Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы білім беру



жүктеу 28.65 Kb.
Дата16.07.2017
өлшемі28.65 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы, көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер туралы білім беру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.

  3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру

Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану, СТО, PISA стратегияларын қолдану.

Көрнекіліктер: Ашық тұқымды өсімдіктердің суреттері, бүрлер коллекциясы, таблицалар.

Пәнаралық байланыс: медицина, экология, эволюция

Әдебиеттер: « Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі

Сұрақ-жауап:

Ашық тұқымды өсімдіктер туралы не білесіңдер?

Бүрлер коллекциясын көрсете отырып, осы бүрлер қандай өсімдікте өсетінін ата.

ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі

  1. Оқушыларды тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, топқа бөлу және ерекшеліктерін көрсету: тұқыммен көбейеді, тұқымы жемістің ішінде орналасады.



Тұқымды өсімдіктер

Ашық тұқымдылар Жабық тұқымдылар

  1. Ашық тұқымдылар туралы жалпы мәлімет беру.

Өсімдіктердің ең ежелгі тобы, тұқымы қорғанышсыз бүрде ашық орналасады.

  1. Ашық тұқымдыларға жататын өсімдіктермен таныстыру.

Оларға: қарағай, самырсын, балқарағай, арша, шырша, секвоя жатады. Суретпен жұмыс. Өсімдіктердің ерекшеліктерін атау.





  1. Ашық тұқымдылардың сауалнамасы:

Шөптесін түрлері жоқ

Гүлі мен жемісі болмайды

Тамыр жүйесі, сабағы, жапырағы өте жақсы дамыған

800- ге жуық түрлері бар

Аталық және аналық бүрлері бар

Тек жел арқылы тозаңданады

Көп кездесетіні-қылқанжапырақтылар класы

IV. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңі

Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысының ерекшеліктерін жаз. (Тақтамен жұмыс)

Құрылысының ерекшеліктері

Арша туралы жаңылтпашты оқу

Тауға бер, аршаларды тамашала

Биік пе сол аршалар, аласа ма

Көргенде көп аршаны бала шаға

Кез келер тауда талай тамашаға.

Аршаның көркі өзіне жарасама?

Басқа ағаш сол аршамен таласама

Адамдар көп аршаға қараса ма?

Аршаны сұқ көздерден арашала!

V. Бекіту

RAFT стратегиясын пайдалана отырып, қылқан жапырақты өсімдіктердің рөліне ен. Олардың адам өміріндегі, табиғаттағы рөліне ерекше назар аудар



VI. Үйге тапсырма беру кезеңі. Бағалау кезеңі

& 22 оқу, ашық тұқымды өсімдіктер туралы жұмбақтар, мақал- мәтелдер жазып келу.
: uploads -> doc -> 0e2b
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет