Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды бисермен жұмыс істей білуге үйрету және оның шығу тарихымен таныстыру



жүктеу 68.75 Kb.
Дата22.04.2018
өлшемі68.75 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: БҰЙЫМДЫ СУМОНШАҚПЕН ӘШЕКЕЙЛЕУ
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды бисермен жұмыс істей білуге үйрету және оның шығу тарихымен таныстыру
1. Білімділік: Оқушыларды бисердің шығу тарихымен таныстыру, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету. Бисермен кестелеу өнерінің көркемдеп тізу техникасымен таныстыру, әрүрлі бұйымдар жасату, меңгерту.
2. Дамыту: Өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
3. Тәрбиелік: Жұмыс тәртібін қалыптастыру, эстетикалық талғамға табандылыққа, тапқырлыққа, тапжылмай отыруға тәрбиелеу, оқушыларда еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтық әдісі: Ақпараттандыру, сұрақ-жауап, жекелей жұмыс, нұсқау сарамандылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, бұйым түрлерінің үлгілер, схема
Керекті құрал-жабдықтар: Бисер түрлері, сым, қайшы, ине, жіп
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, сурет, химия, әдебиет.

САБАҚТЫҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгелдеу

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау

1. Біз өткен сабақта бисермен жұмыс жасау мақсатында сумоншақтың қандай бұйымға

қолданылатынын және бисердің шығу тарихымен таныстық, ендеше айтындаршы – бисер

дегеніміз не?


Слайд
Жауабы: Бисер деген сөздің ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әртүрлі хрусталл, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалады.
2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
Слайд

Жауабы: Әйелдердің, қыз-келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, көзәйнектің қабын, камзол, сәукелені т.б. әшекейлеуге қолданылады.
3. Бисермен тоқу нені талап етеді?
Жауабы: Бисермен тоқу көп уақыт талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да

тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты,

дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар.

Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық

дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді, еш нарсе таппаған

олар кемедегі силитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық

температурасынан силитра еріп, өзен құмына араласып сұйық әйнек болып аққан екен,

осылай ма, әлде басқа тәсілмен ба, әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер

бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен, кейбір

деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар

амулет, ыдыс-аяқтар, біздің заманымызға дейін ХІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған.

Бисерді ең коп шығаратын елдер Жапония АҚШ, Италия, Үндістан.


Бисермен сәндік бұйымдар.
Сөзжұмбақты шешу.

  1. Моншақты тоқудағы керекті құрал заттың бірі

  2. Қазақ келіншегі киетін ұлттық бас киімдерінің бірі

  3. Сумоншақтағы қолданылатын тас түрі

  4. Сумоншақты ең көп шығаратын ел

  5. Әйнекті тұңғыш тапқан ел

  6. Шашқа тағатын әшекей бұйым

  7. Бағалы металл

  8. Мойынға тағатын әшекей














С

Ы

М













С

Ә

У

К

Е

Л

Е

К

Е

Р

А

М

И

К

А

 




Ж

А

П

О

Н

И

Я

 







Ф

И

Н

И

К

И

Я







Ш

А

Ш

Б

А

У

 













А

Л

Т

Ы

Н







А

Л

Қ

А











ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бисермен тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисер жұмысы өте шеберлікті қажет етеді. Бисердің өлшемдері, түстер сан-алуан, сондықтан жасалатын бұйымға байланысты бисерді молшеріне қарай түс үйлесімін ескеріп, ұтымды таңдай білу керек

Ұсақ, домалақ немесе көр қырлы, аздап сопақтау, жіп өткізугее арналған тесіктері бар бисерлер осылай пайда болды. Мысырда арабша "буера" немесе "бусер" деп аталатын мөлдір емес (күңгірт немесе пасталык) шыныдан дайындалатын "жалған інжу" шығарылады. Егер де VIII—XI ғасырлардағы қорғандарды қазу кезінде металға ұқсас, күңгірт түсті шыныдан жасалған, кейде қарапайым геометриялық өрнектер түріндегі эмальды бояумен әшекейленген шыны бұйымдар кездесетін болса, ал XII ғасырда оларды дайындау әдісі едәуір жетіліп түрлі-түсті жартылай мөлдір әйнек өндіріле бастады. Бисерлер мөлшеріне, формасына, түci мен көркемдік өңделуі жағынан сан алуан болды. Олардың түстері - жасыл, көк, сары, күлгін, қара, күміс және алтынданған, формасы жағынан - домалақ, цилиндр, бөшке, бұранда тәрізді немесе өзінің кең жақтауымен бүктелген eкi қима конус түрінде болды. Күн сәулесімен кемпірқосақтың барлық түстерінде құбылып, қозғалған кезде әуезда үн шығара отырып, бұл әшекейлер әйел киімін бұрынғыдан да сәндірек және көркем ете түсті.

Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте арыдан басталады. Мұны өнер танушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнер шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмытарын зерттеу арқылы дәлелденген. Адам баласы ерте кезінің өзінде тұрмысына қолданылатын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды, қолдан есілген үзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп тігу тоқу арқылы безендіре білген. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде матадан жасаған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі, моншақ, сумоншақтар алмастырады. Ақмаржан, меруерт, інжу моншақтар барлық халықтарда әсіресе қазақ халқында көп тараған.

Бағалы тастарға: алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит.

Жартылай тастар: ай тасы, бериль, гранат, көгілдір ақық, топаз т.б. әшекейлі тастарға малахит, янтарь, маржан, жарқырауық тастар.

ІҮ. Сарамандылық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске алу.



  1. Инені ауызға салмау.

  2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды

  3. Инені кез-келген жерге қадауға болмайды

  4. Бисерлер шашылап кетпес үшін оларды кесілген матаның үстінде немесе қорапша ұстаған жөн.



Нұсқау картасы


  1. Мата бетіне оюды түсіру

  2. Оюдың шеткі сызықтарын моншақпен тізбектеп тізу

  3. Оюдың ішін моншақпен толтыру





Ү. Сабақты қорытындылау.
Сумоншақпен жұмыс жасау арқылы өзімізге қандай дайындық алдық?

  1. Моншақ түрлерін ажыта алатын болдық.

  2. Моншақтың қолданылатын орнын білдік

  3. Шеберлікті үйрендік


Мақал-мәтелдер

  1. Жеті рет өлшеп .......

  2. Көз қорқақ .......

  3. Өнер көзі .......

  4. Ата көрген ......

Шеше көрген .......

  1. Ата мұра .......


Сабақты бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма

Оюды аяқтау


ҮІІ. Жұмыс орнын жинау
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет