Сабақтың тақырыбы : Шамалар мен олардың өлшем бірліктері



жүктеу 53.74 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі53.74 Kb.
Күні:13.03.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Шамалар мен олардың өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: оқушылардың шамалармен және олардың өлшем бірліктерімен таныстыру. Үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыру жолын меңгерту.

Білімділік: Берілген есептердің шығарылу жолын меңгерту. Берілген есептердің шығарылу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: «Алтын қақпа» ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, қақпа суреттері,кестелер
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз аман болсын

Балалардың сабаққа керекті құрал - жабдықтарын алдыру. Балалардың назарын сабаққа аудару.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы балаларға оқыту. Дұрыстығын тексеру.
Кім жылдам?
250 + 14000 + 9 = 14 259 230484 – 80 – 400 = 230 004
78478 – 70000 - 8 = 8040 450020 + 3000 +8 = 453028
12320 + 2000 + 30 + 5 = 14355 986235 – 80000- 200 = 906035
ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
«Ойлан тап»
Мына мысалдарды шығарып, сандардың астына тиісті әріпті жазсаң, бүгінгі сабағымызға қатысты сөз шығады.
1 2 3 4 5 6 7
ш а м а л а р
(88 – 80): 4 = 2  А
27: (99 - 90) = 3 М
(79 – 34): 9 = 5 Л
(27 + 22): 7 = 7 Р
1: (73 – 72 )= 1 Ш
( 9+ 3): 3 = 4 А
25 * 0 + 6 = 6 А
Мағынаны ашу
Бүгінгі сабағымыз шамалар және олардың өлшем бірліктері
Ұзындықтың, Массаның, Уақыттың атайықшы

Километр---------Тонна---------- Ғасыр,


Метр---------------Центнер--------Жыл,
Дециметр-------Килограмм------Ай,
Сантиметр--------Грамм--------- Апта,
Миллиметр-----------------------Тәулік,
Сағат
Минут
Секунд
Енді, балалар, бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз, «Алтын қақпаға» жету үшін мысалдарды, тапсырмаларды дұрыс орындайық.
І қақпа. «Тас қақпа»
Оны ашу үшін тақтадағы мысалды қарайық.
1 – мысал (қажетті сөз бен сандарды қой)
1 сағатта 60 минут бар. 1 аптада 7 күн бар.
1 жылда 12 ай бар. 1 минутта 60 секунд бар.
1 сағатта 3600 секунд бар. 1 ғасырда 100 жыл бар.
1 минутта 60 секунд бар. 1 сағат 3600 секундқа тең.
168 сағат 7 тәулікке тең. 1 жылда 365 күн бар.
2 – ші Кеспе қағаздағы есептеулерді орындаймыз.
5 ц 82 кг – 98 =4 ц 84 кг 90 ц 25 кг: 5 = 1805кг
3 м 27 см + 2 м 61 см =5 м 88см 3 ғ. – 73 ж. =2 ғ.27 ж
3 т 95 кг + 51 т 263 кг = 54т 358 кг 3 т – 150 кг = 28 ц 50 кг
14 сағ 12 мин – 35 мин =13 сағ37 мин 4 кг 600 г * 9 = 41кг400 г.
II қақпа «Күміс қақпа» ашылу үшін есептердің шешуін табуымыз керек.

4 – есеп.Ауызша


а) Адамның өкпесі арқылы тәулігіне шамамен 10 000 л ауа өтеді. 1 айда адам өкпесі неше метр ауаны өткізеді және тазалайды? 1 жылда ше?

а) 1. 10000 ∙30=300000 л – 1 айда.

2. 10000∙365=3650000 л -1 жылда.

ә) Спортшылардың тамыры минутына 60 рет соғады, ал спортпен айналыспайтын адамдардың тамыры минутына 78 рет соғады. Спортшының жүрек бұлшық еті 1 сағатта неше рет жиырылады? Спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті ше? Олардың әрқайсысының жүрек бұлшық еті 1 тәулікте неше рет жиырылады?

ә) 1. 60∙60=3600 (қағыс/сағ) – спортшы.

2. 78∙60=4680 (қағыс/сағ) – спортпен айналыспайтын адам.

3. 3600∙24=86400 (қағыс/тәул.) – спортшы.

4. 4680∙24=112320 (қағыс/ тәул) – спортпен айналыспайтын адам


ІV Сергіту сәті
7 дм = 60 см
1кг = 1000 г
1ғас = 100 жыл
1 км = 1000 м
1 т = 100 ц
1 мин = 30 сек

Жазбаша Есептердің жауабын табамыз
5 - есеп
а) Екі фермер бақшаға әрқайсысы 200 түп құлпынайдан отырғызды. Бірінші фермер бақшаны жақсы күтіп, әр түптен 200 г құлпынай жинады. Екіншіге қарағанда бірінші фермер қанша грамм құлпынай артық жинады? Олар екеуі бірігіп қанша құлпынай жинады?



Отырғызылды-200 түп c:\users\админ\desktop\құлпынай1.jpg c:\users\админ\desktop\қ 2.jpg

1-фермер-1түптен 500г

2-фермер-1т 200г

Ш:500*200= 100000

200*200=40000

100000-40000=60000 1-ші фермер артық жинады

100000+40000=140000 Бірігіп жинады

ә) Бірінші фермердің 50 қойы, ал екінші фермердің 80 қойы бар. Шамамен әр қойдан 6 кг жүн қырқылады. Олар екеуі бірігіп неше килограмм жүн қырқады.

1-Фермер-50 қой

?кг жүн


2-Фермер-80 қой
Қырқылды 1қойдан-6кг жүн
Ш; (50+80)*6кг=780кг Ж: 780кг жүн


Ал, балалар III қақпамыз «Алтын қақпа» есігін ашылу үшін 6 - есептерді шығаруымыз керек.
а) Химия комбинаты атмосфераға 1 жылда (365 күн) 96 360 бірлік зиянды заттар шығарады. 1 күнде атмосфераға қанша зиянды заттар түседі? Бір айда ше?

1жылда(365 күн) -96360 б.зиянды зат

1күнде-?

1айда-?


Ш: 96360:365=264 (1 күнде)

264*30=7920 (1айда)

Балалар, соңғы тапсырма өзіндік жұмыс.
Кім бірінші болып дұрыс орындаса сол бала алтын қақпаны ашады.
ә) Ұшақтың жылдамдығы 500 км/сағ, бұл пойыздың жылдамдығына қарағанда 10 есе артық. Ал велосипедшінің жылдамдығы пойыздың жылдамдығынан 35 км\сағ кем. Велосипедшінің жылдамдығы қаншаға тең?

V(ұшақ) -500км/сағ 10 есе артық

V(Пойыз) -?

V(велосипедші) -? 35км/сағ кем

Ш:500:10 =50 км/сағ (пойыздың жылдамдығы)

50-35= 15км/сағ (велосипедшінің жылдамдығы)


Ой толғаныс


«Алтын қақпадан» білім, оқу, байлық деген сөздер шықты.
Балаларға оқу, білім, байлық туралы мақал - мәтелдер айтқызу.

1.Оқу –білім азығы

Білім –өмір қазығы

2.Оқу- инемен құдық қазғандай

3.
V. Сабақты қорытындылау
Балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келе мен сендерге бәйге сұрақтарын дайындадым.
1 т мақта ауырма 10 ц темір ауыр ма? (=)
1 ондық 3 бірлікті 4 бірлікке арттыр. (17)
Қиылыспайтын екі түзуді не дейміз? (параллель)
2 тәулікте неше сағат болады? (48 сағат)
1 жыл 7 айда неше ай болады? (19 ай)
Балалар бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Сондықтан да білімді болуға тырысайық.
VI. Үй тапсырма 93 - бет, 3 – есеп
VII.Бағалау.

№1 кеспе қағаз

90ц 25 кг : 5 = кг
3ғ. - 73ж. = ғ. ж.
№2 кеспе қағаз

3т - 150кг = ц кг


4кг 600г * 9 = кг г

5ц 82кг - 98кг = ц кг

№3 кеспе қағаз

3м 27см + 2м 61см = м см


3т 95 кг + 51т 263кг = т кг
14сағ 12 мин – 35 мин = сағ мин



©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет