Сабақтың тақырыбы : " Қалдық заттардан сырға жасау "



Дата18.06.2018
өлшемі48.68 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : “Қалдық заттардан сырға жасау

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, қалдық заттардан істей білуге, ой-өрісін кеңейту, ізденіспен шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: үлгілер сызбасы, нұсқау картасы.

Құрал-жабдықтар: Пластикалық құты, қайшы, темір, май, шам, моншақ,

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, экономика, математика, әдебиет.

Сабақ барысы:

l Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу ;

Ә) оқушыларды түгендеу ;

Б) оқушылардың құралдарын тексеру ;

В) оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлау.

ll Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау, мадақтау



lll Жана сабақ.

Кіріспе сөзбен бастау.



Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтын тақырыбы ашылады.

Қ
















А













Л
















Д



















Ы

Қ













Т

























А










Р









  1. Пішуге, кесуге арналған (Қайшы)

  2. Табиғи талшық түрі (Мақта)

  3. Мойынға тағатын әшекей (Алқа)

  4. Ағаштан жасалған ұлттық үй жиһазы (Асадал)

  5. Шашқа тағатын қыздардың әшекей бұйымы (Шолпы)

  6. Мата қалдықтарынан құрастырылып, жасалатын ерекше бұйым (Құрақ)

  7. Фурнитура түрі (Түйме)

  8. Мойынға тағатын әшекей бұйым (Моншақ)

  9. Қыз – келіншектердің әшекейі (Сырға)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалдықтармен жұмыс жасау. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей, сырға жасау үшін тұтынуға жарамсыз пластикалық құтыны қолдануға болады.

Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние жүзі халықтарына тән әдет. Сырғаны көбіне әйелдер құлаққа тағады, кейбір елдерде мұрынға тағу да (Үндістан мен Африкада) кездеседі.

Сырға – неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған.

Б.з.бұрын 2 ғасырдан бастап алтын, күмістен асыл тас орнатылып жасалған. Сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған. Қазіргі кезде қалдықтарға екінші өмір сыйлау мақсатында қалдықтардан әр түрлі заттар жасап үйренуге болады. Әрине, қолдан жасалынған сырға оқушыларды қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын түсіру арқылы қалдық пластикалық құтыдан сырға жасаймыз.



lV Сарамандық жұмыс:

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз.

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:


  • Қайшы өткір болуы керек.

  • Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың он жағына қоямыз.

  • Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.

Сыммен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

  • Сымның ұшын көзге жақындатуға болмайды.

  • Сымды жерге тастама

  • Сыммен ойнама, аузына салма.

Керекті құралдар: Пластикалық құты, қайшы, сым темір, май шам, моншақ, үлгілер.

Оқушыларға дайын үлгіні таратамын. Үлгіні пайдаланып, қалдықтармен сарамандық жұмыс жасайды


1-кесте.



Дайындалу реті

Сызбасы

Қажетті құрал-жабдықтар

1

Пластикалық құтыны 3 түрлі өлшемде сызып, қиып алу.



Пластикалық құты, сызғыш,қарындаш, қайшы

2

Қиылған үлгілерге гүл күлтесін салу, қиып алу.Әр қайсысы екі данадан.



Қайшы, қарындаш

3

Дайын гүл күлтесін май шамға ұстап, балқыту арқылы, гүл пішінің алу.Күлте айналасын тегістеу.



Май шам, оттық, қиылған гүл күлтесі.

4

Тегістелген күлтенің ортасын қуыстап бүру және үш күлтені біріктіріп ортасын қыздырылған инемен тесіп, моншак өткізіп,сыммен біріктіру.



Май шам, сым, ине, моншақ, қысқыш.

5

Дайын гүл күлтелі сырғаға ілмешегін өткізу.



Дайын гүл күлтелі сырға екі ілмешек, қысқыш.


V Сергіті сәті “Көңілді күн”

Vl. Сабақты бекіту.

1 Қалдықтармен жұмыс жасау үшін қандай материал қажет?

2 Бөлшектерді қалай біріктіреміз?

3 Техникалық қауіпсіздік ережесі сақталдыма?

4 Сырға не үшін қажет?

5 Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдындар?



Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кемшіліктері болса айтып түсіндіріп, қортындылап, бағалаймын.

Vll. Үйге тапсырма беру. Жұмысты толық аяқтап келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет