Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері



жүктеу 59.21 Kb.
Дата14.07.2017
өлшемі59.21 Kb.
түріСабақ
Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Ақпарат ұғымын қайталай отырып, ақпарат саны мен ақпаратты өлшеу жолдары туралы мағлұмат береу, оқушыларға өз беттерінше әр бір ақпаратты өлшету, өлшем бірліктері туралы мәліметті қалыптастыру. Ақпараттың қасиеттерімен олардың арасындағы айырмашылығы жайлы түсінік беру.

Табыс критерийлері:

  1. Ақпараттың қасиеттерін білемін. (1-4бал) 3деген баға

  2. Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын. (5-8) 4деген баға

  3. Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білемін. (9-10) 5деген баға

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».

Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"

Сабақтың барысы:


Уақыт өлшемі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

5 мин.


Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Ақпарат және ақпараттық үдеріс тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ –жауап арқылы сұрайды.


  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

  3. Ақпарат пен мәліметтердің айырмашылығы?

  4. Ақпараттық процестер?

  5. Адамның ақпаратты қабылдау тәсілдері неше топқа бөлінеді?

  6. Бейнелеу тәсілі бойынша неше топқа бөлінеді?

Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі.



Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.


Сұрақтарға жауа береді.





Слайдтар



Тұсаукесер

5 мин.


Топқа бөлу.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа қатыстырып топқа бөлу:

  1. Ақпаратты өлшеу.

  2. Ақпараттың қасиеттері.


«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар адам ақпаратты өлшей алады ма? Ақпараттың қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер?


Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.



Негізгі бөлім

15мин


15 мин


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Ақпараттың қасиеттері »
Оқулықтағы §3 Ақпараттың қасиеттері тақырыбын топтарға оқыту.

ЖИГСО әдісі бойынша екі топқа тақырыпты оқуды беру

Ақпараттың қасиеттері – шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

Кез келген нысан сияқты ақпараттың да қасиеттері бар. Термометдің көмегімен температураны өлшеу арқылы сендер құралдардың нақтылығына дәлдігі тәуелді ақиқат ақпарат аласыңдар. Ақиқат ақпаратты тек қана дұрыс өлшеу құралдары арқылы алуға болады. Мысалдан көргендей, адамның түйсігіндегі ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Тапсырмалар:

1.Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер: шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

2.Сөйлемдерді аяқтаңдар:

Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда ... . Ақпарат . . . шындықты бейнелейді.

Барлығына түсінікті тілімен берілген ақпаратты . . . деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, . . .. Дәл уақытында алынған ақпарат . . . болады.

3.Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет?



Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді оқып шығып, миларына сақтап алады да постерге түсіріп 2 топ бір-біріне түсіндіреді.

Тақырыпты ортаға салады.

Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар тапсырмаларды орындап дұрыс жауаптарын өз дәптерлеріне жазып, қорғап шығады.




АКТ
Оқулық

Постер


Маркер

АКТ


Дәптер,

Оқулық.


Қорытынды

5 мин


Бағалау критериясы





Аты-жөні

сыныбы




5

4

3

2

1

Ақпараттың қасиеттерін білемін













2

Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын













3

Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білем














Кері байланыс.

Үйге тапсырма беру. §3



Бағалау критериясы кестесін толтырады.

Смайликтерді жабыстырады

Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.


Бағалау парағы

Смайликтер.



Күнделік.

: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет