Сабақтың тақырыбы : Алмадан тосап дайындау



Дата05.02.2018
өлшемі38.36 Kb.
түріСабақ
Пәні: технология.

Пән мұғалімі: Жарилгасинова Сабила Оринбасовна №253 орта мектеп

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Алмадан тосап дайындау.


Сабақтың мақсаты: Алма жемісінің тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды. Алмадан тосап дайындау үшін алманың Қазақстанда өсетін қазақ селекционерлері өсіріп шығарған түрлері қоланылады. Алма және оның тосабы ежелден ем -дәмдік тағам ретінде және ас қорыту бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған.
Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да қолданған. Алма тосабы тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да пайдалы.

Білімділігі:
Алма тосабы туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
Алманың тосабы түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;

Тәрбиелілігі: Алма тосабының адам ағзасына пайдалылығы.
Жаңа сабақ:
Жеміс — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды - алма.
Алма — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12 - сінің шаруашылықтың маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл, биіктігі 3 — 10 м болады. 3 — 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 — 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Өсімдік туралы
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40 - тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20 - сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т. б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3 - 12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады. Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20 - 100 жыл, биіктігі 3 - 10 м аралығында жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3 - 4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15 - 20 жыл. Ал, 30 - 35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Құрамы: Алма құрамында 83 — 88 % су, 7, 5 — 16 % қант, 0, 2 — 0. 8 % қышқыл, 9, 5 — 18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28 — 1, 0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай - ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырынынан шарап, сусын тосаб дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың тосабының пайдасы
Жеміс - жидектің, оның ішінде алма тосабының денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай - ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.

Қортындылау:

Бағалау.

Үйге тапсырма. Алма тосабын дайындау.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет