Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 25.36 Kb.
Дата02.07.2017
өлшемі25.36 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Құрашасай орта мектебі 3 класс Дүниетану

Нұртаза Дархан Сағынұлы
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Астың адам өміріндегі маңыздылығы, адам ағзасындағы астың қорытылып сіңілуіне қатысты мүшелер олардың атқаратын жұмысы туралы ұғым беру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой-өрісін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жұптық, талдау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушыларды түгелдеу.

  • Сәлеметсіңдер ме?!

  • Балалар бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтарға қарағанда ерекше. Оны ойдағыдай етіп өткізіп, өз білімімізді көрсете білейік. Ол үшін өзімізді дайындап алайық.
    ә/Психологиялық дайындық

  • Балалар-гүлім менің,

  • Балалар-күйім менің.

  • Балалар нұр сыйлайтын,

  • Бүгінгі күнім менің,-дей отырып,балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.

  • Оқушылар:

  • Кеудемізде күн күлсін,

  • Бізге шуақ нұр құйсын.

  • Мейірімді жан өзіңмен,

  • Көңілім жайнап құлпырсын!

  • Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

  • Мен өзіме сәттілік тілеймін, сіздергеде.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілді?

(Ауызша тексеріледі.)

-«Өкпе.Тыныс алу гигиенасы»

Үй тарсырмасын бекіту.

ІІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру.

а. Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлаймын.

-Балалар енді біз бүгін одан әрі адам ағзасы туралы білімімізді толықтырамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы (тақырып тақтаға жазылады)

Балалар біз алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттарды тағамнан алатынын білдік. Енді қан оларды қандай күйде, қалай алатынын талқылайық (сұрақ-жауап, ой қозғау).



Тірек-сызба кестелері арқылы

Қорытылған сұйық ерімтал күйде

Ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді.

Ол қани тамырларымен дененің барлық

Мүшелерін қоректендіреді.

Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.

б.Ой қозғау

- Тісі түскен адамның асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі неде?

- Тістің ауруға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?

с. Оқулықпен жұмыс.

Тамақтану гигиенасы.

(4-5 оқушы дауыстап оқиды)

Сергіту сәті:

Шынықтырып денені,

Тісін жуып, тазалап

Мектебіне барады

Міне нағыз Азамат!

Орамалы қалтада

Үсті басы тап-таза,

Отырады партада

Міне нағыз Азамат.

Тапсырмалар:


  1. Ас қорыту мүшелерінің маңызы

  2. Асқазанның атқаратын негізгі қызметі

  3. Тамақтану гигиенасы туралы не білеміз?

ІV. Бекіту

Сонымен балалар бүгінгі сабақта тамақтану – ағзаның өсіп дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең маңызды жағдай екенін түсіндік



V. Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма беру.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет