Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары. Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2018
өлшемі62.78 Kb.
түріСабақ
География. 8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауа массалары.

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы

туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай

және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы

қалыптасқан білімдерін тереңдету.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, салыстыра отырып

қорытындылау, картамен,мәтінмен жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

3. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, географиялық

диктант, кестемен,картамен жұмыс.



Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық және климаттық карталары,

компьютер, проектор, слайдтар, атлас.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақ мақсатын, міндетін айту.

Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2) Күн радиациясы дегеніміз не?

3) Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер?

4) Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер.


  1. а) Климат қалыптастырушы факторлар

б) Күн радиациясы.

2. Бекіту. Тест орындау.

1.Белгіленген жердегі ауаның көпжылдық қайталануы:

А) ауа райы

Ә) климат

Б) атмосфера

В) атмосфералық қысым.

2. Қазақстан климаты қандай факторлармен анықталады?

А) күн радиациясы

Ә) атмосфера циркуляциясы

Б) жердің төсеніш беті

В) барлығы.

3. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиациясының қосындысы:

А) жиынтық

Ә) жұтылған

Б) шағылысқан

В) шашыранды.

4. Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуге жатады?

А) экваторлық

Ә) арктикалық

Б) тропиктік

В) қоңыржай.

5. Қазақстанның климаты қоңыржай белдеудің қандай типіне жатады?

А) теңіздік қоңыржай

Ә) континентті

Б) шұғыл континентті

В) муссондық.

6. Қазақстанның солтүстігінде жылдық жиынтық радиация мөлшері :

А) 100 ккал.

Ә) 155 ккал.

Б) 18 ккал.

В) 15 ккал.

7. Күн радиациясының Жер бетіне түсуі байланысты

А) географиялық ендікке

Ә) атмосфераның мөлдірлігіне

Б) күн сәулесінің түсу ұзақтығына

В) барлығына.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» негізінде жаңа сабақтың тақырыбын ашу:


  1. Ауа массасы деген не?

  2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?

  3. Еуразия аумағының үстінде ауа массаларының қандай түрлері қалыптасқан? Олардың қайсысы Қазақстан климатына өз әсерін тигізеді?

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспар:

а) Атмосфераның циркуляциясы.

б) Ауа массалары (арктикалық, қоңыржай, тропиктік).


  1. Электрондық оқулықты пайдаланып, «Ауа массалары» тақырыбының мәтінін тыңдау.

  2. Тақтада № 1,2,3,4,5 слайдтары көрсетіледі.

Слайд №1
Ауа циркуляциясы

Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады.Олардың өзіне тән температурасы ,ылғалдылығы, мөлдірлігі болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен, ұзақ уақыт бойы өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады.

Слайд №2


Арктикалық ауа массасы
Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарында қалыптасады. Арктикалық континентті ауаның температурасы қыста да жазда төмен, сондықтан ылғалды көп ұстап тұра алмайды. Ауа өте мөлдір құрғақ ақ болады. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа райы орнайды.
Слайд №3
Қоңыржай ауа массасы
Материктің орта ендіктерінде қалыптасады, өйткені Қазақстан түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстағы Атлант мұхитынан келетін ауа теңіздік қоңыржай ауасы деп аталады. Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп, ылғалының көп мөлшерінен айырылып жетеді.
Слайд №4

Тропиктік ауа массасы


Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Континенттік тропиктік ауаны Иран ауасы деп те атайды. Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Арал теңізінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің арасын қосатын сызыққа дейін жетеді.Дәлірек айтқанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиды.



  1. слайдтар бойынша бағыттау сұрақтар қою:

а) Атмосфера циркуляциясының Қазақстан климатын құруда маңызы

қандай?


ә) Қазақстан климатына ауа массаларының қандай түрлері әсер етеді?

б) Ауа массаларының түрлері қандай ауа райын қалыптастырады?

в) Ауа массаларының қасиеттері неге байланысты болады?

4. Өз беттерінше жұмыс: ЭО пайдаланып, ауа массаларының түрлеріне

(арктикалық, қоңыржай, тропиктік) сипаттама беру. Жұмыстың

қорытындысын кестеге толтыру.




Қазақстанға әсер ететін ауа массалары

Қалыптасатын аймағы

Ауаның қасиеті

Қыста және жазда ауа райының өзгеруі

Континенттік ауа массасы

Теңіздік ауа массасы

Арктикалық ауа массасы













Қоңыржай ауа массасы













Тропиктік

ауа массасы















Сергіту сәті. «Мен саған, сен маған» ойыны.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Географиялық диктант.

1. Біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығы.

2. Ауа массаларының түрлері.

3. Республика аумағындағы ауа массаларының типтері.

4. Бұл ауа массасы Қазақстанға Орта Азия және Иран аймағынан келеді.

5. Бұл ауа Қазақстанға жеткенше өте ұзақ жолдан өтіп, ылғалының көп

мөлшерінен айырылып жетеді.

6. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстанда антициклонды ауа орнайды.

7. Бұл ауа массасы Қазақстан аумағында ұзақ уақыт тұрақты қоңыр салқын

континенттік ауа қасиетіне ие болады.

8. Батыстағы Атлант мұхитынан келіп, материктің орта ендіктерінде қалып-

тасады.


9. Бұл ауа массасы Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық

құрлықтар мен аралдарында қалыптасады.

10. Бұл ауаның келуі жазда байқалады, Қазақстанның қиыр оңтүстігін қамтиды.

VІ. қорытынды.

Республика климатына арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қыс айларында Сібір антициклонның тармағы ықпалынан қарсыз суық күндер болады. Арктикалық ауа массалары көктемгі үсіктердің күшеюіне әкеліп соғады. Қоңыржай ауа массалары жауын-шашын әкелсе, тропиктік ауа массалары көбінесе оңтүстікте құрғақшылықтың болуына себепкер.



VІІ. Бағалау.
VІIІ. Үй тапсырмасы.

  1. §21 .

  2. Өздерің тұратын жерде қандай ауа массалары басым? Олар жергілікті климатқа қандай әсерін тигізеді?

Каталог: uploads -> doc -> 0947
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0947 -> «Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет