығып кетеді. Өрт сөндірушілер келіп өртті сөндіреді.

Көрініс қорытындысын талқылау.

Сұрақ: Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

  1. Сабырлық сақтау керек.

  2. Жылдам қимылдап, тез шешім қабылдау керек.

  3. Негізгі және қосалқы есіктерден тез бөлмеден шығу керек.

  4. Улы иістерден қорғану үшін дымқыл орамалмен немесе шүберекпен тыныс алу керек.

  5. Телефонмен өрт сөндірушілер тобына хабарлап, аты-жөнін, мекен жайын толық айту керек.

  6. Жалындап жатқан бөлмеден адам өткенде басына сулы шүберек жауып өту керек.

  7. Түтін болған бөлмеден тұншықпау үшін еңбектеп немесе еңкейіп шығу керек.

  8. Өрт болып жатқан жерден желдің бағытына қарай шығу керек.

  9. Өрттен шығарда лифтіні қолдануға. терезеден секіруге болмайды.

Жағдаят туғызу

Сіз үйдетеледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.Ажыратқыштан токты суырып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз? Берілген жауапты ретімен атап көрсетіңіз.



  1. Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз

  2. Ата-анаңызға хабарлайсыз

  3. Ток желісін қиып тастайсыз

  4. Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз

  5. Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз

  6. Тұншықпау үшін терезені ашамыз ба

Қорытынды, бағалау

-Балалар,сонымен бүгін сабақта не өттік? Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді тексеру үшін әр топқа жеке сұрақ беріледі, сол сұраққа жауап береміз.



І топ: Оттың пайдалы жақтары

ІІ топ: Оттың зиянды жақтары

ІІІ топ: От туралы өлең

ІV топ: От туралы мақал-мәтел.

Оттың пайдалы жақтары:

Оттың зиянды жақтары:

  • Өрт болады

  • Адам күйеді, өледі

  • Зиян шегеді

  • Үй өртенеді

  • Ауа ластанады




Сабақты қорытындылау

От су шырпы электр машина

үтік жол


Қауіптіжағдайлар


Жағдаят туғызу

Сіз үйдетеледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.Ажыратқыштан токты суырып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз? ? Берілген жауаптан өз жауабыңызды таңдаңыз.



  1. Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз

  2. Ата-анаңызға хабарлайсыз

  3. Ток желісін қиып тастайсыз

  4. Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз

  5. Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз

  6. Тұншықпау үшін терезені ашамыз ба


Жағдаят туғызу

Сіз үйдетеледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.Ажыратқыштан токты суырып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз? ? Берілген жауаптан өз жауабыңызды таңдаңыз.



  1. Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз

  2. Ата-анаңызға хабарлайсыз

  3. Ток желісін қиып тастайсыз

  4. Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз

  5. Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз

  6. Тұншықпау үшін терезені ашамыз ба


Жағдаят туғызу

Сіз үйдетеледидар көріп отырсыз. Біраз уақыттан кейін электр желіден түтін шықты.Ажыратқыштан токты суырып алып тастайын десеңіз ажыратқыш істен шыға бастады. Сіз не істер едіңіз? Берілген жауаптан өз жауабыңызды таңдаңыз.



  1. Керекті құралдарды алып желіні жөндейсіз

  2. Ата-анаңызға хабарлайсыз

  3. Ток желісін қиып тастайсыз

  4. Үйге келіп тұрған токты өшіріп тастаймыз

  5. Шәйнекке су толтырып түтіндеп тұрған жерге шашамыз

  6. Тұншықпау үшін терезені ашамыз ба

Көрініс көрсету:

Үйде екі бала ойыншықтармен ойнап отырады. Үлкені сіріңке шиінен есеп көрсетемін дейді. Төрт шиді пайдаланып, қалақ бейнесін бейнелейді, оған қағаз қиқымдарын қиып, қоқыс етіп салады. Енді екі шиді қозғау арқылы қоқысты сыртқа шығару керрек, деп ойын түрін айтады.



Ал інісі есеп ойынды шешеді, сосын қағаз жағады. Осы кезде от болып киінген балалар өрт бейнесін бейнелейді. Екі бала өртті қатты материалмен жауып өшіруге тырысады.Бірақ өрт өршелене түседі. Екі бала енді екі орамалды сулап алып сол арқылы тыныс алады. Телефон арқылы өрт сөндірушілерге , одан кейін ата-анасына хабарлайды.

Бастарына сулы, қатты матаны орап алып, ауыз, мұрындарын сулы орамалмен жауып түтін болған бөлмеден еңбектеп шығып кетеді. Өрт сөндірушілер келіп өртті сөндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет