Сабақтың тақырыбы : Табиғи ресурстары



жүктеу 50.25 Kb.
Дата19.07.2017
өлшемі50.25 Kb.
түріСабақ
Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі: С. Зинуллина


Сыныбы: 7 «а»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстары

Мақсаты: Оқушыларға өз өлкесінің табиғи биологиялық, минералды, жер,су ресурстары туралы түсіндіру

Оқу нәтижесі:

  • Биологиялық, су, жер, орман ресурстары туралы біледі;

  • Табиғи ресурстардың маңызы туралы түсінеді;

  • Табиғи ресуртарды картадан көрсете алады.


Ресурстар: Атлас, карта, кескін карта, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті бояулар

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Тұжырымдамалық карта», «Плюс – минус – қызығамын» кестесі

Сабақ барысы:

Мотивациялық кезең:

Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушы назарын сабаққа аударады,топқа жер, су, орман, тіршілік) деп бөледі.

«Домино» әдісі арқылы үй тапсырмасы пысықталады.

Операциялық кезең

Жаңа сабақтың тақырыбы жазылып, сабақтың мақсаты айқындалады.



Дәйексөз

«Көсем де, шешен де елден шығады,

Не қажетің жерден шығады»

Халық даналығы

Жаңа ақпарат

Адам тіршілігіне пайдаланып жүрген және болашақта пайдаланатын табиғат байлығының барлық түрін табиғи ресурс деп атайды.

Өлкеміз табиғи ресурстарға бай. Оған пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы, ормандар мен шалғындар, жануарлар, минералды шикізат, су, күн, жел энергиясы, жауын-шашын ылғалдары жатады. Келешек ұрпақ тапшылық көрмеуі үшін табиғат байлықтарын сақтап, молайтып отыруымыз керек, әйтпесе ресурстардың кейбір түрлері таусылып қалуы мүмкін (мысалы, металл рудалары, тас көмір, мұнай, табиғи газ т.б.). Мұндай ресурстар қайтадан қалпына келмиді. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін табиғат заңдылықтарын білу қажет. Өйткені географиялық қабықтағы құбылыстар мен процестер өзара тығыз байланысты. Адамдар осы заңдылықтарды шаруашылықта дұрыс пайдаланса, табиғи ресурстардың кейбір түрлерін қалпына келтіріп, тіпті көбейтуге болады. Табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.

Табиғи ресурстардың жіктелуі: таусылатын табиғи ресурстар қалпына келмейтін және қалпына келетін болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы оның қоры мен адамдардың шаруашылық қызметінде пайдалану дәрежесіне байланысты. Олардың жер қойнауындағы қоры шектеулі. Сондықтан олар шаруашылықта пайдаланғанда қалдықсыз технологияны қолданып, барынша тиімді өңдеу қажет.

Қалпына келетін табиғи ресурстарға топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, минералды ресурстар жатады. Бұл ресурстар пайдалануға байланысты біртіндеп қалпына келіп отырады. Егер олардың қалпына келу қарқынынан пайдалану қарқыны өсіп кетпесе, онда қоры қайта қалпына келеді. Бұл табиғи ресурстарының қалпына келу уақыты әр түрлі. Мысалы: жануарлар дүниесі бірнеше жылда, орман алабы тек 60-80 жылда қалпына келеді, ал топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл керек. Сондықтан оларды қалпына келтіріп, қорын молайтып, қорғап, тиімді пайдалана білу керек.

Сарқылмайтын табиғи ресурстар ғарыштық, климаттық және су ресурстары болып үшке бөлінеді.

Судың жалпы қоры өзгермейді және таусылмайды. Бірақ адамдардың шаруашылық қызметінен өлкемізде судың қоры азайып немесе ластануы мүмкін (Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл т.б.). Ауыз су проблемасы жылдан-жылға қиындауда. Сондықтан тұщы су қорын барынша қорғау керек.

Климаттық ресурстар – атмосферадағы ауа мен жел энергиясы таусылмайды. Соңғы жылдары өнеркәсіп пен көліктердің дамуына байланысты ауаға лас заттар (шаң-тозаң, улы газдар, түтін) бөлініп, адамдардың денсаулығына ғана емес, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің өмір сүруіне де үлкен зиянын тигізіп отыр. Сондықтан ауаны таза ұстау – бүкіл адамзат алдындағы жауапты міндет.

Ғарыштық ресурстарға күн радиациясы мен теңіздердің толысу энергиясы жатады. Бұл ресурстардың көлемі мол және бұлар сарқылмайтын ресурстар. Бірақ өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда ауадағы шаң-тозаң мен тұтасқан түтіннің қоюлығынан күн радиациясының жерге түсуі нашарлайды да, мұның өзі адамның денсаулығына зиянын тигізеді.

Жер қыртысының үстінде және жердің онша терең емес қойнауында жатқан минералды ресурстар ашық әдіспен өндіріледі. Ашық әдіспен негізінен құрылыста қолданылатын шикізаттар: ізбес, құм, бор тағы басқа ресурстар, сонымен қатар шымтезек, көмірдің, темір және мыстың кейбір түрлері өндіріледі. Ал жер қойнауының терең қабаттарында жататын қатты пайдалы қазбаларды жер асты шахталарында арнайы құрылғылардың көмегімен өндіреді. Сұйық және газ тектес пайдалы қазбалар жердің үстіне арнайы бұрғыланған скважиналармен шығарылады. Пайдалы қазбалардың кейбір түрлерін өндіру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады. Мысалы тұз өндіру үшін оны жердің астында скважинаға су жіберіп ерітеді, ал күкірт сияқты шикізатты скважина арқылы берілген ыстық бумен ерітіп барып өндіреді. Өлкенің пайдалы қазбаларын, олардың өндірілу жолдарын оқыған кезде осы тәсілдердің қайсысы қолданылатынын, қандай әдіспен өндіру қолайлы болатынын, экологияға зиян келмейтін жағын қарастыру қажет.





Сызба - 3. Табиғи ресуртар

Атырау облысы территориясының тектоникалық өзгерістерінде жанартау және тау түзілу процестері болмағандықтан пайдалы қазбалары көбіне шөгінді жыныстар мен ежелгі теңіз жануарларының қалдықтарынан тұратын құрылымға байланысты болып кездеседі. Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады.

Жергілікті халық өте ерте кезден бастап табиғи шұңқырлар мен сор беттерінен мұнай тұнбаларын алып оны түрлі ауруларға емдік қасиеті үшін пайдаланған. Әрине облыс территориясындағы мұндай табиғат байлығы әлем жұртшылығын алаңдатпай қойған жоқ. ХҮІІІ ғасырда Орал-Ембі ауданын белгілі ғалым, геолог, топографтар зерттей бастады.

Мұнай мен газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды, құрылыс индустриясы шикізаттарын (борды, бор-мергельді жыныстарды, гипстерді, сазды, құмды әктасты, кирлер мен тұщы және минералды су көздерін) айтуға болады.



Бораттың өнеркәсіптік маңызы бар кені дүние жүзінің бір-ақ жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. Ол Индер және Сәтимолла тұзды құрылымдарында.


Сызба – 4. Өлкеміздегі табиғи ресурстар


«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы сабақ белсенділендіріледі.

  1. Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты жазады.

  2. Оқушылар басты ұғымға қатысты түйінді идеяларды жазып, оларды орталықпен біріктіру үшін стрелкаларды қолданады. Оқушылар әр түйінді идея үшін әр түрлі түстерді және маңызды сөздер мен ұғымдарды сызып көрсету үшін мәтін белгілегішті пайдалана алады. Сонымен қатар, оқышылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана алады.

  3. Оқушылар негізгі идеялардан туындайтын идеяларды көрсету үшін оларды стрелкамен байланыстырады.

Әр топ өзінің «Тұжырымдамалық картасын» таныстырады

Рефлексиялық кезең
«Плюс – минус – қызығамын» кестесін толтыру


Плюс (+)

Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады

Минус (-)

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады

Қызығамын (?)

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен ұшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауап келтіру





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет