Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 52.97 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі52.97 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және

тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел және Қазақстан ғалымдарының тәжірибелерін түсіндіру.



Дамытушылық: Генетика туралы білімдерін дамыта отырып, есте сақтау

қабілетін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабылеттілігін арттыру.



Тәрбиелік: Студенттерді белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен

жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.



Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

Топқа бөлу. Сабақтың барысымен таныстыру.



ІІ. Білу.

Тест тапсырмасын алу.

1. Дене жасушаларының бөлінуінің дайындық кезеңі

а) кариокинез

ә) цитокинез



б) интерфаза

2. Ядроның бөлінуі



а) митоз

ә) мейоз


б) амитоз

3. Өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырағы арқылы көбеюі

а) жыныссыз

ә) вегетативті

б) телу


5. Партеногенез дегеніміз?

а) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық ағзаның дамуы

ә) цитоплазманың бөлінуі

б) жыныссыз көбеюдің бір түрі

6. Адамның хромосомасының саны

а) 6

ә) 46

б) 78


7. Телітуші мен телінушінің әрқайсысын ... дейді

а) трансплантация

ә) вегетативті көбею

б) компонент

8. Гамета дегеніміз?



а) жыныс жасушалары

ә) көбею түрі

б) бөліну кезеңдері

9. Митоз фазаларның реттілігі

а) метафаза, анафаза, телофаза, профаза

ә) профаза, метафаза, анафаза, телофаза

б) телофаза, анафаза, метафаза, профаза

10. Мейоз процесі кезінде

а) жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны үш есе азаяды

ә) жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны екі есе көбейеді

б) жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны екі есе азаяды

11. Митоз дегеніміз -

а) жыныс жасушаларының бөлінуі

ә) соматикалық жасушалардың бөлінуі

б) бүршіктену процесі

12. Интерфаза кезеңі неше сатыдан тұрады?

а) 4


ә) 2

б) 3
ІІІ. Түсіну.

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты:

Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын,бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін.



Данышпан, ол жас жігіттің алдына қасық, кесе, шам қойып:

Нені таңдайсың? - деп сұрапты.

Қасықты – депті жас бала.

Данышпан:

Оны бес рет қайтала,- депті. Жасөспірім бес рет қайталайды.

Міне көрдің бе? Бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды.

Онда не істеу керек?

Оған қолыңды созып алу керек.

Сол үшін бүгінгі сабақта сендер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңды тілеймін.



Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір-бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"-шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологі У.Бэтсон ұсынды.

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80-жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологі А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер оны 3 кезеңге бөледі

Бірінші кезең - 1900-1910 жылға дейін

Екінші кезең - 1911-195 жылға дейін

Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін

1901 жылы голландиялық ғалым Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізілген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынады.

1903-1904 жылдары америка ғалымы У.Сэттон және неміс ғалымы Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті.

1909 жылы дат биологі В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (гр. "genos"-шығу тегі), геотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ресей ғалымы Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды.

1953 жылы америкалық ғалым Дж.Уотсон және ағылшын физигі Ф.Крик хромосомаларды құрайтын ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады.

1957 жылы америкалық ғалым Коренберг табиғи вирустың толық қасиеті бар вирус бөлшегін қолдан жасады.

1958 жылы зертханалық жағдайда ДНҚ құрылымы синтезделді.

1961-1962 жылдары америкалық ғалымдар М.Ниренберг, Г.Маттеи, С.Очоа және Ф.Крик тұқым қуалаудың кодын тауып, нәруыз молекуласын құрайтын 20 аминқышқылының нуклеотидті триплеттерінің құрамын анықтады.

Бұдан кейін ген ағзадан тыс, химиялық жолмен алынып, генетика ғылымының жаңа бір саласы - молекулалық генетика пайда болды.

Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев және т.б. еңбектерң зор. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-миринос тұқымын алды. Қазақстанда Тұңғыш рет М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.
ІV. Қолдану. Топтастыру

1-топ 2-топ




Генетика

Ғалымдар

3-топ 4-топ 5-топ




Жылдар

Даму кезеңдері

Мендель


V.Талдау. "Кір жаятын жіп" ойыны.

(Бүгінгі сабақтағы жаңа терминдер параққа жазып, сол сөздің мағынасын түсіндіріп, жіпке іледі)
VІ.Синтез. Ой бөлісу

"Генетика саласының дамуында халық санасында ұрпақтың сау болуы деген ұғым қалыптасты, осыған орай : «қан тазалығы», «жеті ата» ұғымдарының бүгінгі тақырыпқа сәйкестігі бар ма?"


VІІ.Бағалау.

(топ басшылары және мұғалім)
VІІІ Үй тапсырмасы
: uploads -> doc -> 0ee4
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0ee4 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: §32 Сутектің химиялық қасиеттері Пән мұғалімі: Атабай А. 2015-2016 оқу жылы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет