Сабақтың тақырыбы: Адам организміне жалпы шолу Жаңа технологиялар сабақта



жүктеу 56.13 Kb.
Дата01.07.2017
өлшемі56.13 Kb.
түріСабақ
c:\documents and settings\user\мои документы\мои рисунки\img044.bmp

№87 жалпы білім беретін мектептің бірінші санатты

биология пән мұғалімі

Турлыкожаева Карлыға Маулетовна




8 сынып Биология пәні

Сабақтың тақырыбы: Адам организміне жалпы шолу

Жаңа технологиялар сабақта

Қазіргі кезде оқыту үдерісіне жаңа педагогикалық технологиялар көптеп енгізілуде. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен қатар саналы, салмақты ойлануға тәрбиелейтін, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, Қоғамдық көзқарастарын қалыптастыруға дайындайтын жаңа технологиялық сабақ үлгілерінің маңызы зор. Осындай сабақ формаларының бірі- өзім сабақ беретін 8 – сыныпта жүргілетін сатылай комплексті талдау технологиясы (СКТТ). Осы сабағымның бір түрін ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам организміне жалпы шолу арқылы маңызын ашып көрсету.

Дамытушылық: Мүшелер мен мүшелер жүйесін суреттен тани білуін, өз бетінше мәтінмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды білімділікке, өз денсаулығын сақтауға , гигиеналық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, өздік жұмыс, қазақша- ағылшынша сөздік

Сабақтың көрнекілігі:Адамның ішкі мүшесі жүйелері, Ішкі мүшелердің топографиясы, кестелер, СКТТ сызбасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ мақсатымен таныстыру. СКТТ бойынша мұғалім нұсқауымен оқушылардың мәтінмен талдау жұмысын жүргізу.

ІІІ. Жаңа сабақ материалын оқыту.



Адам организміне жалпы шолу

  1. Мүшелер жүйесі дегеніміз не?

Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Мүше дегеніміз- нақты пішіні, организмде белгілі орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Жүрек, өкпе, бүйрек, қол, көз – біздің денеміздің мүшелері. Әдетте, мүшенің түзілуіне ұлпалардың барлық түрлері қатысады, бірақ олардың біреуі ғана негізгі рөл атқарады. Мысалы, Сүйектің негізгі ұлпасы – сүйек ұлпасы, бездің негізгі ұлпасы – эпителий ұлпасы, бұлшық еттің басты ұлпасы – бұлшық ет ұлпасы, мидың негізгі ұлпасы – жүйке және эпителий ұлпалары, қан тамырлары болады.

  1. Тірек – қимыл аппараты (Locomor apparatus): Сүйектер мен бұлшық еттерден тұрады.Сүйектер өзара байланысып, дененің сәйкес бөлігінің қаңқасын құрайды.

2.1 Қаңқа (Skeleton)- ішкі мүшелер орналасқан қуысты шектеп, қорғаныш қызметін атқарады.

2.2 Бұлшық ет (Muscle)



  1. Асқорыту жүйесі: (Digestive system) Ауыз қуысының мүшелері – тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішектер, бауыр, ұйқы безі кіреді.асқорытыу мүшелерінде ас майдаланып, сілекеймен шыланады, құрамында асқорыту сөлінің өсерінен химиялық ыдырайды.

  2. Жүрек- қан тамырлары жүйесі (Cardio- vascular system) : Жүрек жиырылып, қанды қан тамырлары арқылы зат алмасуға байланысты жасушалар үнемі оттек пен басқа қажетті заттардыалып, ал организмді зиянды заттардан тазартады.

4.1 Жүрек (Heart)

4.2 Қан тамырлары



  1. Тыныс алу және зәр шығару жүйелері (Respiratory and urinary systems): Тыныс алу (Breathe)организмді оттекпен қамтамасыз етуге және одан көмірқышқыл газын шығаруға қатысады.

Зәр шығару жүйесі ( Urinary system)организмнен зат алмасудың сұйық өнімдері – организм тіршілік әрекетінің заттарын шығару қызметін атқарады.

5.1 Мұрын қуысы (The nasal cavity)

5.2 Мұрын – жұтқыншақ (носолотка)

5.3 Көмей

5.4 Кеңірдек

5.5 Өкпе


5.6 Бронхылар

5.7 Бүйрек – зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі болып табылады.

5.8 Несепағар

5.9 Қуық – зәр жиналып, зәр шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады.



  1. Жүйке жүйесі (The nervous system) барлық жүйелерді біріктіреді, олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді.Жүйке жүйесі мен мүше арасындағы байланыстың бұзылуы оның қалыпты қызметін тоқтатады.

6.1 Ми (Brain)

6.2 Жұлын

6.3 Жүйкелер


  1. Эндокриндік аппарат (Endocrine apparatus) (грек. еndon - ішкі және krino – бөліп шығару) аппаратқа ішкі секрецияның әртүрлі бездері жатады.Әр без нақты химиялық құрамы бар биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады. Бұл заттар барлық жасушалардың, организм ұлпалары мен тұтас организмнің қызметін реттеуге қатысады.

7.1 Гипофиз

7.2 Қалқанша без

7.3 Бүйрек үсті безі

7.4 Ұйқы безі

7.5 Жыныс бездері

ІV. Бекіту тапсырмалары.

І –нұсқа

1.Аталған мүшелердің атқаратын қызметтерін тауып, әрқайсысының тұсына сәйкес әріпті жазыңдар.



Мүшелер

Мүшелердің қызметі

1. Кеңірдек

2. Өкпе


3. Бүйрек

4. Ашішек

5. Аналық без

6. Гипофиз

7. Ми


А.Химиялық қосылыстарды ыдырату.

Ә. Химиялық заттардың қанға сіңірілуі.

Б. Қанның сүзілуі (фильтрация).

В. Ауаны өткізу.

Г. Жыныс жасушаларының түзілуі.

Ғ. Организмнің іс- әрекерін басқару.

Д. Организмнің іс- әрекетін реттеуші гармондарды бөліп шығару.

Е. Газ алмасу.



2.Бір мүшенің басқа мүшеден негізгі айырмашылығы:

а) құрылысы мен атқаратын қызметінде;

ә) оларды құрайтын ұлпалардың түрінде;

б) шығу тегінде;

в) дамуға қабілеттілігінде;

3. Берілген тапсырманы толықтырып, түсініктердің арасындағы байланысты табыңдар.

а) бүйрек: зәр шығару жүйесі – кеңірдек : ______________________________

ә) тері : эпителий ұлпасы - _____________________________________: сүйек.



ІІ–нұсқа

1.Аталған мүшелер мен құрылымдарды жүйелерге бөліп орналастырыңдар.



Жүйелер

Мүшелер мен құрылымдар

        1. Тірек –қимыл

        2. Жүйке

        3. Асқорыту

        4. Эндокриндік

        5. Тынысалу

6. Зәр шығару

7. Қанайналым

8. Жабын

9. Жыныс


а) ми;

ә) капиллярлар;

б) гипофиз;

в) бауыр;

г) көмекей;

ғ) шаш;


д) жауырын;

е) тырнақ;

ж) бүйрек;

з) жатыр;

и) ұйқы безі;

к) қарынның сілемейлі қабықшасы;

қ) бронхылар.


2. Жасушалар мен ұлпалардың химиялық құрамының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі:

а) қандағы глюкозаның деңгейі;

ә) мүшенің көлемі мен мөлшері;

б) бөтен сигналға реакция көрсету жылдамдығы;

в) жүйке импульсын өткізу жылдамдығы.

3. Берілген сөйлемдерді толықтырып аяқтаңдар:

А. Асқорыту процесінде органикалық заттар ___________________және __________________жүреді.

Ә) Қанның көмірқышқыл газымен қанығуы __________________жүреді.

Б) Ішкі секреция бездері қанға ______________________бөліп шығарады.

В) Адам организмінің құрылысын зерттейтін ғылым -__________________



Үйге тапсырма: §8 Адам организміне жалпы шолуды оқып , мазмұндау.

33-34 беттегі тапсырмаларды жазбаша орындау.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет