Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі



Дата16.07.2017
өлшемі100.99 Kb.
түріСабақ

САБАҚ:Қазақ әдебиеті

Мектеп: №31мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің есімі:Мукатова Мизамгул

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып білімін кеңейту.
2.Өлеңдегі ақын суреттеуіндегі аттың сыны мен бағасын түсіну.Өлеңіндегі жүйрік аттың портретін, ақынның жылқы малын ұлттық таным тұрғысынан бағалауын таныту.

3. Өлеңге тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасату.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Өлең арқылы ер жігіттің сенімді серігі-бәйге атының сыны мен бағасын екенін түсінеді.Өлеңге мазмұндық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар

  • Талдау нәтижесінде өлеңді өмірмен байланыстыра алады, өзіндік көзқарастарын білдіреді.Таным деректермен жұмыс жасауды үйренеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, шығармашылық қабілетін дамытады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ,қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа шығыңқы т.б.




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: тыңдалым

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін бейнетаспадан тыңдау










Сіз неліктен екенін ..... айта аласыз ба?

Оқушылар қойылатын сұрақтарға жауап іздейді.

Логикалық ой-пікірлерін дамытады.

Бейнетаспадағы аттың бейнесін көріп, өлеңін тыңдаған кезде қандай әсер алдыңдар? Сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөздік дәптермен жұмыс.


Алдыңғы оқу


«Т» кестесі әдісі.

Ш. Құдайбердіұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.



Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

1 мин


Үй тапсырмасын сұрау

5 мин


Топқа бөлу

(1 мин)



Қызығушылығын ояту.

Жаңа тақырып

(3 мин)

4мин


Сергіту сәті «Қара жорға» биі.

Үй тапсырмасын сұрау

«Т» кестесі әдісі.

C.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінен жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.

Жылқы аттары арқылы топқа бөлу. 
І топ-Тайбурыл.

ІІ топ-Шұбар.

ІІІ топ -Құлагер

Абай туралы 5-сыныпта өткен М.Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесіндегі Байкөкшенің Абайға берген батасын жасыра отырып еске түсіру.

Шырағым,ер жетерсің,

Ер жетсең,сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің, 


«Топтастыру» әдісі. (Тақтамен жұмыс)

Ұлы ақын Абай туралы не білесіңдер?




Абай



Интербелсенді тақта

Бейнетаспа

«Т» кестесі

Үлестірмелі бетшелер

Жылқы аттары жазылған қима қағаздар

 


Мағынаны тану кезеңі

Ой –толғаныс кезеңі


Білу.  АКТ және оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер (диалог) модулі арқылы жаңа сабақты түсіндіру:

Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер –ой байлығынан алған үш үлкен саласы туралы әңгімелеу.

1.Бейнебаяннан өлеңді тыңдау.

-Бейнебаяндағы аттың бейнесін көріп, өлеңін тыңдаған кезде қандай әсер алдыңдар?

Сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:



Түсіну. СТОҮ модулі арқылы алған теориялық білімді практикада қолдану (оқулықпен жұмыс):

INSERT- белгі қойып оқу. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » өлеңін оқи отырып, өздерің үшін жаңа, мағынасы таныс емес, түсініксіз сөздердің тұсына + таңбасын салып отырады.

Сөздік дәптермен жұмыс.

(Өзім түсіндіріп беремін)

1.Қамыс құлақ-
2.Қой мойынды-

3.Қоян жақ-
4.Үңірейген сағақ-

5. Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ-

6.Салқы төсті-
7.Бота тірсек-

8.Жауырыны жалпақ-


Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, жұмыр тұяқ, тақыр бақай-бәйге атының мықтылығының, төзімділігінің, жүйріктілігінің, әсемділігінің белгілері.


Қолдану.СТОҮ модулі арқылы алған теориялық білімді практикада қолдану (оқулықпен жұмыс):

І топ. Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жазу.
Жауабы: Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке

Пәнаралық байланыс.
Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтіру.
Қой
1. Қорада қой су ішіп тұр
2. Кітапты орнына қой

Ой
1. Оның ойы ұшқыр


2. Ауыл ойға қарай қоныс тепті

3.Ойып тастаған жерге топырақ төкті.


Жақ
1. От жақ
2. Адамның дене мүшесі
3. І, ІІ, ІІІ жақ

ІІ топ Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп жазу.
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
(Аттың суретінен дене мүшелерін көрсетеді)

ІІІ топ Өлең мәтініне сүйеніп, сөздерді сәйкестендіру.

кекілі тояттаған бүркіттей

құлағы мойынды

қой жұмыр

жағы шоқпардай

төсі қамыс



Талдау.

Үш топқа да сатылай кешенді талдау

1. Авторы: Абай Құнанбайұлы –ұлы ақын, аудармашы, жазба әдебиеттің негізін салушы.


2. Тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: ер қанаты жақсы атты суреттеу
5. Шумақ саны: 7
6. Тармақ саны: 28
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9. Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) омоним - көсем, ер, ат,жал,
ә) эпитет – қой мойынды, салқы төсті, шақпақ етті, қамыс құлақ, бөкен қабақ, қоян жақ, теке мұрын, бота тірсек,
б) теңеу - шоқпардай, тояттаған бүркіттей, жалпақ тақтайдай,
11. Өлеңнің түйіні: «... Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас Разы емен осындай ат мінбесем»

Жинақтау. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі арқылы алған теориялық білімді пысықтау (топтық жұмыс)

Төрт түліктің бірі – жылқы туралы ұғымдарын кеңейту.



І топ. Төрт түліктің бірі – жылқы туралы не білетіндерін ортаға салып, постер қорғайды.

ІІ топ. «Тұлпар –ердің серігі» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?

ІІІ топ. Жылқы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп жазу. Төмендегі мақал-мәтелдерді сәйкестендіру.

Айдың ізін ай басар,        Аптада мінсең қунақ.

Жақсы ат жанға серік,    Ат айналып қазығын табар.

Су айналып жазығын табар,    Аттың ізін тай басар.

Атты күнде мінсең тулақ,       Жақсы ит малға серік

Бағалау

 

Интербелсенді тақта

Бейнебаян

Интербелсенді тақта

Слайд арқылы түсінік беру.

Жылқының суретінен дене мүшелерін көрсету.

Кестемен жұмыс

Үлестірмелі бетшелер

Жылқының суретінен дене мүшелерін көрсету.

Сәйкестендіру кестесі

сатылай кешенді талдау



Слайдтар,қима қағаздар, A3 форматты қағаздар,

түрлі-түсті қалам, қарындаштар, стикерлер

Аяқталуы

Кері байланыс «Бес саусақ » әдісі арқылы 3мин

Бағалау 1 мин

Үйге тапсырма беру 1 мин


Үлестірмелер

«Бес саусақ» әдісі



Қосымша ақпарат



Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс








«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Смайликтер тарату арқылы





Әдебиеттік оқу

Қазақ тілі

Өнер

Спорт


Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?



1.

2. «Бағдаршам»әдісі арқылы өздерін бағалауы



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет