Сабақтың тақырыбы 3 Топырақ және оның құрамы мен құрылымы



жүктеу 46.65 Kb.
Дата01.04.2018
өлшемі46.65 Kb.
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар





Сабақтың тақырыбы

7.3.4.2. Топырақ және оның құрамы мен құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

Топырақтың құрамы мен құрылымын сипаттап, құрамы мен қасиетінің маңыздылығы мен қалыптасуын анықтайды (топырақ түзуші факторлар, қарашірінді, (гумус))

Сабақтың мақсаты

Топырақ, топырақтың құрамы оқушылардың ойлау әрекеттерін әрі қарай дамыта отырып, топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығында екенін ұғындыру,, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Бағалау критериі

Түсіну:

-Оқушылар топырақтың құрамы мен құрылымы және оның қасиетінің маңызын түсінеді;

Қолдану:

- «топырақ» ұғымын кеңінен ашып, топырақ құрамын анықтайды, тәжірбие жүзінде топырақ құрамын анықтайды.

Талдау:

- топырақтың қалпына келтіру шаралары мен қасиеттерін талдайды;

Жинақтау:

- оқушылар топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығы және тіршіліктің пайда болуында, шаруашылықта топырақтың маңызы зор екені туралы өз ойларын білдіреді;

Тілдік мақсаттар

Мәтінмен танысады, оны оқиды және сол арқылы топырақтың пайда болуы және тіршіліктегі маңыздылығын зерделейді. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді. Негізгі ұғымдар: топырақ, топырақ түзуші факторлар, топырақтану, топырақ құрамы, топырақ құрылымы, қарашірінді (гумус), құнарлылық туралы мәлімет береді.

Құндылықтарға баулу

Топырақты қорғауға, сақтауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға, топырақты қайта қалпына келтіру шараларына ат салысуға баулу, географиялық мәдениетке тарту.

Пәнаралық байланыс

Экология – топырақтың құрамының бұзылу себептерін анықтағанда

Биология – топырақтағы тіршілік әлемімен танысқанда

Алдыңғы білім

Биосфера ұғымының мазмұны. Биосфераны зерттеумен айналысқан ғалымдар. Биосфера қабаттары.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



Сергіту сәті. «Досымның бойындағы қасиет»

Топқа бөлу.

Қара, қызыл, сұр түстерге бөлінеді.

«Жалғастыр» әдісі арқылы оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Формативті бағалау және өзін- өзі бағалау.






Сабақтың ортасы

Ой шақыру.

Топырақ не үшін қажет?

Топырақтың құнарлылығы.

Қазақстандағы топырақ түрлері

Формативті бағалау.

Топтық жұмыс.



«Қара, оқып шық, жазып ал.» әдісі

Қара топ. Топырақ туралы ғылым.

Қызыл топ. Топырақ бөліктері.

Сұр топ. Топырақ құрылымы.

Топтар бір-бірін бағалау


Тәжірбиелік жұмыс. Бейнеролик көрсету.

-Топырақ құрамын анықтау.

Қара топ. Бір кесек топырақты суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? ( Ауа)

Қызыл топ. Бір уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қойып

қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болады. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа не бар? ( Су)



Сұр топ. Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады. Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? (Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол қарашірік)


Оқулық, А4 парағы, , кесте, атлас карта

А. Егорина.

С. Нұркенова

Е.Шимина география 7- сынып Алматы Атамұра 2017жыл


География және табиғат Ғылыми педагогикалық журнал 2017ж
АКТ

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушыларға проблемалы сұрақтар қойылады:

Қазақстанның қай аймақтарының топырағы шаруашылық үшін тиімді?

- Топырақтың құрамы мен құрылымының бұзылуының себебі неде?

- Топырақтың құрамы мен құрылымының қайта қалпына келтіру үшін не істеу керек?

Формативті және өзін-өзі бағалау
«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не білгендерін өрмек торын құру арқылы сабақты жинақтайды.

Формативті бағалау.




жіп




Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

«Топырақтың табиғат үшін қандай маңызы бар» Эссе

Әртүрлі әдіс- тәсілдерді орындата отырып, әр тапсырмаға балдық баға беру арқылы жетелей отырып, білім деңгейін анықтау.




Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар;


А.Тақырыпты түсініп, оқып келу.

В.Кескін картаға Қазақстанның топырақ түрлерін түсіру.

С.Адамдардың шаруашылық қызметің оң және теріс әсерінен топырақтың бұзылуы жайлы материалдар жинақтау.

Оқушыларға тәжірбиелік жұмыстарды орындағанда қәуіпсіздік ережелері ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлекция




: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет