Сабақтың тақырыбы : Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау



жүктеу 107.03 Kb.
Дата16.07.2017
өлшемі107.03 Kb.
түріСабақ
Биология. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қылқан жапырақты өсімдіктермен таныстыру, қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.

 1. Білімділік: Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызын, адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіру.



2. Дамытушылық: Тұрақты түрде белсенділігін арттыру.  

 3. Тәрбиелілігі:   Өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп – баптауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық, слайд, видеоролик.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақ өту әдісі: Баяндама, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын ретінде өту.

Сабақтың барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу, түгендеу.

II  Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин):

Қарағайлар тұқымдасы қылқандылар класының ішіндегі түрлер санына байланысты ең ірісі, ол 10 туысқа жататын 250-ге жуық түрлерді біріктіреді. Бұлар табиғатта таралуы мен адамзат тіршілігіндегі алатын орнына қарай ең маңызды тұқымдас болып табылады. Қарағайлар тұқымдасы негізінен Солтүстік жарты шарға тән, тек кейбір түрлері ғана экватордан төмен өтеді (Оңтүстік-Шығыс Азия). Қарағайлар Еуропа, Азия мен Американың суық және қоңыржай аймақтарында ең басты орман түзетін ағаштар болып есептеледі. Оңтүстік жарты шарда Суматра, Борнео, Ява аралдарында тек бір түр – меркуза қарағайы кездеседі. Көбінесе үлкен алқаптарда, мысалы, сібір тайгасында тек бір ғана түрден (қарағайдан, шыршадан, самырсыннан және т.б.) тұратын ормандар түзеді. Сонымен қатар үйеңкі, емен, жөке сияқты басқа да сүректі түрлермен аралас ормандарды да құрайды. Қазақстанда қарағайлар тұқымдасына жататын 4 туыс және 7 түр кездеседі.

Қарағайлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Оларды егістікті қорғау үшін пайдаланады. Қылқанжапырақтылар оттегін бөліп, көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Сондықтан адам қылқанжапырақты өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс алып, тынығады. Бұл өсімдіктерден тұрмысқа қажет ағаш материалдары, отын, қағаз өндіріледі, үй жиһаздары мен музыкалық аспаптар жасалады, шайыр, терпентин, канифоль, скипидар, глюкозидтер, ал қабығынан илегіш заттар алынады. Кейбір қарағайлардың тұқымдары жеуге жарамды, құрамында құнды тағамдық және техникалық майлар болады. Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада қолданылады. Қарағайлар тұқымдасы қысқарған өркендерінің болуы немесе болмауына байланысты 3 тұқымдас тармақтарына (самырсындар, балқарағайлар және қарағайлар) бөлінеді.

Қарағай, шырша, самырсын және өзге ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығында да маңызы зор. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Балқарағай, қарағай сүректері - қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай – Қазақстанның биік тауларында кездесетін (Алтай, Сауыр, Тарбағатай) қылқанды ағаш. Оның сібірлік балқарағай деп аталатын түрі қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге, шаңға, дауылға және ауа ылғалдығына өте төзімді.



Орманның маңызы және орманды қорғау. Жер аумағы үлкен болса да, Қазақстанда орманды жерлер көп емес. Республикамыздағы орман мен бұталардың алып жатқан жер көлемі 21,6 млн га. Бұл Қазақстан жер көлемінің 4,2 % - ы ғана. Егер әр адамға шағатын болсақ, онда 0,7 га орман көлемі тиесілі болады.

Таулы өңірлерде (Алтай-Сауыр, Солтүстік және Батыс Тәңіртау) қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай, самырсын сияқты бағалы ағаштар өседі. Солтүстік Тәңіртау өңірінде әсіресе алма, өрік, жаңғақ және қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар мен бұталар басым. Шығыс Қазақстан облысының ормандарында самырсын өседі. «Марал тамыры», тіпті алтын тамыр сияқты өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік өсімдіктер самырсынды ормандарда ғана болады. Самырсын сүрегінен музыкалық аспаптар, жиһаздар мен қарындаштар алынады.

Қазіргі уақытта ағаш сүрегімен қатар ағаш бұтақтары, жапырағы, қабығы және түбірі де пайдаланылады. Бұдан 20 – 30 жыл бұрын ағаштан 5000 түрлі заттар шығарылса, енді 20 мыңға жуық түрлі заттар жасауға мүмкіндік туды.

Орманды қорғау – адамдар үшін гигиеналық, эстетикалық және мәдени маңызы бар мәселе, Қазақстан орманы тапшы аймақтарға жатады. Сондықтан республикамыздағы ең басты міндет – ағашты үнемді пайдалану. Ол үшін оның көлемін ұлғайтып, әсіресе өрттен сақтай білу қажет. Сондай – ақ орманды зиянкестерден, әртүрлі аурулардан қорғаудың маңызы зор. Ағашты орынсыз кесіп, ысырапқа жол бермеу керек.

Қазақстанның орман белдеулерін сақтау, оларды қорғап, көбейту мәселесімен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. Орман көлемін қалпына келтіріп, көбейтудің 3 түрі тәсілі бар: егу, себу және табиғи жолмен қалпына келтіру.

Қане, балалар енді Видеоролик тамашалайық.
III. Пысықтау.

Сен білесіңбе?

Қылқан жапырақты ормандарды сақтау туралы

Ел аумағында өсетін шыршалар саудасы шектелуіне қарамастан, қазақстандық азаматтар шет елдерден әкелінген ағаштарды сатып ала алады. Сонымен қатар сауда орындарында қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарынан жасалған, сондай-ақ, контейнерлерде өсіп тұрған шыршаларды сату мүмкіндігі бар.

     Елімізде соңғы онжылдықта Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бастамасын қолдау нәтижесінде жаңа жылға орай кесілетін шыршалар саны 40 мың данадан 10 мың данаға дейін азайды.

     Ал Астанада 5 жыл бойы жаңа жылдық мерекелік шараларды өткізу кезінде жасанды шыршалар қолданып келеді.

     Биыл Республика бойынша мемлекеттік инспекторлар мен орман күзеті, сондай-ақ, табиғат қорғау полициясының қызметкерлерінен жасақталған 500-ден астам рейдтік топтар құрылып, орманды аумақтарда 320 бекет ұйымдастырылды.

     Қазақстанда 2007 жылдан бастап орман заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген зиянды есептеудің негізгі мөлшерлемелері қолданысқа енгізілді.

     Жаңа жыл қарсаңы кезінде (қараша-желтоқсан айларында) қылқан жапырақты ағаштардың 1 дана жас шыршасын шабу немесе бүлдіру салдарынан келтірілген зиянды өтеу мөлшері 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25965 теңге сомасын құрайды. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас шыршалары заңсыз кесілген жағдайда құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынып, орман шаруашылығына келтірілген зиянды өтеуге талап-арыз беріледі. Ал 7 дана шырша кесіліп, одан келтірілген зиян 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан жағдайда, құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

      Шыршаларды заңсыз кесу фактілері бойынша аймақтық полиция департаменттеріне хабарласуға болады.

ІV. Қорытынды.

Орман қорғау – орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады. Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен бақыланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады.

Дидактикалық ойынымызды бастайық.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын дұрыс айта білуге кез келген ситуацияларды шешуге баулу мақсатында «Ашықтұқымды өсімдіктер» тақырыбындағы сабағымды проблемалық оқыту әдісімен өткіздім. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға жоғары сатыдағы өсімдіктердің ерекшелігін түсіндіріп, ашық тұқымды өсімдіктердің үлестірме жинақтарын бере отырып, әрбір баланың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту және қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасын қалыптастыру болды.

1 топ – «Қарағай» тобы.

2 топ – «Самырсын» тобы.



Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасынмен таныс болайық:

  1. Нурғалиева Баршагүл.

  2. Бекеш Кәмшат.

  3. Әріпшеева Жанерке.

  4. Бақыт Нұршат.

Жүргізуші: Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

  1. «Таныстыру».

  2. «Ғажайып жетілік».

  3. «Мен саған – сен маған».

  4. «Сергіту сәті».

1-кезең. «Таныстыру». Әр топ өз топратын, төсбелгілерін таныстырады. (10 ұпай).

Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар.

Самырсын - қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны және Ақ қарағай бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.

2-кезең. «Ғажайып жетілік». 7 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.

Қарағай тобына.

  1. Ұннан тағам жасау үшін ашықты деген біржасушалы саңырауқұлақты пайдаланады.

  2. Қоректік заттар мен суды шымтезек мүгі сабағы арқылы сіңіреді.

  3. Бөлме өсімдіктерін ыдыста өсіреді.

  4. Бидай масағында сәл иіліп келген қара түсті паразит саңырауқұлағы қастауыш деп аталады.

  5. Өсімдікте жүретін фотосинтез үрдісін ашқан ғалым – К.А.Тимирязев.

  6. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады.

  7. Қырықбуын сабағы өте көп буындардан және буынаралықтарынан тұратын өсімдік.

Самырсын тобына.

  1. Өсімдіктің жақсы өсуі үшін жарық, жылу және ылғал керек.

  2. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым микология деп аталады.

  3. Қазақстанда далалық қырықбуын көп таралған.

  4. Бактериялар мен ұсақ саңырауқұлақтар топырақтағы өсімдік және жануарлар қалдықтарын ыдыратады.

  5. Басқа өсімдіктерге оратылып өсетін өсімдіктерді лианалар деп аталады.

  6. Өсімдіктер мынадай үш түрге бөлінеді: шөптесін өсімдіктер, бұталар және ағаштар.

  7. Мүктерде тамырының орнында ризоидтары болады.

Әрбір жауаптың бас әріптерін қосып оқығанда АШЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР деген сөз шығады.

3-кезең. «Мен саған – сен маған». 2-топ бір-біріне сұрақ қояды. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.

«Қарағай» тобы «Самырсын» тобына сұрақтары.

  1. Сүрек деген не?

  2. Жатаған шырша қай жерлерде кездеседі?

  3. Қарағайдың түрлерін ата?

  4. Бірүйлі өсімдік деген не?

  5. Қарағай неше жылға дейін өмір сүреді?

  6. Биіктігі екі метрден аспайтын қарағайды ата?

  7. Бүрі неше жылда піседі, оны жеуге болама?

  8. Жер бетінде ашықтұқымды өсімдіктердің неше түрі бар?

  9. Қарағайдың тұқымы қандай түсті болады?

  10. Қарағай не арқылы көбейеді?


«Самырсын» тобы «Қарағай» тобына сұрақтары.

  1. Қазақстан Республикасының орман мен бұталар алып жатқан жері, көлемі неше гектар?

  2. Самырсын Қазақстанның қай жерінде өседі?

  3. Қазіргі кезде ағаштан неше түрлі зат жасауға болады?

  4. Орманды көбейтудің неше тәсілін білесің?

  5. Қарағай неше үйлі өсімдік?

  6. Қарағайдың неше түрі бар, ата?

7. Самырсын қандай өсімдік?

8. Қарағайдың биіктігі неше м-ге жетеді?

9. Тұқым қай бүрді түзеді?

10. Аналық бүр деген не?


4-кезең. «Сергіту сәті». Көрермендерден сұрақ. Әр сұраққа 5 ұпайдан есептеледі.

  1. Қазақстанда орманды сақтау, оларды қорғау және де көбейту мәселесімен кімдер шұғылданады? (Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорация ғылыми-зерттеу институты шұғылданады).

  2. Қазіргі уақытта ағаш сүрегімен қатар ағаш бұтақтары, жапырағы, қабығы және түбірі де пайдаланылады. Бұдан 20 – 30 жыл бұрын ағаштан 5000 түрлі заттар шығарылса, енді неше мыңға жуық түрлі заттар жасауға мүмкіндігі бар? (20 мыңға жуық түрлі заттар).

  3. Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мізбақпай.

Тау етегі тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады. (Қарағай).


  1. Қысы-жазы шешпейтін,

көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін,



жаралғандай асылдан. (Шырша).

  1. Орман қорғау дегеніміз не? (орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары).



«Ашық тұқымды өсімдіктер» сабағын өткізу өсімдіктердің табиғат, жан-жануарлар, адам үшін маңызы, оқушыларға ұғындыру. Өсімдік барша табиғатқа сән беріп қана қоймайды, кисе киім, ішсе тамақ, паналаса сая, ең бастысы таза ауа беретінін біліп, өскелең ұрпақ, сіздер, айналамыздағы жасыл желегімізді қорғай білулеріңіз қажет. Проблемалық оқыту әдісінде көп ұпай жинап жеңіске жеткен топ қазылардың шешімімен марапатталады.
: uploads -> doc -> 102b
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
102b -> Синицына Ирина Юрьевна. Русско-англо-казахский словарь биологических терминов. Подробные определения терминов на трёх языках. Часть II (л-я)
102b -> Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында». Мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет