Сабақтың тақырыбы: «Ағаштан әр түрлі бұйымдар әзірлеу»



жүктеу 41.06 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі41.06 Kb.
түріСабақ
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ағаштан әр түрлі бұйымдар әзірлеу

Өткізген: технология пәні мұғалімі М.Қ.Дүйжанов

Ырғыз селосы 2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ағаштан әр түрлі бұйымдар әзірлеу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ағаштан әр-түрлі бұйым жасаудың технологиясын меңгерту. Ағаш туралы мәлімет беру. Шырағданқойғыштың технологиялық картасын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың көру, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытып, қол қимылын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, ұқыптылыққа, үнемділікке, ұйымшылдық пен әсемділікке баулу.

Көрнекі – құралдар: плакаттар, технологиялық карта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: сурет, математика, қазақ тілі, физика.

Құрал-саймандар: Сызғыш, қашау, түрпі, пышақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, назарын сабаққа аудару, көрнекі құралдарды дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Халық шеберлерінің ағаштан жасалған бұйымдары» \оқушылардан мазмұнын сұрау\

б) Графикалық диктант



  1. Табиғат ағаштың туындысы

  2. Ағаштан жасалған бұйымның түрі сандық

  3. Жүкаяқ жиған жүктің астына қоятын тұғыр

  4. Жүкаяқтың артқы беті түсті сырмен боялады

  5. Домбыра үш ішекті қуыс мойынды, қоңырау үнді

  6. Домбыра аспабын жетілдіру 1935 жылдан бастады

  7. Алғашқы шеберлер Ермағанбетов, Айбосынов болды

  8. Жорықтарда бесікті түйенің қомына байламаған

  9. Ертеде бесікті қайыңның жас шыбығын иіп бір бірімен байланыстырып жасаған

  10. Жас қайыңның иісі балаға өте жақсы әсер етпеген

Бағалау рейтингісі

10-9

5

8-6

4

5-3

3

ІІІ. Жаңа сабақ

Ерте заманнан ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерді, қамалдар мен ыдыс аяқтар жасаған. Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиhаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданатын заттардың көбі ағаштан жасалған.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да ағаштан әр түрлі бұйым әзірлеу. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, тостаған, қасық, келі келсап, табақ пен тегештерді, аса шебелікпен жасаған. Енді мен ағаштан шырағданқойғыш бұйымын әзіледім. Шырағданды біздер тек ток болмай қалғанда ғана емес, романтикалық кеш ұйымдастыру үшін де қолданамыз. Туылған күн, Жаңа жыл, Той, т.б. XIX ғасырда шырағданқойғыштар үйді жарақтандыру құралы болды. Шырағданқойғыштар әр түрлі пішінді болады және әр түрлі материалдан жасалады. Шырағданқойғыштың бір, екі, үш мүйізді, үстелдік, қабырғалық бра типтес , шамдал типтес, түрлері болады. Енді біз ағаштан жасалған үстелдік үш мүйізді шырағданқойғыштың технологиялық картасына назар аударайық. Мысалы, пластик материалдардан, металдан, шыныдан және ағаштан жасалады. Шырағданқойғыштың бір, екі, үш мүйізді үстелдік, қабырғалық бра типтес түрлері болады.

ІV. Қауіпсіздік ережесі. Енді біз ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін қайталап, есімізге түсіріп жіберейік

V. Технологиялық картамен жұмыс. Біз бүгінгі ағаштан жасалған үстелдік үш мүйізді шырағданқойғыштың технологиялық картасына назар аударайық

\Мұғалім түсіндіріп, станокпен жұмыстарын түсіндіреді. 1 оқушымен бірге.\



Оқушылармен жұмыс. Енді өзімізге кеңінен түсінікті болу үшін дәптерге сызып алайық.



VI. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар:

  1. Ағаш қандай материал?

  2. Шырағданқойғышты қандай кезде қолданады?

  3. Шырағданқойғыш қандай материалдан жасалады?

  4. Шырағданқойғыштың қандай түрлері болады?

Жауаптары: Ағаш өңдеуге көнетін материал.

Романтикалық кеште, жаңа жылда қолданады.

Пластик, металдан, шыныдан, ағаштан жасалады.

Бір, екі үш мүйізді, үстелдік, қабырғалық бра типтес, шамдал



типтес болады.

VIII. Енді бүгінгі сабақтан не түсінгенімізді БҮБ кестесіне жазып толтырамыз.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді










IX. Бағалау

X. Үйге тапсырма. «Ағаштан әр түрлі бұйым дайындау» тақырыбына реферат дайындау.

Қорытындылау:

Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда біздер үш мүйізді шырағданқойғыштың нұсқау картасын сызып, оның өлшемдерін белгілеп, жасалу технологиясымен танысып үйрендік деп ойлаймын. Бұйым жасамас бұрын оған қанша материал, қанша шығын кететінін, оның әдемі болуына көп көңіл бөлуіміз керек екен.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет