Сабақтың тақыры: «Бәйтерек өмір ағашы»



жүктеу 34.42 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі34.42 Kb.
түріСабақ

Пән: Дүниетану

3 В бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сабақтың тақыры: «Бәйтерек – өмір ағашы»


Мектеп: Береке орта мектебі

Күні:

Сынып: 1



Мұғалімнің аты- жөні

Қатысушылар саны:24 Қатыспағандар:



Оқу мақсаттары.

1.1.2.2. Өткен және қазіргі заманғы оқиғалар туралы тарихи әңгімелерден үзінділерді білу және мазмұндау

1.1.4.1. Өзінің тұратын жерін (қоршаған ортасын), сонымен қатар өзінің тұрған жерінен тыс басқа жерлерді де білу



Сабақ мақсаты:

Тірек сөздер:

Ескерткіш – монумент - monument

Ресурстар

Н.Ә.Назарбаев суреті, Бәйтерек, түрлі түсті маркерлер

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды топқа бөлу. Алдыңғы білім туралы мәлімет . «Мен қазақпын», «Қазақстанның рәміздері», «Көне жазбалар», «Алтын адам туралы аңыз» Оқушылар өз білгендерін ортаға салып айтып береді.

  1. Бейнефильм: Н.Өнербаевтың «Жапырағын жайған бәйтрек» әні.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар? ( Бәйтерек туралы)

https://www.youtube.com/ watch?v=mn4JJP7pZbU («Бәйтерек туралы» деректі фиьм )


Негізгі бөлім

Суреттермен жұмыс (презентация бойынша)

Оқушыларға бәйтеректің суретіне қарап тұрып, сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.

Бұл жұмыстан кейін мұғалім сұрақтар қояды.

Суретке қара. (Ж) Балалар, бәйтерек ағашын қайдан көреміз? Бәйтерек туралы тағы не айтуға болады? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)

Кең далада зәулім Бәйтерек ағашы өсіпті. Самұрық құс оның ұшар биігіне алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ Айдаһар оны үнемі жеп қоятын болған.

Аңыздың соңын қалай болжауға болады?



Анықта. (Ж) Астанадағы монумент неліктен «Бәйтерек» деп аталған? (Оқушылардың жауабы)

Ойлан (Т) «Ата- бәйтерек, бала - жапырақ» деген мақалды қалай түсінесің?

Оқушыларға мәтінді өз беттерінше оқу тапсырылады.

Бәйтерек – Астана қаласындағы көрікті жерердің бірі. Бұл монумент ертедегі ата-бабамыздың дүниені қалай түсінгенін көрсетеді. Ғимараттың авторы – әйгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Монументтің биіктігі – 97 метр.

Ізден.

Бәйтеректің төменгі, ортаңғы, жоғарғы бөліктерінде не орналасқан?

Бұл сұраққа жауап алу үшін «Бәйтерек» бейнефильмін көру



Сен білесің бе?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Елордамызда «Астана – Бәйтерек» монументін салу туралы ұсыныс жасады.



Дәптермен жұмыс (ЖТ)

  1. Самұрық құстың және Айдаһардың суретін боя.

  2. Төмендегі қажетті сөздердің ішінен Самұрық құсты және Айдаһарды сипаттайтын сөздерді таңда.

  3. Оларды тиісті бағанға көшіріп жаз.

  4. «Бәйтерек» - Астана қаласының символы. Ал сен өзіңнің ауылыңа қандай символ ойлап табар едің? Суретін сал.

Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимн,ту, елтаңба сөздері жазылған карточкалар. Батырлар, көне жазбалар суреті

Қорытынды бөлім

Рефлексия «Табыс баспалдағы»




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



  1. Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

  2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу

  2. Рефлексия

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, №110 мектеп-лицейі



Бастаыш сынып мұғалімі: Төрегелдиева Ұлболған




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет