Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»



жүктеу 116.57 Kb.
Дата21.04.2018
өлшемі116.57 Kb.
түріСабақ
Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тілекқабыл Бибігүл Тілекқабылқызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Апта

Күні:

-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» (1-сағаты)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы өлеңнің мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу,оқушылардың көркем оқу шеберлігін ой-өрістерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Жас өрендердің туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сілтеме

Әдістемелік нұсқаулық

Ресурс: «Тіл үйренуде стратегияларды қолдану»

Оқулық:Алматы «Мектеп»200

Интернет материалдары,mtoli.kz



Күтілетін нәтижелер

Шығармашылық қабілеті дамиды,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөледі.Отанға,жарқын болашағына деген сенімдері артады,ұлттық намыстары оянады.




Сабақтың жүру барысы

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

3 минут

I.Ұйымдастырыу

1)Психологиялық дайындық

«Біз біргеміз»

(Оқушыларды топқа бөлу,бақылау парағын тарату.

2)Сабақтан не күтеміз

-Түйінді ой

-Қызықты ойлар

-Сұраққа толық жауап

-Жақсы баға


Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.

Оқушылардың фигура бойынша топқа бөлінеді.



-

Ұйымдастырушылық



қабілеті бар

-Көшбасшылық

қабідеті бар

-Тыңдау қабілеті жақсы,әділетті,мінезі

жұмсақ


Миға шабул

1)Туған жер,туған ел дегенде ойларыңа не түседі?

2)Туған жерге,елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?



Видео жүріп тұрады.Оқушылар топпен бірлесе отырып ойларын жазады.(эссе,өлең,сурет т.б)

Туған жер –адамзаттың кең дүние есігін ашып,өміпге келген,бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.Отанға деген сүйіспеншілігінің түп-тамыры сыйластық,татулық,бауырмалдық,бірлікте болады.Отанды,туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.




Жаңа сабақты меңгерту




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

4 минут

1)Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша Қ.Жұмаділов туралы деректермен таныстыруды сұрайды.

Әр топ оқушылары дайындалып келген деректерін таныстырады.

2 )ЖИГСО әдісі бойынша оқушыларға шығарма бөліктерін бөліп беру

1-топ 214-217 бет

2-топ 217-221 бет

3-топ 221-225 бет

Жоспар:

1-топ


1.Таулы өлкеге қонақтаған қоңыр күз

2.Жалғаыз жортқан жолаушы асқан қиын асу

3.Алдағы жолдың жоспары

2-топ:


1.Ауыр айқас

2.Ең соңғы қатер

3.Ойға оралған өкініш

3-топ:


1.Туған жерге табан тіреу

2.Айнабұлақ

3.Орындалған арман


Топ оқушылары берілген үзіндінің мазмұнын айтады.Жоспар құрады.Постер қорғайды.Түсініксіз сөздерді табу.

Топ оқушылары сұрақ дайындайды,басқа топ оқушылары бір-біріне таратады.



Сергіту сәті. Қастер Сейітханұлы «Қаздар қайтып барады»

Оқушылар құс бейнесін салады.

4 минут

Шығарманыңкомпозициялық құрылымы

1.Басталуы

2.Дамуы

3.Байланыс,шегініс



4.Шарықтау шегі

5.Шешімі


1.Жалғыз жортқан жолаушы

2.Жолдан көрген қиыншылықтар

3.Ойға оралған өткен күндер,жалғыз немере-Төлеутай

4.40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар

5.Туған жерге жету,мойындағы тұмардағы топырақты табыстау.


Топ оқушылары орындайды .

3 минут

«Қара-жап-айт-жаз-тексер»әдісі

Тапсырма:

1.Сөзге қараңыз

2.Оны жауып тастаймыз

3.Оны ауызша айтып шығамыз

4.Оны есте сақтау бойынша жазыңыз

5.Жазғандарыңызды тексеріңіз

Берілген сөздер:

Байтас,жайлау,шың,қапсағай шал,күз,малта, Тарбаға- тай,немере,тұлпар,шекпен,туған жер,аманат,тілек, Айнабұлақ,самал жел,итмұрын,қаз,өзен,шекара


Оқушылар қарап,есте сақтап айтады,қағаз бетіне түсіреді.



«Сұрақты тап»

Интербелсенді тақтадан сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылады.Қандай сұрақтар қойылды?

2


Сұрақты тап
1 3

с

6 4



5

1.Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы,қапсағай шал осы.Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді.

2.Көзі ілініп бара жатып,әлсін-әлі шошып ояна берген.Ол көбінше артымнан қуғыншы келеді деп емес,ұықтап жатқан жерімде жыртқыш аңдардың бірі бас сала ма деп қауіптенді.

3. «Я,жасаған,-деп тіледі:ол көктегі айға қалтыраған қолын жайып тұрып,-маған енді үш күндік ғұмырыңды қия гөр!Оның арғысын сұрамаймын да...Арғанатының аңғарына жеткесін,аманат жаныңды ала бер!»

"Мүмкін,Құдай сол тілегімді қабыл көрген болар,-деп ойлады ол бүгін жолда келе жатып,-өйткені бұл менің ақырғы тілегім ғой"

4.Құйып алып шыққан айраны бұдан екі күн бұрын таусылған. Содан бері таңдайын жібітіп,талшық қып жатқаны-бір уыс малта.

5.Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға оранған. Нардың жалғыз өркешіндей болып көзге алыстан шалынды.

6.Өзен ағысы қатты екен.Әлде тау басына жаңбыр жауды ма,түсі бұзылып,тастан тасқа соғып,жыртқыш аңдай өкіріп,долданып ағып жатты.



Оқушылар сұрақ қойады..

1.Жолға шыққан жолаушы қарт қайда сапар шегіп келеді?Оның сапар шеккеніне неше күн болды?

2.Қарт неге шошып оянды?

3.Қарттың тілегі не?

Қарттың жолға алып шыққан азығы не?

Шығармада өзен ағысы қалай суреттелген?



3минут

Сабақты бекіту

«Ұқсастық пен даралық»

Топ оқушылары мәтінді ұқсас мәтінмен байланыстырады.


Оқушылар өздері дайындап келген жұмыстарымен таныстырады.

3 минут

2 минут


1.Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»шығармасының соңғы бөлімін(әкесі мен баласының сөзін)аудиожинақтан тыңдау.Ой қорыту

2.Туған елге оралған қандастар

3.Бағалау парағын қорытындылау

4.Кері байланыс

«Бүгінгі сабақ ұнады ма?»


Оқушылар шығармадағы негізгі түйінді ойды анықтайды.

Қазіргі елімізге өз үлестерін қосып жүрген өнер адамдары,белгілі адамдар,спортшылар туралы дайындаған слайдтарын қарайды.





Үйге тапсырма

1)Шығармамен толықтай танысу(жер-су аттарын,бейнелі сөздерлі табу)

2)Байтас шалға мінездеме

3)Бойтұмар қасиеті туралы













Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тілекқабыл Бибігүл Тілекқабылқызы

Апта

Күні:

-сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»шығармасының көркемдік ерекшелігі,

тәрбиелік мәні(2-сағаты)



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін оқушыларға таныту.Жазушының өз шығармасында ана тілінің бай қазынасын шебер қолданғандығын түсіну. Отанға,туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.Оқушыларды оқу үрдісінің барлық аспектілеріне белсене қатынастыру.

Сілтеме

1)Әдістемелік нұсқаулық

2)С.Мерзейтова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

3)Оқулық 8-сынып Алматы «Мектеп»200

4)Интернет материалдары

Sadog.kz(ұстаздарға арналған танымдық әдістемелік сайт)

mtoli.kz(аудиожинақ)



Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың танымдық қасиеттері дамиды.Бір-біріне кеңес береді,өз алдына мақсат қояды.Қателерін түзейді.Алған нәтижелерін қадағалайды.Оқушылар өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайды.




Сабақтың жүру барысы

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 минут

I.Ұйымдастырыу

1)Психологиялық дайындық

«Алақан жылуы»

2)Оқушыларды түс бойынша топқа бөлу.





Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Оқушылар өздері ұнатын түсібойынша топқа бөлінеді.



10минут


Миға шабул

«Өрмекші»ойыны



Оқушылар Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» шығармасы бойынша алған білімдерін ортаға салады.

10 минут

8 минут


Сабақты жеткізу .

1)Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасынан үзінділерді аудиожинақтан тыңдау (Шығармадағы күз,өзен,таңның атқан көрінісі қалай суреттелгеніне назар аударту)

1-топ Күздің көрінісі

2-топ Өзен көрінісі

3-топ Таңның көрінісі

2) Крестиктер-нөлдіктер

Ереже

1

2

3

4

5

6

7

8

9



  1. 1-топ(нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

  2. Мұғалім сол нөмердегі сұрақты оқиды.

  3. Жауап дұрыс болған жағдайда,1 топ сол шаршыға нөлдік қояды.

  4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда 2-топ сұраққа крестик қоюға мүмкіндік алады.

Сұрақтар:

1.Неліктен жолаушы қиын да болса,төте жолды таңдады?

2.Қуғыншыдан қауіптенбей,жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен?

3.Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?

4. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым»деуінің мәнісі неде?

5.Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не,қарт нені аңғартады?

6.Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?

7.Туған жер топырағын аттаған қарт сезім күйін,сағынышын,қуанышын автор қалай суреттеген?

8.Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет,қандай күш?

9.Қарттың 40жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың қандай?





Оқушыларға тапсырма беру.Оқушылар постер қорғайды.

Оқушыларды сан бойынша топқа бөлу.





3 минут

3) Тақырыптық түйінді сөздер(келтірілген сөздердің қайсысы жатады?)

Сөздің банкісі Біздің тақырып



Оқушыны таныстыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздер оған қатысы жоқ сөздермен араластырылып беріледі.



Оқушылар негізгі сөздерді табады.



4 минут



4)Бейнелі сөздерді табу.

1.Жаз жәрмеңкесі тарап,қоңыр күз қонақтаған.

2.Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап,шертіп тұр.

3.Жыртқыш аңдай долдана ағып жатыр.

4.Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.

5.Сай-сала үңірейіп,жұтып қоятындай болып тұр.

6.Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.

7.Өрттен қалған қу томардай болып қалды.

8.Ауылдастарының тырнағын жібітіп,сорпа-судан кенде қылған емес.

9.Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын-буыны босап,өне бойы салдырап бос қалды.





Оқушылар мәтіннен табады.Үзінді оқиды.



6 минут

Сабақты бекіту:

1)Тест сұрақтары

1.Қабдеш Жұмаділов нешінші жылы дүниеге келді?

А)1939


Ә)1936

Б)1937


В)1940

2. «Қаздар қайтып барады»шығармасын қашан жазды?

А)1965жылдың басында

Ә)1960жылдың орта шенінде

Б)1975 жылы

В)1962жылы

3.Қарт көрген қып-қызыл боп жанып тұрған екі ноқат не?

А)Туған жердің шамдары

Ә)Аспандағы екі жұлдыз

Б)Көкжалдың көзі

В)Тау басындағы өрт

4.Жел ұшырып,қолындағы киім-кешегі мен қоржынын

---------------- лақтырып жіберді де,үлкен қойтастың

бірін құшақтай алды.

А)Таудан асырып

Ә)Арғы жағаға

Б)Төменге

В)Өзенге


5.Қарттың жасы неше де?

А)65


Ә)70

Б) 50


В) 49

6.Неткен сұлу,неткен ғажап ... еді бұл?

А) Туған жер

Ә) Таң


Б)Өзен

В)Күз


7.Туған елге табан тіреген қарт бірінші қайда баруды ойлады ?

А)Ескі қыстауға

Ә)Шекараға

Б)Зират басына

В)Ауыл адамдарына

8.Адамның қу басын көргенде қарт неге дір етті?

А)қатты қорықты

Ә)Бұл кімнің сүйегі екен деп ойлады?

Б)Сүйегім жат елде қалады деп...

В)Бұл жерде жыртқыш аңдар көп екен...

9.Шіркін-ай,бұл... суындай дүниеде су бар ма екен?

А)Нұра


Ә)Айнабұлақ

Б)Тентек-Хандай

В)Еділ

10.Жаны мен тәні қалаған бір ғана тілек бар.Ол...



А)Мейірі қанып су ішу

Ә)Немересін құшақтау

Б)Тау басына шығу

В)Әкесімен кездесу

Г)Жаиу,демалу

3) Мәтіндегі жер-су,өзен аттарын теріп жазу




Тентек Халдай

Айнабұлақ

Етікші



Жер,су,өзен аттары

Көпшілік



Нұра



Тарбағатай



Арғанаты

Күнкейтас






2 минут

Кері байланыс

Оқушы дәптеріне шаршы суретін салуды сұрайды.Егер бүгінгі тақырыпқа түсінбесе шаршыны қызыл түске,тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса-жасылмен бояуды тапсырады.



Үйге тапсырма.Жерлес ақындардың шығармаларымен танысу.









©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет