Сабақтың тақырыбы : §51 Афрка материгінің халқы, саяси жағдайы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 38.73 Kb.
Дата04.04.2018
өлшемі38.73 Kb.
түріСабақ
Нұрышева Света Бахитовна

география пәнінің мұғалімі

31 мектеп-гимназиясы



Атырау қаласы

Сыныбы: 7 «а»

Сабақтың тақырыбы: §51 Афрка материгінің халқы, саяси жағдайы.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларға Африканың халқы және елдері, ұлттық, діни, тілдік құрамы, басқару жүйелері жөнінде түсіндіру

ә) Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелігі:. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, Сұрақ-жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, фото суреттер, кесте.

Пәнаралық байланыс: Дүние тарихы, бейнелеу, еңбек.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV.Қорытынды



  • Сыныппен сәлемдесу.

  • Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, сыныпты қалыпқа келтіру)




  • Сергіту сәті

  • Оқушыларды түс арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасы

І-тапсырама «Сұрақ-бізден, жауап –сізден» топқа ортақ сұрақ қойылады. Әр топ бір-бірінің жауаптарын толықтырап отырады.
1. Африка материгінің табиғат зоналары?

2. Африка материгінің табиғат зоналарының таралып орналасуы?

3. Табиғат зоналары дегеніміз не?

4. Африка материгінің ерекше қорғалатын аймақтары?

5. Адам әрекеті әсерінен табиғат зоналарының өзгеруі?
ІІ-тапсырма Ой толғаныс (Африка материгінің табиғаты) туралы бейнесюжет. Оқушылар бейнесюжетке қарай отырып, өз ойларын айта бастайды. Жаңа сабақты бейнесюжет арқылы ашып аламыз.

Жаңа сабақты баяндау.

Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн астам . Материк халқының нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрлелі Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі. Африка байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңүстікке қарай таралған негрлер мекендейді. Эфиопия таулы қыраттарын мекендейтін эфиопиялықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Еуропалық тектестер нәсілге жататын халқтар Африканың сотұстігі мен оңтүстігінде тұратын Осы нәсілге солтүстік Африканы мекендейді.Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда 700 жуық жергілікті тіл бар.Кесте арқылы түсіндіру.



Тутси, хими

Солтүстік Африка саванналарында мекендейді. Ең бойшаң халық.

Пигмейлер

Экваторлық ормандарда мекендейді. Бойлары ең аласа халық.

Нилоттар

Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында тұрады.

Бушмендер мен готтентоттар

Калахари шөліне қоныстанған.

Эфиоптар

Эфиопия таулы қыратын мекендейді.

Арабтар, берберлер

Солтүстік Африканы мекендейді.

Француздар

Жерорта теңізі жағалауында тұрады.

Африканерлер, ағылшындар

Оңтүстік Африкада тұрады. Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары.

Жаңа сабақты бекіту.

ІІІ-тапсырама Топтық жұмыс «Кластер» қорғау

І –топқа (Халқының тілдік құрамы)

ІІ –топқа ( Шарушалығы, діні)

ІІІ –топқа ( Халқы мен елдері) Әр топтан оқушылар шығып өз постерлерін қорғайды.

ІУ –тапсырма

«Ыстық орындық» әрбір топтан бір оқушы шығарып, ортадағы орындыққа барып, жәшік ішіндегі сұрақтарды алады.

1. Африканың халқы?

2. Африканың аймақтары?

3. Африканың халқының тілдік құрамы?

4. Африка елдерінің басқару формалары?

5. Солтүстік Африка елдері?

У- тапсырма Бортты журнал әдісі.

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?


Сабақты бағалау. Күн сәулелеріне өз ойларын жазады.


Үй тапсырмасы. §51


Афрка материгінің халқы, саяси жағдайы.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет