Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру



жүктеу 46.96 Kb.
Дата03.06.2017
өлшемі46.96 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері және олардың маңызы. Көздің қызметі мен құрылысы. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты
1. Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру.
2. Дамыту: Оқушылардың ой - өрісін сұрақ - жауап арқылы дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды көзді сақтай білуге және көз гигиенасын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сөз - көрнекілік, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекіліктер: сурет, оқулық, үлестірмелі карточкалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекші рапорты.
ІІ. Бөлім. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Вегатативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің алғашқы нейрондарының денелері қайда орналасқан?
2. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?
3. Жұлынның қандай бөлімдерінде парасимпатикалық бөлімнің алғашқы нейрондарының денелері орналасқан?
4. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?

ІІІ. Бөлім. Жаңа сабақ: «Қос жанар»
Қара көзің, қара шашы төгілген,
Қабағынан не оқисың түнерген.
Қара көзі мұң мен жастан толықсып,
Жанары оның қуанса да күлмеген.
Ешкім оны жамандыққа қимаған,
Аялаған, силаған.
Жетім өскен бір бала ғой деп оны,
Ұрысуға, айыптауға қимаған.
Бірақ, бірақ өмір деген қатал - ақ,
Қайғы келді кенет оған анталап.
Мөлдір көзі зағип болды кенеттен,
Керегі жоқ енді ешқандай заң, талап.
Дәрігерлер ара түсе алмады,
Келіп жеткен ажал оны жалмады.
«Жетімдіктің зардабы ғой»,- деген сөз,
Күрсініп, бар ауылға шарлады.
Уа, жас достар, сыйлай білгін өзіңді,
Болар іске болаттай бол төзімді.
Қос жанарың – тіршілігің өмірің,
Қорғай білгін сондықтан да көзіңді!

IV. Электронды оқулықтан тыңдату.
Анализатор – рецепторлы мүше, жүйке жолдарымен үлкен ми сыңарлары қыртысын қоса ми орталықтарынан тұрады.
И. П. Павлов анықтағандай кез келген негізгі үш рецепторлар (қабылдаушы буын), жүйке жолдары(өткізгіш буын) және ми орталығы (орталық өңдейтін буын) буыннан тұрады.
Анализаторлар жұмысына байланысты пайда болатын сезім қабылданатын тітіргендіргіш әрекетінің сипаты, белгісі бойынша бөлінеді:
А) арақашықтыққа (көру, есту, иіс сезу)
ә) жанасқанда (тері және дәм сезу сезімталдығы)
б) химиялық (иіс сезу, дәм сезу)
в) механикалық (есту, сипап сезу)
г) жарық (көру)

Көздің құрылысы:
Көз қосымша мүшелерді: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшесі, көзді қимылдататын бұлшық еттер, көз шарасын қорғайды.
Көз қызметінің бұзылуы және гигиенасы. Жарық көздің рецепторларына жеткенге дейін бірнеше өзгеріске ұшырап, көздің оны бұрып - қисайтатын ортасынан өтеді. Торлы қабыққа зат бейнесі нақтылы көрінгенімен, төңкеріліп түседі. Алайда үлкен ми сыңарларының қыртысында пайда болған ақпараттық өзгерістерге қарамастан, біз барлық затты дұрыс қалпында сеземіз. Көздің мұндай сезімі басқа анализаторлардан қабылданған сезімдермен толықтырылып отырады.
Көз бұршағы өзінің жарықты шағылыстыру қасиетін көретін заттың қашықтығына байланысты өзгеріп отырады. Егер затты жақыннан қарасақ, онда көздің көргіштігі артады, ал затты жақыннан қарасақ, көз нашар көретін болады.

Көздің жіктілігі (көргіштігі) деп екі заттың жақын арақашықтығын ажырата алуды айтады.
Адамда нәрсенің түсін айыра алмайтын ауру пайда болады. Бұл ауруды 1794 жылы ағылшын химигі және физигі Джон Дальтон зерттеген, сондықтан ауру ғалымның құрметіне дальтонизм деп аталады. Негізінен, бұл ауру адамда сирек кездеседі және тұқым қуалайды.

Көз гигиенасы. Көзді әр түрлі механикалық заттардың әсерінен сақтау қажет. Кітапты жарық жақсы түсетін бөлмеде оқу керек. Оқыған кезде кітап көзден 33 - 35 см қашықтықта болып, жарық сол жақтан түсуі қажет. Кітапқа тым үңіліп, жақын отырып оқудың әсерінен жақыннан көргіштік пайда болады. Себебі, біраз уақыт бойы көз бұршағы дөңестеніп тұрады да, оның қызметі өзгеріске түседі. Тым жарқыраған жарық көзге зиян келтіреді. Рецепторлардың сезімталдық қасиетін шамадан тыс тітіркендіргіш рецептор клеткаларының қызметі бұзылады. Жүріп келе жатқан көліктің ішінде отырып газет, кітап, т. б. оқуға болмайды.
Көздің жұмысы темекі тартудан, алкоголь әсерінен бұзылады.

Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Егер көзге қоқым түссе, онда қол орамалмен немесе мақтамен сүртеді. Ал көз ауыр жарақаттанса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап шегушіні ауруханаға тез арада жеткізген жөн. Ал көзге ұнтақ, қышқыл, сілті және улы заттар түссе, онда дереу дәрігерге қаралу қажет.

V. Пайдалы кеңестер:
Көз жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, қызанақ, бұрыш, балық майы, сәбіз, асқабақ сынды жемістер бар. Осы аталған жемістер құрамында “А” витамині бар. Тәуліктік мөлшері: 1 мг. Тамақ дайындаған кезде қатты қайнатуға, қатты қуыруға болмайды. Ұзақ уақыт пісіргенде құрамындағы витаминдер жойылады.
Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін!

VI. Сабақты қорытындылап, бекіту: «Лездемелік сұрақтар»


1. Көз бұршақтың өз қисықтығын ұлғайтуы. (Аккомодация)
2. Көздің нашар көруі қай витаминге байланысты? (А)
3. Дальтонизм деп көздің қандай ауруы? (түсті ажыратпау)
4. Шылым мен алкогольдің көзге әсері (бұзады)
5. Екі заттың жақын арақашықтығын ажырата алуын не деп айтады? (көргіштігі)
VII. №3 Зертханалық жұмыс «Көздің жітілігін анықтау»
Мақсаты:
1. Көру жітілігін анықтау.
2. Көру қызметінің гигиенасын сақтау.
«Жүректерден – жүректерге» оқушылардың бір - біріне денсаулық туралы жылы лебіздерін білдіруі.
IХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты
lessons -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет