Сабақтың мақсаты: Білімділік: Веб сервис арқылы оқушының әр тақырып бойынша білімін бекіту, тексеру



жүктеу 79.17 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі79.17 Kb.
түріСабақ
Тақырып: Физикалық викторина

Сынып: 7



Пән: физика.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Веб сервис арқылы оқушының әр тақырып бойынша білімін бекіту, тексеру.



Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін сабақты компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, білім сапасы қажетті деңгейге арттыру.

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.



Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара

Сабақтың көрнекіліктері: интернет желісі, компьютер, проектор, интерактивті тақта, «Kahoot» интернет бағдарламасы, ұялы телефон.

Сабақты ұйымдастыру.

Kahoot (сайты www.getkahoot.com.) – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис.



Сервисті пайдалану алгоритмі:

  • Фото және видео қосу мүмкіндігіне ие сауалнама (тест) құру;

  • Виртуалды кабинеттің номерін (жүйе генерациялайды) беру;

  • Проектор арқылы тапсырманы экранға көрсету;

  • Оқушылар мобильді құрылғылар арқылы виртуалды кабинетке кіреді;

  • Мобильді құрылғыларда тапсырмалар көрінеді және оқушылар орындайды;

  • Жалпы экранда оқушылардың жауаптарын көрсету. Тез әрі дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз;

  • Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкесінше балл алады.

Сервис арқылы құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін оқушы қатыса алады.

Оқушылар «Kahoot» интернет бағдарламасы арқылы тестке жауап береді.

  1. «Физика» атауы нені білдіреді?
    а. Табиғат 
    б. Адам 
    в. Қоғам және техника 
    г. Космос 





  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері-
    а. Т. Мұсабаев 
    б. Т. Әубәкіров 
    в. Ю. Гагарин 
    г. Н. Басов 





  1. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
    а. Микроскоп 
    б. Телескоп 
    в. Лупа 
    г. Бинокль 





  1. Материя дегеніміз - 
    а. Тастар 
    б. Ағаштар 
    в. Өсімдіктер 
    г. Табиғаттағы кез-келген зат




  1. Күн жүйесінде неше планета (ғаламшар) бар?
    а. 7 
    б. 8 
    в. 9
    г. 10 




  1. Қандай заттарда(қатты, сұйық, немесе газ ) диффузия құбылысы болады.

а)Диффузия құбылысы тек газда болады.

б)Диффузия құбылысы тек сұйықта болады.

в)Диффузия құбылысы тек қаттты затта болады.

 г) Диффузия құбылысы газ, сұйық және қатты затта болады.




  1. 0,75т қанша килограмм бар?

а) 0,75кг;  б) 7,5кг;  в) 750кг;  г) 7500кг.


  1. Заттың тығыздығың анықтау үшін ...

а ) оның массасын көлемге көбейту қажет

б) оның массасын көлемге бөлу  қажет

в) оның көлемін массаға бөлу қажет.


  1. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3 , ал бұл ...

а ) 1м3 көлемде 800 кг керосин болады дегенді білдіреді.

б ) 1кг керосиннің көлемі 800м3  дегенді білдіреді.

в) 800кг керосиннің көлемі 800м3 дегенді білдіреді. 


  1. Табиғаттағы өзгерістерді не деп атайды?

а) физикалық құбылыстар

б) электр құбылыстар

в) табиғат құбылыстар

г) жарық құбылыстар


  1. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан не түзіледі ?

а) молекула;

б) атом;

в) көміртегі;

г) графит.


  1. Тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайтын күй:

A) тек газ.

B) тек сұйық.

C) тек қатты дене.

D) сұйық пен газ.


  1. Қайсысы физикалық дене ?

а) автомобиль

б) ауа

в) килограмм

г) қайнау


  1. Уақыттың негізгі өлшем бірлігіне не алынған.

а) метр

б) секунд

в) сағат


  1. Тұңғыш рет жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды?

а)1957жылы

б)1961жылы

в)1950жылы

г)1960жылы


  1. Көмірқышқыл газының СО2 молекуласы қанша атомнан қаралған?

а) 1

б) 2

в) 3

с) 4


  1. Аспан денелерінің пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым.




а) космология

б) космогония

в) космонавтика

г) астрофизика



  1. Ғылыми деректер жинау үшін не қолданылады ?




а) бақылаулар

б) теориялық зерттеулер

в) эксперименттер

г) деректер


  1. 10,2 см-ді миллиметрмен көрсет.




а)102 мм

б)1020 мм

в)110 мм

г)1,02 мм


  1. Аспан денесін көрсет:




а) тікұшақ

б) ағаш

в) комета

г) ауа





  1. Термометрмен нені өлшейміз ?




а) дененің көлемін

б) дене массасын

в) дене температурасын

г)дене тығыздығын


  1. Заттың сұйық күйіне тән қасиет ...




а) аққыштық

б) пішінін сақтау

в) көлемін өзгету

г) көлемін сақтау


  1. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері




а) бақылау, эксперимент, теориялық әдіс

б) гипотеза ,бақылау, эксперимент

в) эксперимент, теориялық әдіс, өлшеу

г) гипотеза, бақылау




  1. Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар не деп аталады ?

а) бақылау

б) гипотеза

в) теория

г) эксперимент


  1. Жай қайтарғышты ойлап тапқан ғалым кім?

а) М.В. Ломоносов

б) Г.В. Рихман

в) В. Франклин

г) Аристотель


  1. Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады ?

а) қатты

б) сұйық

в) газ

г) жауаптар арасында дұрысы жоқ.


  1. Бұлт пен жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны....




а) электр тогы

б) электр өрісі

в) күн жарығы

г) найзағай




  1. Көкіністерді балықты және басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген ?




а) диффузия

б) механикалық

в) жылулық

г) кристалдану


  1. Теорияларды заңдарды оқып үйрену үшін қолданылатын сөздерді не деп атайды.




а) терминдер

б) теориялар

в) заңдар

г) ережелер



  1. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?




а) молекулалардың сұлбасына.

б) молекулалардың өлшеміне.

в) атомдардың санына.

г) молекулалардың орналасуына.


  1. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым?




а) Аристотель

б) Демокрит

в) Ломоносов

г) Ньютон










  1. Қайсысы зат болып табылады ?




а) Ай

б) жарық

в) мыс

г) грамм




  1. Көлемі 10 м3 шарды толтырып тұрған массасы 20 кг газдың тығыздығы:

A) 10 . B) 20 . C) 0,5 D) 200 . E) 2


  1. Тарихта «екінші ұстаз» аталған ғалым.....

а) Аристотель

б) Әбу-Насыр-Әл-Фараби

в) Ломоносов

г) Архимед


  1. Заттың ең ұсақ бөлшегі қалай аталады?

а) монадтар

б) молекулалар

в) атомдар

г) кварктар




  1. Мырыштың тығыздығы 7100 кг/м3-қа тең. г/см3 өрнектегенде мырыштың тығыздығы неге тең болады ?

а) 7,1 г/см3

б) 7100000 г/см3

в) 0,00071 г/см3

г) 0



  1. Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін не деп атайды?

а) дене

б) материя

в) зат

г) термин




  1. Дене деп:

а) кеңістікте белгілі пішіні болмайтын жеке тұрған нәрсе

б) нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

в) кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

г) дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін.




  1. Айға адамзат ұрпағының табаны қашан тиді ?

а) 1967 ж

б) 1966 ж

в) 1969 ж

г) 1968ж




  1. Астрономия құбылыстарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы

а) космология

б) космогония

в) космонавтика

г) астрофизика


Қорытындылау. Тез әрі жоғары балл жинаған жеңімпаз оқушыны марапаттау

: uploads -> doc -> 0bac
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0bac -> Т білдіреді теңдікті, Ә әдептілік, әлдікті




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет