Сабақтың негізгі оқу мақсаты



жүктеу 78.57 Kb.
Дата18.06.2018
өлшемі78.57 Kb.
түріСабақ

Сабақ: 54

Мектеп: № 274

Күні: 07.04.17ж.

Пән мұғалімі: Жанузакова А.Б

Сынып: 9 «Ә»

Қатысқандары: 24

Қатыспағандары:0

Сабақтың негізгі оқу мақсаты

Адамның табиғаттағы жүйелік орнын, оның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін ғылыми тұрғыдан түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Адамның жануар дүниесіндегі орнын, адам және адамтәрізді маймылдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қоғамдасып тіршілік етуін сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • оқушылардың басым бөлігі эволюция туралы түсінеді. Адамның жануар дүниесіндегі орнын атай алады. Адам және адамтәрізді маймылдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі.

Кейбір оқушылар: адамның қоғамдасып тіршілік етуінің мәнін түсініп, эссе жаза алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: адамның шығу тегін, адамның сүтқоректілерге ұқсас екендігі туралы талдайды, ойын ашық жеткізе біледі, сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: саналы адам, рудименттер, атавизм

сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Адамның жануар дүниесіндегі жүйелік орыны дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам мен адамтәрізді маймылдардың арасында ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері қандай?

Еңбек, қоғамдасып тіршілік ету дегенді қалай түсінесің?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Дәптерге негізгі сөздіктер мен адамың жануар дүниесіндегі жүйелік орнын жазады.

Алдыңғы тақырып

Жасанды жүйе мен табиғи жүйе. Антропогенез кезеңі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Басталуы 3 минут.

3 минут


1.Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесеу, түгендеу, психологиялық тренинг – жаттығу өткізу, есімдерін атап, жылы тілек білдіру. Оқушылар санау арқылы

4 топқа бөлінеді.



Мақсаты: оқушылардың көңіл күйін білу, сабаққа назарын аудару, ынтымақтаса отырып жұмыс істеуге жұмылдыру.

Оқушы әрекеті: сәлемдеседі, есімдерін атап, жақсы бір тілек білдіреді, топқа бөлінеді.

2. Өткенді еске түсіру. «Сұрақ- жауап»

Мақсаты: органикалық дүниенің жүйеленуінің жасанды жүйесін еске түсіреді, табиғи жүйенің ерекшеліктерін біледі.

Оқушы әрекеті: сұрақтарға жауап береді.

1.Қазіргі кездегі тірі организмдердің саны қанша және оның өсімдіктер мен жануарларға қаншасы тиесілі?

2. Табиғи жүйенің авторы кім және ол жүйенің негізгі ерекшеліктері нені бейнелейді?

3. Қандай ғалымдардың еңбектерінде адамның шығу тегі туралы ой – пікірлер мен тұжырым айтылды?



Таймер

Интер белсенді тақта, слайд



Ортасы

3 минут


10 минут

10 минут


3 минут

8 минут


2 минут


3.Жаңа сабаққа дайындық.

«Кинометафора» әдісімен миға шабуыл.

Адамның шығыу тегі (бейнематериал)



Мақсаты: бүгінгі сабаққа қатысты тақырыпты ашу.

Оқушы әрекеті: Бейнетаспадағы оқиғаға өзіндік пікірін білдіреді.Тақырыпты анықтайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады, дәптерге жазады.



4.Жаңа сабақты оқып үйрену.

  • Топтық жұмыс.

  • Кластер құрастыру.

1-топ. Жануар дүниесіндегі адамның жүйелік орыны.

2-топ. Адам мен адамтәрізді маймылдардың ұқсастықтары

3- топ. Адам мен адамтәрізді маймылдардың айырмашылығы.

4- топ. Еңбек. Қоғамдасып тіршілік ету



Мақсаты: мәтінді өз бетінше оқиды, талдайды, түсінгенін қағаз бетіне түсіреді.

Оқушы әрекеті: оқушылар төрт топ бойынша, өздеріне берген мәтінді оқып танысады, топ ішінде талдайды.

Топ ішінен 1, 2, 3, 4 - ке дейін санап, әр сан мүшелері өздерінше топ құрады. Жаңадан құралған топ мүшелері тақырыпты ортада талдайды, бір-біріне түсіндіреді, кластер құрастырады. Оны топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.



5.Бекіту.

Дәптермен жұмыс (термин сөздерге анықтама жазғызу)

Саналы адам, рудименттер, атавизм,



Мақсаты: оқушылар биологиялық тілді меңгеріп, термин сөздерді қолдана алады.

Оқушы әрекеті: тақырыпқа қатысты термин сөздерге анықтама жазады.

Сәйкестік тесті.

Мақсаты: Оқушы тақырыпты қаншалықты меңгергенін біледі, ой қорытады.

Оқушы әрекеті: Оқушы жауап пен сұрақтың ретіне сәйкестей отырып белгілейді. Жұптаса отырып, тапсырмаларын ауыстырып жаубын тексереді.


Жануар дүниесіндегі жүйелік орны

Белгілері

1. Хордалылар типі
2. Омыртқалылар тип тармағы:

3. Сүтқоректілер класс


4. Ұрықжолдастылар класс тармағы

5. Приматтар отряд




а) ұрпағы жатырда дамиды

ә) үш дыбыс сүйегі бар

б) жүйке түтігі

в) төрт қуысты жүрек

с) омыртқа жотасы бар

д) ұрық жолдас арқылы

қоректенеді

е) тістері жеке топтарға бөлінген

ғ) жұтқыншағы маңында желбезегі бар

ж) сүт тістердің тұрақты болуы

з) көкет


Жауабы: 1-б, ғ; 2 - с,в; 3 - е,з,ә; 4 - а,д; 5-ж

Бағалау шкаласы: 1-3- «2» , 4-6- «3», 7 -8 -«4»

9-10 -«5»

6. Қорытынды. «Ой қорыту»

Адамның бейімделуі неге байланысты?

Адамның бейімделу ерекшелігі неде?

Сол кездегі адамдардың әлеуметтік жағдайларына не жатады?

Адам эволюциясындағы еңбектің рөлі қандай?

Пікірталас

Адам эволюциясы қазіргі кезде жалғасуда ма?

/ Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.



7. Бағалау: Қалыптастырушы (формативті) бағалау.

Топтар «Ыстық алақан» дұрыс жауаптарды қол соғу арқылы бағалайды. Сәйкестік тесті бойынша, критерий арқылы бағалау.




Интербелсенді тақта,

электронды оқулық

Жазу дәптері, оқулық

А3 парақша, маркерлер


Жазу дәптері, оқулық

Интер белсенді тақта, слайд

Интербелсенді тақта, слайд
Таймер

Таратпа материалдар, слайд


Бағалау шкаласы

Слайд, оқулық



Аяқталуы

3 минут


8.Үйге тапсырма: §54 оқу. «Адамды адам еткен – еңбек» дегенді қалай түсінесің? (эссе жазу)

Рефлексия. Сабақтан алған әсерлері туралы рефлексия парағына жазады.

Мен бүгінгі сабақтан не білдім?

Мені қызықтырғаны...

Мен түсінбедім...



Күнделік

Рефлексия парағы



Қосымша ақпарат.

Сарлау – Сіз қосымша көмек

көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ- мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Кейбір оқушыларға шығармашылық жұмыстар жасауда түсінік беремін.

Мәтіннің түйінін ашуды тапсырамын.



  • Бағалау парағы

  • Кері байланыс

  • Қауіпсіздік ережелері

  • Қоғамтану

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ туралы өз пікірім

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Мәтінді оқып жүйелі түрде баяндай алды.

2. Сөздерді мағынасына қарай қолдана алды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушыларды сабақтың әр бөлімінде қалыптастырушы бағалау.

2. Адам эволюциясындағы еңбектің рөлі туралі түйінді ой айтып, сұрақтарға жауап берді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет