Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармасымен таныстыра



Дата23.12.2017
өлшемі57.02 Kb.
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармасымен таныстыра

отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.



Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін кеңейту, өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге

машықтандыру.



Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, жаманнан жиренуге баулу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың суреті, мәтін мазмұны бойынша суреттер, себет, гүлдер, семантикалық карта, слайд т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз,

Сәлембердік сіздерге

Құрметпенен біз!

- Балалар, «Қазақстан — 2030» бағдарламасында қоршаған ортаны көгалдандыру мәселесі туралы айтылған. Мұндай игі шараны біз де қолдап, атсалысуымыз керек. Ендеше, балалар, бүгін біз сабағымызда еліміздің көрікті жерлерін көгалдандырамыз. Ол үшін берілген тапсырмаларды мұқият орындауымыз керек. Ендеше топқа бөлінейік.



Сурет қиындылары арқылы топқа бөліну.

Топ басшыларын сайлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1- топ: Мәтіннің мазмұнын айтады.

2- топ: Мазмұнын жазып береді.

3- топ: Сұрақтарға жауап береді.

- Қанатқа әкесі не сыйлады?

- Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

- Компасқа қатты қызыққан кім?

- Балалар қайда барды?

- Бодан компасты не істеді?

-Боданның әкесінің мінезі қандай? Не деп ақыл айтушы еді?

- Боданның орнында сен болсаң не істер едің?

-Осы оқыған әңгімемізді қандай мақал арқылы қорытуға болады? (Ұрлық түбі- қорлық.)

-Мәтіндегі негізгі ой не? (Біреудің затын рұқсатсыз алмау керек. Адал дос болу керек.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаға күннің жадын, тақырыпты жазу.

Топтастыру стратегиясы: Автор туралы не білеміз?


Қазақтың атақты балалар жазушысы.




« Менің атым Қожа» фильмі халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.



«Он алты жасар чемпион»,

«Менің атым Қожа», «Алыстағы ауылда»,

«Компас»,

«Ағаштар неге ашуланды?»

т.б. шығармалары бар.
http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//thenews.kz/static/news/5/b/5bd6v66s.jpg&mb=imgdb_preview_218


Бердібек Соқпақбаев Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.



IV. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқу.

Мәтінге жоспар құру.


  1. Ағаштардың мұңға батуы. 2. Ормандағы ғажап оқиға.

3.Алмабектің қатесін түсінуі. 4. Ағаштардың ризашылығы.




V. Сергіту сәті

«Ағаштар сыры» Қазақстандағы ерекше ағаштар туралы слайд көрсетіледі.

қазақстандағы ең ерекше ағаштар 012_7_b ade12ba373b6d953d06ae42beb25e9cc

Алып қарағаш Қасиетті қарағаш Арша



VI. Семантикалық картамен жұмыс

Ағаш аттары

Арша

Қасиетті қарағаш

Алып қарағаш

Терек

Емен

Қайың

Әдейілеп адам қолымен отырғызғандай түп-түзу болып биікке бойлап өсетін ағаш.
















+

Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады.










+







1000 жылдан астам уақыт тіршілік етеді. Ағашы өте мықты . Сондықтан оларды үйлер салу үшін, кемелер жасау үшін пайдаланған.













+




Денсаулық ағашы

+
















Жуандығы 6 адамның құшағы әрең жететін 700 жастағы ерекше ағаш.




+













Қазақстандағы ең көне хан - ағаш







+











VII. Шығармашылық жұмыс

1-топ: Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін жазып шығу.
Алмабектің Ағашты уақытында суармады.

айыбы Түбін қопсытпады.

Түп жағын әкпен ақтамады.

Ерінді

2-топ: Мақалды толықтырып жазу. Бұл мақалдардың мәтінге қандай қатысы барын дәлелдеу.

1. ........ еңбегімен озады, (ер)

........ езілумен тозады. (жалқау)
2. ............ ертеңі бітпейді. (еріншектің)
3-топ: «Ағаш» сөзіне ассоцияция құру.


Көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, ауаны тазартады.



Ағаш майы жара мен

күйікті жазады.





Үстел, орындық т.б. жиhаздар жасалады

Оттегі газын шығарады

Түрлі аспаптар жасалады.
24+


Қыстыгүні азынаған бораннан қорғайды.

VIII. Сабақты қорытындылау.

«Нақты сұрақ-нақты жауап»

-Әңгімедегі басты кейіпкер кім?

-Алмабектің жіберген кемшілігі неде?

-Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?

-Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

-Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

-Кәрі еменнің сөзін тауып оқы. Ол туралы не айтасың?

- «Мен сендерге не жаздым?» Алмабек осы сөзді түсінгеннен айтты ма, әлде қорыққаннан айтты ма?

-Алмабектің өз қатесін түсінуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?

-Дарынды балалар жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» атты әңгімесінде көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі емен Алмабек атты балаға ағаштың адамзатқа тигізер пайдасын осылай түсіндірген екен.



Рефлексия

-Жарайсыңдар, балалар, сендер елімізді көгалдандыруға өз үлестеріңді қостыңдар.

Осы әңгіменің сендер үшін пайдасы болды ма? Сендерді не таңқалдырды? Ендеше өз ойларыңды стикерлерге жазып, даналық ағашына іліңдер.



IX. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді мазмұндау. Алмабектің жайқалып өскен ағашының суретін салу.



X. Бағалау.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет