Класс 2 Пәні :Дүниетану
Сабақтың тақырыбы : Өсімдік –тірі ағза Мақсаты: Білімділік: Өсімдік-тірі ағза екенін, оның тұқымынан өсетіні , жер бетіне шығуы жайында ұғым беру. Өсімдіктердің топтарымен және оның ерекшеліктеррімен таныстыру,білімдерін кеңейту Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ақыл-ой, сөздік қорын , түсінгенін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өсімдіктерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Аралас Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топтық Сабақтың көрнекілігі : суреттер,сызбалар, үлестірмелі топтық тапсырмалар, жұлдызшалалар, тәжірибелік заттар. Сабақтың барысы . І.Ұйымдастыру: Амандасу , Псмихологиялық дайындық: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Оқушыларды текшелер тарату арқылы топқа бөлу. І-топ Айым .ІІ-топ Күнім. ІІІ-топ Гүлім.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау:
Бүгінігі сабақта жұлдызға жету үшін өз білімізді ортаға саламыз. Үш топ оқушыларына топтық тапсырма беру.
-
Топырақ құрамын ата
-
Топырақтың құрамында ауа, құм ,саз, бар екенін қалай дәледейміз.
-
Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі? Өсімдік пентопырақтың байланысын ата.
Әр топ оқушылары тақтаға шығып өздеріне берілген тапсырмаларын қорғау.
Топ оқушыларының жауаптарына сәйкес жұлдызшалар тарату,
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІV.Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту:
Олар тірі ағзалар. Құнарлы топырақта не жақсы өседі?
-Топырақ арқылы қоректенеді, жарықты , суды, жылуды қажет етеді.
-Балалар мен не туралы айтып тұрмын?
-өсімдіктер
Суреттерін көрсету:
Өсімдік тірі ағза. Өсімдік үш топқа бөлінеді.
Бұта-тобылғы, жыңғыл,,итмұрын, қараған.
Ағаштар-қайың, шырша, емен, тал.
Шөптер- Өсімдіктер бірден пайда болмайды. Өсімдіктің тіршілігігінде өзгерістер біртіндеп пайда болады.
Тұқмы-өнуі-бүрі-жапырағы-гүлі-жемісі.
Тұқымнан өскуен өскін топырақ арасынан жер бетіне шығады. Өсімдік өскін шағында өте нәзік болады.
Өсімдіктің балауса шағы : Одан әріөсімдіктің жапырақтары топырақ арасына жайылады. Өсімдік топырақ арасына толық бекіп жеміс береді.
Бұл өсімдіктің жетілген шағы .
Белгілі мерзім өткенде өсімдіктер қартаяды., жапырағы қурап өсімдіктің тіршілігі тоқтайды. Сонымен өсімдік тірі ағза екенін дәлелдейді. Сонымен өсімдік өсіп өну үшін , барлық өсімдіктер қоректенеді., тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қажет етеді.
Сергіту сәтін жүргізу.
Музыка әуенімен қимыл қозғалыс жасау
Оқулықпен жұмыс:
Шығармашылық тапсырма : Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
Өсімдікке қажетті жағдайлаоды суреттен тауып оқып бер.
Ауа, су, қорек, жарық, жылу.
-Мәтінді іштей оқу
-бәтіннді бөлікке бөліп жеке-жеке оқыту
«Кім дұрыс, кім бұрыс»ойыны:
Әр топ оқушылары бағдаршамның түстерін таңдайды. Қызыл түс сұрағы :
-
Өсімдік тірі ағза
-
Өсімдік суды қажет етпейді
-
Гүлден жеміс пайда болады
Жасыл түс:
-
ЖАсыл заттардың бәрі өсімдіктер
-
Өсімдік өскін шағында өте нәзік болады
-
Өсімдік жарықты қажет етеді
Сары түс:
1.Өсімдік жапырақ арқылы қоректенеді
Өсімдік тамыр арқылы қоректенеді
Көктемде ағаш жапырақтары сарғаяды
Дәптермен жұмыс:
Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды жаз
Қорытынды .
-қане балалар мына тақтадағы берілген сөйлемді оқиық.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендейбүгінде қазақстандықтар ел болып жұмылып , көгалдандыру жұмыстарын қатысуы тиіс.Себебі бұл біздің болашақ ұрпаққа , өзімізге және Табиғат анаға жасап отырған сыйымыз. Бұл игілікті іске әрбір азамат ат салысуы қажет.Әсіресе жастардың қатысуы аса маңызды»-деді Н.Назарбаев.
Олай болса, барлығымыз жесыл ел бағдарламасын қолға ала отырып, айналамызды жасыл желекке айналдыру біздің міндетіміз.
-Сонымен біз не өттік, не білдік?
-Оқушылардың жауабы :
Үйге тапсырма :
1-деңгей :Мәтінді оқып мазмұндау
2-деңгей: Мәтінді оқып мазмұндау. Ағаштардың суретін салу
ІІІ-деңгей: Мәтінді оқып мазмұндау. Бұталар,ағаштар туралы мәлімет жинастыру.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |