Сабақтың тақырыбы : Қасым хан. Сабақтың мақсаты



жүктеу 134.13 Kb.
Дата01.03.2019
өлшемі134.13 Kb.
түріСабақ
Садриева Шынар Талғатқызы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі.

Ырғыз ауданы,

Ақтөбе облысы.

7 сынып. Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының Қасым хан тұсында саяси –әлеуметтік,экономикалық күш қуаты жағынан әлем таныған мемлект дәрежесіне көтерілуі себептерін түсіндіру,ішкі –сыртқы жағдайы,әдет-ғұрыптық заңы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың елін,жерін сүюге ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығын нығайтуға орасан еңбек сіңірген Қасым ханның қызметін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қасым ханның портреті,суреттер,тірек-сызба,кесте ,слайд.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс,өз бетінше жұмыс,топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың катысымын тексеру,сабаққа назар аударту.


II.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

1.Қазақ хандығы өз алдына қандай міндеттер қойды?

2.Көшпелі малшылар,отырықшы егіншілер,қолөнершілер арасындаҚазақ хандығы тұсында шаруашылық байланыс қандай болды?Қандай өнім алып отырды?

3.Қазақ хандығыжер үшін қандайкөршілес хандықтарменашық соғыс жүргізді?

4.Шайбани ханмен жасасқан келісім бойынша қазақ хандығына қандай қалалар қосылды?

5.Қазақ хандығы күш-қуаты,билік беделіартқаны неден көрінеді?
III.Жаңа білімді игеру.

Жоспары:


А) Қасым хан.

Б) Қасым ханның заңдары.

В)Қасым ханның ішкі саясаты.

Г)Қасым ханның сыртқы саясаты.


Кіріспе сөз.

Қазақтың ұлы ханы-Қасым хан 1445 жылы дүниеге келіп,шамамен 1518-1520\1523 жылдары қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі әз Жәнібек ханның үшінші ұлы.Анасы-Жаған бегім.Шежіре түрінде қарасақ,Жошы хан –Тоқа Темір-Қоджа Ұғлан-Бәдіғұл сұлтан-Ұрыс хан-Құйыршық-Барақ-Жәнібек-Қасым болып тарайды.Қасым 1475 жылы Қазақ хандығы әскерлерініңбас қолбасшысы болып сайланады.



Жаңа материалды өз бетінше түсіну,қабылдау.Сыныпты 4 топқа бөліп, тақырыпшалар бойынша әр топ тапсырмаларымен танысып,әр топтан бір оқушы қалған 3 топқа өз тапсырмасын кесте ,тірек-сызба арқылы түсіндіреді.
Мағынаны тану.Оқушыларға тапсырмалар таратылады,уақыт беріледі

1-тапсырма .Қасым хан туралы өз білетіндеріңді топтастыр.

Қасым хан

Ұлы хан Жәнібек ханның ұрпағы

Бас Кемеңгер

Қолбасшы Заңгер

2-тапсырма.Қасым ханның заңдары.Қасым ханның қасқа жолы қанша бөлімнен тұрады,бөлімдерін кестеге толтыр


Қасым ханның қасқа жолы



Мүлік заңы

(жер дауы,мал- мүлік дауы)



Қылмыс заңы(кісі өлтіру,ұрлық қылу,тонау)

Әскери заң (аламан міндеті, қосын)

Елшілік жоралары

Жұртшылық заңы (ас,той,мереке)

3-тапсырма.Қасым ханның ішкі саясатты қалыптастыруы.Картамен жұмыс.

А)Сырдария ,Түркістан аймақтарындағы қалаларды қосып алды.

Б)Шығыс Жетісу жерінің Шу Талас,Қаратал,Іле өзенінің алабы қарады.

В)Батыс Солтүстік Жайық өзені алабын қамтыды.( Осы аймақтарды картадан көрсету)

4-тапсырма.Қасым ханның сыртқы саясаты.Қасым ханның дипломатиялық байланыс орнатқан елдерін кестеге орында.



Қасым хан дипломатиялық байланыс орнатты




Ресеймен

Моғолстанмен

Батыс Сібір Хандығымен

Еділ бойы елдерімен

Орта Азия хандықтарымен

Бекіту .Ой толғаныс .

Тест сұрақтары:

1.Қасым ханның таққа отырған жылы: А)1480 В)1511 С)1506 Д)1509

2.Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті саны қаншаға жетті:а)300 мың в)700 мыңғ с)800 мыңға д)1 млн-ға

3.Қасым ханның атты әскерінің саны:А)50 мың В)150 мың С)300 мың Д)200 мың

4.Қасым хан қайтыс болған жер: а) Түркістан в)Хорасан с)Сарайшық д)Сауран

5. Қасым хан тұсында бастапқы саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы болған қала: а)Түркістан В) Сарайшық с) Сығанақ д)Сауран

6. Қасым хан кезіндегі әскер саны туралы мағлұмат қай тарихшы дерегінде кездеседі: а)Бабырдың в) М.Х.Дулатидың с) Ә.Марғұланның д)Қ.Жалайыри

7.Халқының саны туралы мәлімет беретін дерек: а)Бабырдың в)М.Х.Дулатидің с) Ә.Марғұланның д)Қ.Жалайыридің

Тест жауаптары:

1.В 2.Д 3.С 4.С 5.С 6.А 7.В

Бағалау .

Үйге тапсырма:Қасым хан туралы қосымша мағлұматтар жинақтаужәне тақырыпты оқу.
Садриева Шынар Талғатқызы

Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

5 сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:
білімділік:
   Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен саяхат жасай отырып таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
дамытушылық:
    Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

тәрбиелік:
   Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Көрнекілігі:   слайд, «Киіз үй», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қолөнер бұйымдары»,буклеттер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы.
Оқушыларды түгендеу.Сабаққа зейінді аударту.
ІІ. Жаңа материалды оқып үйренуге дайындық.А)Қызығушылықты ояту

ки3з 8й0амшыеркел3
Оқушыларға суреттер көрсетіледі (Оқушылар жауап айтады).Бұлар біздің халқымыздың қол жеткен табыстарымен шығармашылығының жиынтығы,яғни біздің материалдық мәдениетіміз.Бүгінгі сабағымызда Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы айтамыз.

ІІІ. Жаңа материалды өз бетінше түсіну,қабылдау.Тақырыпты бөлімдері бойынша әр топқа бөліп дайындалуға уақыт беру.1 топқа қазақ халқының баспанасы,2 топқа ұлттық киімдері,3 топқа ұлттық қолөнер,үй жихаздары.Әр топ өз тапсырмасын келесі 2 топқа түсіндіреді,өзім сол бөлім бойынша толықтырып,слайд арқылы қысқаша түсінік беріп отырамын.

 I.Қазақ халқының баспанасы.Алғашқы адамдардың мекендері, баспаналары қандай болды?


Тау қуыстарын баспана ретінде пайдаланды. Еңбек құралдары дами бастаған кезде, шаруашылық  түрелерінің көбеюіне байланысты үй салуды үйренді. Киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған.Киіз үй үлкен-кішілігіне қарай: 4 қанатты,6 қанатты,8 қанатты,12 қанатты болып бөлінсе,Сән салтанатына қарай: Ақ орда,хан орда,қараша үй,лашық,абылайша,ұраңқай,жолым үй деп бөлінеді.

ІІ. «Ұлттық киімдері» мұражайына саяхат


     Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де, еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайларымен көрмелерінен орын алған. Жаңа сөздермен жұмыс:, сәукеле, тон(қаптама,қамзолша), шекпен, шапан,
“Ең әдемі киім- ұлтыңның киімі”   Киім –кешек ұлттың байлығы. Онда халықтың әдет-ғұрпы, салт –дәстүрі, азаматтық тарихы мен эстетикалық талғамы жатыр.

ІІІ. «Үй жиhаздары»,Мұражайына саяхат

Кебеже,абдыра,жастық ағаш,төсек ағаш,

тұрмыстық қажетті бұйымдар;саба,торсық,ағаштан келі,күбі,т.б

IV.«Қолөнер бұйымдары» мұражайына саяхат .( Слайдпен жұмыс.)

Б) Мағынаны тану.Әр топ тақырып бойынша жұмыс жасайды,тапсырма орындайды,кесте толтырады:

Қазақ халқының баспанасы

Киіз үйдің түрлері:(көлеміне қарай,сән салтанатына қарай)




Киіз үйдің құрлысы:




Киіз үй құрылымына байланысты қандай мақал білесің?




Қазақ халқының ұлттық киімдері

Ер адам киімі





Әйелдер киімі




Қыз балалар киімі




Үй жиhаздары

Үй жиhаздары





Тұрмыстық бұйымдар





Қолөнер бұйымдары

Қыз-келіншектерге арналған бұйымдар

Ерлерге арналған қажетті бұйымдар

Қолөнер бұйымдары неден жасалды?










Бекіту.Ой толғаныс .Тест сұрақтары:

1)Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы: А)Киіз үй Б)Кесене В) Сарай

2)Киіз үйдің өте қастерлі,киелі саналатын орны: А)уық Б)кереге С)шаңырақ

3)Киіз үйдің сыртына жабатын киізі не деп аталады:А)Туырлық,үзік түндік Б)кереге,уық,шаңырақ,В)Мақпал,шұға

4)Ұлттық киімдерді ата: А)шапан,шалбар,жемпір, Б)шапан,сәукеле,қамзол

5)Ұлттық жиhаздарды ата: А)Кебеже,диван,шкаф Б)Абдыра,төсек ағаш,кебеже

6)Қолөнер бұйымдары неден жасалған: А)әйнектен,шыныдан Б)Алтын,күміс,асыл тас,сүйек В)Темір,қола,қорғасын

7)Қыз- келіншектердің әшекей бұйымдарын кімдер жасған?А) Кедейлер,шаруалар Б)Ұсталар,зергерлер В)Шетелдік адамдар

8)Қазақ халқының материалдық мәдениеті деп нені айтамыз?

А)ғасырлар бойы жинақтаған шығармашылық табысы Б) ән,жыр,өнер С)Айырбас саудамен алынған бұйымдар

9)Қос қабат киізбен киіз үйді қай мезгілде жабатын болған? А)күзде Б)қыста В)Көктемде

10)Киіз үйдің есігін қалай атаған? а)туырлық Б)Уық С)Сықырлауық

11)Наркескен,сапы,селебе кімдерге арналған? а)әйелдерге Б)қыздарға В)ер адамдарға

12)Саба,торсық неден жасалған? а)ағаштан б)саздан в)мал терісінен

Қорытындылау. Құрметті оқушылар, біз бүгінгі Қазақ халқының материалдық мәдениеті тақырыбындағы сабағымызда, қазақ халқының баспаналары, ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдарын айттық. Енді осы алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
Пысықтау.Шешендік өнер. («Мәдениетім-мақтанышым!» оқушылар өздерінің шешендік өнерлерін көрсетеді)Бағалау.Үйге тапсырма: Қазақ халқының материалдық мәдениеті.Тақырыпты оқу, Әр топ өз тапсырмалары бойынша қысқаша мәлімет жазып келеді

.Тест сұрақтары:

1)Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы: А)Киіз үй Б)Кесене В) Сарай

2)Киіз үйдің өте қастерлі,киелі саналатын орны: А)уық Б)кереге С)шаңырақ

3)Киіз үйдің сыртына жабатын киізі не деп аталады:А)Туырлық,үзік түндік Б)кереге,уық,шаңырақ,В)Мақпал,шұға

4)Ұлттық киімдерді ата: А)шапан,шалбар,жемпір, Б)шапан,сәукеле,қамзол

5)Қолөнер бұйымдары неден жасалған: А)әйнектен,шыныдан Б)Алтын,күміс,асыл тас,сүйек В)Темір,қола,қорғасын

6)Қыз- келіншектердің әшекей бұйымдарын кімдер жасған?А) Кедейлер,шаруалар Б)Ұсталар,зергерлер В)Шетелдік адамдар

7)Қазақ халқының материалдық мәдениеті деп нені айтамыз?

А)ғасырлар бойы жинақтаған шығармашылық табысы Б) ән,жыр,өнер С)Айырбас саудамен алынған бұйымдар

8)Қос қабат киізбен киіз үйді қай мезгілде жабатын болған? А)күзде Б)қыста В)Көктемде

9)Киіз үйдің есігін қалай атаған? а)туырлық Б)Уық С)Сықырлауық

10)Наркескен,сапы,селебе кімдерге арналған бұйымдар? а)әйелдерге Б)қыздарға В)ер адамдарға

11)Саба,торсық неден жасалған? а)ағаштан б)саздан в)мал терісінен

12)Киім терісі үшін көбіне не пайдаланған? А) Мата,жібек Б) Мал терісі,жүн В)Киіз үй

Садриева Шынар Талғатқызы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі.

Ырғыз ауданы,

Ақтөбе облысы.


Тақырыбы : Мемлекеттік рәміздерді құрметтейік!

Мақсаты:


1.Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру.

2.Оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіре отырып ,одан әрі дамыту.

3.Оқушыларға мемлекеттік білімдердіңаса маңызды екенін,оны құрметтеп мақтан тұту керектігін,авторлардың ерен еңбегін ашып көрсете отырып, Отанды сүюге,өз елін құрметтеуге,тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, суреттер, буклеттер, ҚР Конституциясы,слайдтар.

Барысы:

Кіріспе сөз .



Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздерді құрметтейік!» аттытәрбие сағаты өткізгелі отырмыз.Олай болса ,бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!( Әнұран орындалады , мақсатымен жоспарымен таныстырылады)

Еліміздің рәміздерін атап көрелік және ол қашан бекітілді?

1-оқушы:

Тәуелсіздік алып, өркениетке аяқ басқан еліміз, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздері Ту,Елтаңба,Әнұран бекітілді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен 4-маусым «Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.ҚР конституциясында мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы ,ресми пайдалану тәртібі заңмен бекітілген.Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелігін,айырықша арман аңсарын,басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әр азаматтерең түсініп,оны қастерлей білу керек.(Слайд көрсетіледі).
Ендеше, мемлекеттік рәмізіміздің бірі-Тудың авторы кім?

2-оқушы:


Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков-Тудың авторы,Қазақстанға еңбегі сіңірген өнер қайраткері,Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушы.1938 жылы12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген.Алматы қаласының бас суретшісі.Оның ұсынған жобасы1200 –дей үлгінің ішінен таңдалынып алынды.

Ал,туда не бейнеленген?

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті .Бұл төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспанәрқашанда бейбітшіліктің,тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс-Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді,нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді.Күн- қозғалыс,өсіп өркендеу,өмірдің бейнесіҚанат жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындайбилік айбындылық бейнесі.Қалықтаған қыран елдің еркін сүйгіштігін ,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Сабы-ұлттық ою-өрнектермен безендірілген.Күн,Қыран,ою-өрнек алтын түсті.



Балалар,Ту туралы қандай ән білеміз ?Ендеше, соны орындап көрелік.

«Көк тудың желбірегені»-

Елтаңба авторлары туралы не білеміз?

3-оқушы:

Жандарбек Мәлібекұлы-ҚР елтаңбасының авторы Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші.1942 жылыҚызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпіндіауылында дүниеге келген.Ташкент политехникалық институтының саулет өнері мамандығын бітірген.Ташкнет қаласының ғылыми зерттеу жобалау институтыныңқала құрлысы шеберханасының жетекшісі жобалар жөніндегі бас саулетші,Қазір Астанада тұрады.

4-оқушы:


Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан-ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы.Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші,мемлекеттік сыйлықтың иегері,белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Солтүстік Қазақстан Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.Мәскеу архитектуралық институтын бітірген.«Қазақ қала құрлысын жобалау» институтының қызметкері.

Елтаңбада не бейнеленген?

5- оқушы:

Елтаңба негізі –Шаңырақ, Ол мемлекеттің түп негізі отбасы бейнесі.Тұлпар –дала дүлділі,ер азаматтың сәйгүлігі,тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «Бағыңыз ашылып ,жұлдызыңыз жарқырай берсін »дегенді білдіреді.«Қазақстан » деген жазуы еліміздің айғағы.



Әнұран туралы, авторлары жөнінде не білеміз?

6-оқушы:


Әнұранымыздың әнін жазған авторларының Шәмші Қалдыаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған « Менің Қазақстаным » әні келеді.Әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып,оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен.Ол еліміздің халық жүрегінде мәңгі сақталатын еліміздің құдіретті,әрі ұлы сазгері.

7- оқушы:

Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов -1960 жылдан бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы мен қолтаңбасын қалдырғандара тұлғалардың бірі.Ол 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған.1959 жылыҚазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезде курстас досы Шәмшінің «Менің Қазақстаным » атты әніне сөз жазған.Бұл ән ұлттық әнұранға айналып күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
8- оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- 1991 жылдан бері еліміздің Президенті.

2006 жылы 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.Кезінде Ж.Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы түзетулер енгізді.Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет саналады.

Әнұран еліміздің әдеби сазды құжаты болып табылады.



Оқушылар,біз өмір сүріп жатқан еліміз қай ел?

Ендеше,сол жеріміз туралы,Отанымыз туралы мақал сөздер айтып сайысып көрелік.(5 оқушы шығып ,кезекпен мақал айтады,кідіріп қалған оқушы сайыстан жеңілген болып есептеледі,соңында қалған бір оқушы жеңімпаз саналады.)

Оқушылар шығармашылығынан Туған жер,Отан туралы жырлары оқылады.



Қорытынды сөз

Сонымен біз Қ.Р. рәміздерімен таныстық. Мемлекеттік рәміздерді, белгілерді, нышандарды құрмет тұту – әрбір қазақ азаматының міндеті. Сондықтан еліміздің рәміздерін, яғни көк байрағымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды өзжанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарау, тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. Әсіресе ел ертеңі, болашағы – сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек деген қорытындыға келеміз.



Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Пәннен тыс шара

Тақырыбы: Мемлекеттік

рәміздерді құрметтейік!

( мектепішілік бірлестікте өткізілген)

Өткізген: Садриева Ш

тарих пәні мұғалімі



2014 жыл

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қазақ халқының

материалдық мәдениеті.

( мектепшілік бірлестікте өткізілген)

Өткізген: Садриева Ш.

тарих пәні мұғалімі

2014 жыл

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қасым хан

( мектепішілік бірлестікте өткізілген)

Өткізген: Садриева Ш.

тарих пәні мұғалімі

2014 жыл




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет