Сабақтың мақсаты: білімділік: Электр өрісі, оны сипаттайтын кернеулік ұғымын енгізу



жүктеу 95.3 Kb.
Дата18.06.2018
өлшемі95.3 Kb.
түріСабақ
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Тақырыбы: Электростатикалық өріс. Кернеулік.
Сабақтың мақсаты:

білімділік: Электр өрісі, оны сипаттайтын кернеулік ұғымын енгізу.

Өріс кернеулігі формуласын, біртекті өріс анықтамасын

түсіндіру.

тәрбиелік: Оқушыларды физикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде

жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.

дамытушылық: оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында

ізденуге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру;

тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып,ой-өрістерін дамыту. Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың уақыты: 90 минут

Пәнішілік байланыс: Электродинамика

Пәнаралық байланыс: Экология «Атмосфера электр құбылысы»

Сабақтың жабдықталуы: Плакат

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі: С.Тұяқбаев «Физика» 10 кл.

қосымша: Г.Я.Мякишев, Б.Б. Буховцев «Физика» 10 кл.

Оқушы білуі тиіс: Электр өрісі, оны сипаттайтын кернеулік ұғымын;

Оқушы істей білуі тиіс: Өріс кернеулігі формуласына есептер шығара білу;

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 45 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту – 20 мин

V. Қорытындылау – 3мин

VІ. Үйге тапсырма – 2 мин


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) студенттерді түгендеу;

ә) оқу кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру

б) жаңа сабақ мақсатымен таныстыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а) Сұрақ жауап

1.Электр заряды дегеніміз не? (Егер бөлшектер бір – бірімен ара қашықтықтарының артуына қарай баяу кемитін және БӘТ күшінен көптеген есе асып түсетін күшпен өзара әсерлесетін болса, онда бұл бөлшектердің электр заряды бар делінеді)

2.Электр зарядының өлшем бірлігі неге тең? ()

3.Қандай заряд тегі бар? (оң және теріс)

4.Бұл зарядтар бір – бірімен қалай әсерлеседі? (аттас зарядтар бір – бірін тебеді, ал әр аттас зарядтар бір – біріне тартылады)

5.Теріс зарядты бөлшек қандай? (электрон)

6.Протонның заряды қандай? (оң)

7.Нейтронның заряды қандай? (заряды жоқ)

8.Дене қай кезде оң зарядталады? (Егер онда протондар саны электрондар санына қарағанда көп болса)

9.Электр зарядының сақталу заңы қалайша өрнектеледі? ()

10.Кулон заңын қалай өрнектейді? ()

ә) Есептер шығару

7 – жаттығу.

№3. Сутегі атомындағы ядро мен электронның өзара әсерлесуінің кулондық күші олардың гравитациялық әсерлесу күшінен неше есе артық? Электрон массасы 9,11*10-31 кг, ал протонның массасы 1,67*10-27 кг. Гравитациялық тұрақты 6,67*10-11 Н·м2/кг2.

Шығару жолы:

Жауабы: гравитациялық күш кулондық күштен сонша есе көп.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

а) «Ой шақыру» кезеңі (INSERT)

Оқушылар, сіздердің дәптерлеріңізде төмендегідей сызба бар

Енді осы сызбаны толықтыру үшін бүгінгі сабақтан білгенімізді және өздеріңіздің дайындаған қосымша материалдарыңызды ортаға саламыз.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Электр заряды Электр зарядының өлшем бірлігі, заряд тегі

Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі.





Электр зарядының сақталу заңы

Электр өрісінің күш сызықтары




Кулон заңы

Электр өрісінің кернеулігі өлшем бірлігі т.б.





б) «Мағынаны ажырату» кезеңі
Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары

Нүктелік зарядтың өріс кернеулігі. (8.5) формуласына q зарядқа әрекет ететін күштің өрнегін қойып,

(8.6)

аламыз. Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісін электростатикалық өріс деп атайды. (8.6) формула нүктелік заряд өрісінің кернеулігін анықтайды. вектордың бағыты оң нүктелік сынақ зарядына әрекет ететін күш бағытымен сәйкес келеді. Сондықтан Q>0 болса, онда кернеулік векторы зарядтан, ал егер Q<0 болса, онда вектор зарядқа бағытталған. Оқшауланған Q зарядтың r қашықтықта тудыратын электр өрісі кернеулігінің шамасы:



SI жүйесінде кернеуліктің бірлігі 1 H/Кл=1 В/м.


Зарядтар жүйесінің өріс кернеулігі.

Тыныштықтағы дискретті Q1 , Q2, ... зарядтардың жүйесін құрастырып, жүйенің кеңістіктің қайсыбір нүктесінде тудыратын өрісінің кернеулігін табайық. Осы нүктеге q0 зарядты қойып, (8.5) формуласы бойынша оларға әрекет ететін F0 күшті анықтайық. Одан әрі зарядтар жүйесінің қарастырылып отырған нүктедегі кернеулігін



(8.7)

қатынасы бойынша табамыз. (8.4) -ті (8.7)-ге қойып,

E = E1 + E2 + ... (8.8) аламыз. Демек, кернеулік векторларының да q0 зарядқа әрекет ететін күштердікі тәрізді суперпозициялық қасиеті болады екен. Осыдан, зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең деп қорытынды жасаймыз.222

Кернеулігі болатын кез келген электростатикалық өрісте q зарядқа әсер ететін күш

(8.9)

шамасына тең.



11

Күш сызықтары. Жалпы жағдайда электр өрісінің құрылымы күрделі.
Көрнекі болу үшін өрісті күш сызықтары көмегімен графиктік түрде кескіндеуге болады. Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады. Сондықтан күш сызықтары оң зарядтардан теріс зарядтарға қарай бағытталады.

Осылай өрнектелген кезде, өрістің кернеулігінің шамасы күш сызықтарына көлденең орналасқан бірлік ауданды кесіп өтетін күш сызықтарының санына пропорционал болады.

Күш сызықтарының мынадай қасиеттері белгілі:


  1. Күш сызықтары үзіліссіз. Олар оң зарядтан шығады және теріс зарядқа кіреді немес шексіздікке кетіп жатады.

  2. Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.

Егер олар қиылысса, онда қиылысу нүктесінде кернеулік векторының әр түрлі екі бағыты болар еді.

Өрісті графиктік түрде өрнектеген кезде күш сызықтарының қоюлығы кернеулік векторының шамасын анықтайды. Күш сызығына перпендикуляр бірлік ауданға келетін бір күш сызығы бірлік кернеулікке сәйкес болады.



Біртекті өріс.

Бірдей екі металл пластинкаларды алып, оларды 8.7-суретте көрсетілгендей, бір-біріне параллель орналастырайық. Осы пластинкалардың біреуіне +q заряд, ал екіншісіне –q заряд берсек, онда олардың арасында электр өрісі пайда болады. Егер пластиналардың арақашықтығы олардың сызықтық өлшемдерімен салыстырғанда аз болса, онда бұл өрістің кернеулік сызықтары параллель болып шығады. Пластиналар арасындағы өрісте кернеулік сызықтарының тығыздығы барлық жерде бірдей, демек,безымянный



=const

Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады. Пластиналар арасындағы кеңістіктің ортасындағы өрісті ғана біртекті деп атауға болады, себебі пластиналардың шетінде векторлары өрістің түрліше нүктелерінде бірдей болмайды.


IV. Жаңа сабақты бекіту
а) Бекіту сұрақтары:

1. Біз электр өрісі деп нені түсінеміз?

2. Электр өрісінің негізгі қасиеті қандай?

3. Электр өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?

4. Күш сызықтарының көрінісіне қарап, берілген нүктедегі электр өрісі кернеулігінің

модулі мен бағыты туралы не айтуға болады?

5. Қандай өрістер біртекті деп аталады?

6. Суперпозиция принципі не туралы айтады?



б) Сәйкестендіру тест орындалады

1 Зарядтарға әрекет ететін күшті анықтайтын ұғым

1

2 Электростатикалық өріс

2 біртекті өріс

3 Нүктелік заряд өрісінің кернеулігінің формуласы

3 Бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанама


4 SI жүйесінде кернеуліктің бірлігі

4 Кернеулік векторларының суперпозициялық қасиеті

5 Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі

5 Күш сызықтары

6 Күш сызығы.

6 Кернеулігі болатын кез келген электростатикалық өрісте q зарядқа әсер ететін күш

7

7 Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісі


8 E = E1 + E2 + ...

8 1 H/Кл=1 В/м.



Жауабы: 1-5, 2-7, 3-1, 4-8, 5-2,6-3, 7-6, 8-4.
в) Есептер шығару

15 -жаттығу № 14 және зарядтар бір-бірінен 5 см қашықтықта орналасқан. Бірінші зарядтан 3 см және екінші зарядтан 4 см қашықтықта орналасқан нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдар.

Берілгені: а= 5 см r= 3 см r= 4 см

Шешуі: E=

№2 10Кл заряд тұрған нүктеде электр өрісінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер ететін күшті табу керек.

Шешуі: бұдан Н

г) Ой толғаныс сатысы (бес жолды өлең әдісі)


  1. Зат есім – кім? не? 1 сөз

  2. Сын есім - қандай ? 2 сөз

  3. Етістік – не қылды? не істеді? қайтті? 3 сөз

  4. тақырыпты ашатын сөз тіркестері немесе сөйлем 4 сөз

  5. тақырыптың синонимі (баламасы)

V. Қорытындылау 3 мин
а) INSERT

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Электр заряды Электр зарядының өлшем бірлігі, заряд тегі

Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі.


Электростатикалық өріс -тыныштықтағы зарядтардың электр өрісі


Электр зарядының сақталу заңы

Электр өрісінің күш сызықтары

Зарядтарға әрекет ететін күшті анықтайтын ұғым -күш сызықтары

Кулон заңы

Электр өрісінің кернеулігі өлшем бірлігі т.б.

SI жүйесінде кернеуліктің бірлігі-

1 H/Кл=1 В/м.




б) Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма Б.Кронгарт В.Кем «Физика» 10
: uploads -> doc -> 09c2
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет