Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата01.04.2018
өлшемі23.17 Kb.
түріСабақ
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды жер бедерімен таныстыра отырып, пайдалы қазбалардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

  1. Тәрбиелік: Басқа елдердің мемлекеттің жерімен таныса отырып, өз еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған.  Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасыт. Олардың кейбіреулері жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптапстырған. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.



Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плиасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған.  Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Африканың ең биік нүктесі- Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхит жағалауына қарай сатыланып, биіктейд
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет