Сабақтың тақырыбы: А. Тоқмағанбетов. Бидай мен Қаңбақ Сынып: 2 Сабақ мақсаты



Дата21.01.2018
өлшемі69.88 Kb.
түріСабақ
Пән:әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: А. Тоқмағанбетов. Бидай мен Қаңбақ

Сынып: 2

Сабақ мақсаты: Автордың өмірі, шығармашылығымен таныстыру; мысалдың мазмұнын меңгерту; тәрбиелік мәнін ашу; бидай, қаңбақ жайлы жаңа мағлұматтар беру; өз ойын, пікірін дәлелдей білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

- Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету;



- Ой - өрісін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, математика

Құралдар: смайликтер, дәптер, қалам,тақта,бағалау парақтары, карточкалар, автор суреті,жұмбақтар. 

Әдіс-тәсілдер: «Тақырыптық түйінді сөздер», топпен жұмыс, жұптық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп, кейіпкердің образына кіріп оқуға машықтанады; сөйлеу тілі, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме: Оқулық 2 сынып Б. Т. Қабатай, С. Р. Рахметова, 2013 Алматы «Атамұра»; әдістеме.

Сабақ кезеңдері

Кірікті

рілген модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас-

тыру кезеңі


Білу


СТО


ОЖТ

«Достық шеңбері» тренингін өткізу.

Топқа бөліну.

Үй жұмысын тексеру:

Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен».Өлеңді бөлімдерге бөліп оқыту. 

Қосымша сұрақтар қою арқылы сұрақтар беру. 1. Даланың түсі қандай? 2. Алма қалай піседі? 3. Аспанды не қаптады? 4. Жел қандай? 5. Тырнасы қайткен? 6. «Күз» өлеңімен «Ұнатам күзді мен» өлеңінің ұқсастығы, ерекшелігі неде? 7. Күздің басқы және соңғы кездерін қай өлең - нен байқайсың? 8. Өлең сендерге қандай көңіл күй туғызды?


Оқушылар хормен айтады:

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

І-топ. «Зеректер».2-топ. «Білімділер» 

2-топ. «Білімділер» .

1-топ. «Күзгі дала,табиғат» 
2-топ.Күзгі еңбек. 

3-топ Күз мезгілі туралы үйде салып келген суретті әңгімелейді. 
Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.


Түсіну

СТО

ТжДбж


Бағдар

шам /бағалау/

Жаңа сабақ. 
Жұмбақтар шешу. 
Ұзын мұртты сарылар, 
Қойнында наны бар. (бидай) 
Шеңбер жасап өседі 
Желмен бірге көшеді.(қаңбақ) 
А.Тоқмағанбетов «Бидай мен қаңбақ». 
І)Автор туралы мағлұмат беру. 
Асқар Тоқмағанбетов -19 қыркүйек 1905 жылы Қызылорда облысы,Тереңөзек ауданында дүниеге келген.Ақын жазушы,Талантты акын прозайк,сатирик.Жетпістен астам кітаптың авторы. 
Ол 1-дәрежелі Отан соғысы 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.21 тамыз 1983 жылы қайтыс болған. 

Оқушылар жүмбақтарды шешіп тақырыптың атын табады.
Автор туралы мағлұмат алады.

картинки по запросу

Аскар Токмагамбетов (1905–1983 гг.)




Қолдану

ТжДбж

СТО


Бағалау парағы


1) Мысалды мәнерлеп оқу. 
2)Бидай,каңбақ туралы түсінік беру. 
Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл.Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, 
Пальша бидайы,көже бидай,жұмсақ бидай,катты бидай,көбен бидай)өседі,жабайы түрлері сирек кездеседі.Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын,көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік.Дәндә-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл.Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени т түрі белгілі.Бір гектардың 30-40 центнер өнім береді. 
Қаңбақ – жабайы өсімдік.Оның тамыры томыраққа әлсіз бекиді.Оны мал жемейді,отқа да жақпайды.Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді. 
«Бидай мен қаңбақ» атты мысал өлеңінде ақын ұшарын жел,қонарын сай білетін қаңғыған қаңбақ пен айналасы әнге масағы дәеге толы құт берекелі бидайды айтыстырады да қаңбақ арқылы еткен еңбегі жоқ,елге тиер пайдасы жоқ,белгілі тұрағы жоқ қуыс кеуде берекесіз жандарды бейнелейді. 

Оқушылар мысалды мәнерлеп оқиды.

Бидақ мен қанбақ туралы өздері білетіні айтады. Бидай мен қанбай туралы түсінік алады.

картинки по запросу перекати поле картинка картинки по запросу бидай

Қанбақ бидай



Талдау


СТО

ТжДбж


ОКжОБ
Бағалау парағы

Топпен жұмыс. 
І-топ.Мысал кейіпкері бидай туралы білгендерін топтайды. 
Бидай: 
Салмақ,молшылық,көңілді,бірлік,дән,береке. 
2-топ.Мысал кейіпкері Қаңбаққа мінездеме беру. 
Қаңбақ: 
Жеңіл мінезді,жалқау,тұрақсыз,күншіл,

мақтаншақ. 

3-топ. Мысалды оқушыларға рөлге бөліп,мәнерлеп оқыту.

Топпен жұмыс. 
І-топ.Мысал кейіпкері бидай туралы білгендерін топтайды. 
2-топ.Мысал кейіпкері Қаңбаққа мінездеме беру. 

3-топ. Мысалды оқушыларға рөлге бөліп,мәнерлеп оқыту.

Жинақтау

ОКжОБ

ОмоЖТ


ожесоо

Бағалау парағы


«Тақырыптық түйінді сөздер»

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

Сөздер банксі


Оқушыны шатыстыру үшін тақырыпқа қатысты бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырылады


Ойын «Егінді ору» 
1.Бидай масақтарының артындағы сұрақтарға жауап беру. 
2.Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты? 
3.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды? 
«Уф» десе ұшасың «Суф» десе қонасың дегенді қалай түсінесің? 
4.Дұрыс айтқан Бидай ма,қаңбақ па? 
5.Бидайдың қандай пайдасы бар? 
6.Бидайдан қандай тағамдар жасайды? 
Дұрыс жауап берген балаларды бағалау. 
Көп бидай масағын жиған топты мадақтау.




Негізгі сөздерді осы жерге ауыстырылуы тиіс
Біздің тақырып

Дұрыс жауап берген балаларды бағалау. 
Көп бидай масағын жиған топты мадақтау

Рефлексия

Бағалау



ОүБжОБ

Әр бала стикерді үш смайликтің біреуіне жабыстырады.

–Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім, көңіл-күйім?


Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалау парағына тапсырмаларды орындау белсенділігіне қарай -жасыл,қызыл,сары түс белгілерін қойып отырады, қорытынды шығарады.

Үй жұмысын беру.


Өте жақсы жақсы орташа



dsc01672

Бағалау парақшаныі қорытындысын шығару.
Мысалды мәнерлеп оқу. Мысал желісі бойынша сурет салу. 


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет