Сабақтың тақырыбы : Алғашқы ондықтар мерекесі Сабақтың мақсаты



Дата22.12.2017
өлшемі48.4 Kb.
түріСабақ
Ембі қаласы № 1 орта мектебі

«Алғашқы ондықтар мерекесі»


Өткізген: Жанабаева А.К


2012-2013 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ондықтар мерекесі

Сабақтың мақсаты:

1.Бағдарламаға сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып он көлеміндегі сандарды қайталауға , тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

2 . Оқушылардың танымдық іс- әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу , өмірге деген көз қарасын , білімге құштарлығын арттыру.

3. Оқушының ақыл ойын математикалық стильін , интеллектуалдық сезімін, логикалық ойлау қабілетін арттыру.


Әдісі: Сұрақ –жауап ,жаттығу , өзіндік ,ұжымдық ,топтық жұмыстар .

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

І Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Психологиялық әзірлік.

Ойға толы санамыз

Бестік болып бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ , өйткені біз болашақта сапалы білім алып , еліміздегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына кіру.

Бүгінгі сабағымыз мектебімізде «Келешек кемеліне- біліммен атты онкүндікте » қосқан үлесіміз болмақ. Бүгінгі сабағымызға әр түрлі ертегілер кейіпкелері қонаққа келмек ,олар бізге әр түрлі тапсырмалар ала келген.

Қызыл телпек ертегісі ол бізге «Қалт етпе, қағып ал»ойынын ала келіпті.

2,3,4,5,6 сандарының қосумен азайту кестесін пысықтау.

3+2=5 8-1 8+1 8-6 10-1

4+1=5 6-2 7+2 9-9 7-5

7+1=8 7-2 5+1 3-2 5-4.

Өткенді пысықтау.

Қосу амалының компоненттері : қосылғыш , қосылғыш, қосындының мәні.

Азайту амалының компоненттері: Азайғыш ,азайтқыш ,азайтындының мәні.

2 . «Үйшік ертегісі»

Аюдың тапсырмалары

«Кім жылдам » ойыны арқылы әрбір санның құрамын еске түсіру.


4

3

2


3

1

1



1

5



«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкері Түлкінің келуі

Цифрлар неге ұқсайды?



Бірге ұқсайтын бұл не?

Ол кәдімгі ине

Сабақтап жіп іл де ,

Қада онымен түйме

Ат жеккен де арбаға ,

Тәртеге бойлар доға

Екі доға түйіскен,

Қара , аумай тұр Үштен

Бес жасағың бар ма?

Онда орақты ал да,

Сабына оның жалға ,

Көлденең қайтып балға.

Жазда шөпті шабар,

Қыста тыныш табар.

Шалғы бар әр үйде,

«Жетіге» ұқсас бәрі де

Акробат қыз мықты

Сахна шықты

Бүктеліп белі қайысты ,

Тоғыз болып майысты.



Айдың көлдің бетінде

Мойнын иіп жүзгенде

Аққу ма бұл Екі ме,

Деп қаламыз біз кейде

Ұқсастығын табады

Зер салғандар мынаған :

Тура «Төрт» боп қалады

Орындықтар құлаған

Есікке салар іліп

Мынау деген құлып

Аузы ашылған қалып

Айнымаған «Алты »

Мынау жатқан қайшы

Ал Сегіз сан қайсы?

Оның екі көзі

Сегізіңнің өзі

Күн суықта қолға ал,

Киіп алдым қолғап .

Жаурамайды енді

Он саусағым тоңғақ

Аспандағы Ай

Цифрға ұқсас қай?

Толған кезде ол,

Аумай қалған «Ноль»




Қасқыр келеді .

Сонымен қатар математика сабағында Санамақтар үйренгенбіз.

Кәне кім санамақ айтып береді?

Бір дегенің – білеу, Бір дегенің – белің,

Екі дегенің- егеу, Екі дегенің – елің

Үш дегенім –үскі, Үш дегенің – үйің

Төрт дегенім –төсек, Төрт дегенің - түйін

Бес дегенің-бестік, Бес дегенің - бұйым

Алты дегенің –асық, Алты дегенің- ойың

Жеті дегенің-желке, Жеті дегенің - жайын

Сегіз дегенің – серке, Сегіз дегенің – сайын

Тоғыз дегенің- торқа, Тоғыз дегенің – тойың

Он дегенің -оймақ, Он дегенің - ойын

Онбір қара жұмбақ,



Тышқанның тапсырмасы : Өлең есептер

Бес алманың үшеуін Үшеуі аз деп балапан

Досың сұрап алады Қосты тағы үш балапан

Айтшы сонда нешеуі? Табыңдаршы ойлынып

Өз қолыңда қалады? Қанша болды балапан?
Маратта бар 4 іні Көлден үшті 7 қаз

Мұратта бар 1 іні Қайтып қонды 2 қаз

Қоссақ 4 пен 1 ді Қонбады оның нешеуі

Неше болады шешуі? Қане кім тез шешеді


Алма ағашта бес алма Табақта 5 өрік

Қандай тәтті , жесе алма , Қолымда 1 өрік

Бесеуінде жеп қойсам, Қосқанда барлығын

Қалады онда неше алма? Болады неше өрік?


Сергіту сәті

Бір –орныңнан жайлап тұр.

Екі- ауа мен қолды серпі,

Үш - саусақты қозға салмай күш.

Төрт –еденге қолмен жет,

Бес – жүгіріп суды кеш.

Алты- қарлығаш боп қалқы.

Жеті – орныңда секіріп бекі,

Сегіз – қолымызды қайшылаймыз егіз .

Тоғыз- өкпеге ауа сорғыз ,

Он – көбелекше жайлап қон.
Буратино тапсырмасы

Санға байланысты мақал –мәтелдер айту.

1.Білекті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар,

2. Жүз сомың болғанша ,

жүз досың болсын

3. Жеті рет өлшеп ,

Бір рет кес.

4. Бір тал кессең, он тал ек.

5.Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,



Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет