Сабақтың мақсаты : Үй жануарларының шығу тегі, қолтұқымдары, олардың маңызы туралы ұғым алу



Дата18.12.2017
өлшемі98.75 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлары

Сабақтың мақсаты: Үй жануарларының шығу тегі, қолтұқымдары, олардың маңызы туралы ұғым алу.

Міндеті:
Білімділік:
Үй жануарларының шығу тегі, қолтұқымдары, олардың маңызы туралы ұғым алады.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілеті жетіліп, шығармашылық ізденістері дамиды.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиеленеді, биология пәніне қызығушылықтары артады, селекционерлердің жұмысымен танысулары мамандық таңдауға жол ашады. Бір-бірінің пікірін тыңдауға, өзін және досын бағалауға үйренеді.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Инновациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Стратегиялар: ЖИГСО, бір айналым сөйлесу
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, фотосуреттер, муляждар, мәтін
Сабақтың барысы:

Кезең

Уақыт/минут

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастырушылық

Сергіту сәті


3


Музыка ойнатылады, би билетеді.


Би билейді.

Топқа бөлу

2


Сыныпта «Шопан ата», «Ойсыл қара», «Қамбар ата», «Зеңгі баба», «Омарташы» аттары бар 5 топқа арналған парталар ұйымдастырылған, оқушыларды осы аттар бойынша 5 топқа бөледі.

Оқушы теріс қаратылған қағаздарды орнына отырмас бұрын алады, сонда жазылған сөздер бойынша тиісті парталарға отырады

Қызығушылықты ояту













Топтарын қорғау

5

Мал шаруашылығы туралы видео материал көрсетеді, «Не көрдіңдер? Оның топ атымен қандай байланысы бар?» тапсырма береді.

Оқушылар жауап іздеп, өз ойларын жеке, жұппен, топпен талдап, қорғайды

Мағынаны ажырату

ЖИГСО стратегиясы

15

5

5



5

Жаңа сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстырады.

Әр топқа тапсырма береді, мәтін таратады. Уақыт береді.



Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен танысады.

Мәтін алады, оқиды

Жұппен талдайды

Топпен талдайды

Түсіндіру шартын жасайды (постер құрайды)

Өз жұмыстарын бағалайды



Бір айналым сөйлесу (үлкен айналым)

12

Не істеу керектігі туралы түсіндіреді, уақыт береді.

Бағыт, бағдар беріп отырады



Әр топ жұмыстарын келесі топқа береді, басқа топтың жұмысымен танысады, бағалайды, сөйтіп барлық топты айналып шығады, әр топтың жұмысы 5 рет бағаланады.

Ой толғаныс

Кері байланыс

6

Не істеу керектігі туралы түсіндіреді, уақыт береді.

Бағыт, бағдар беріп отырады



Өз тобына келген кезде, әр топтан ішкі бағалаушы өз тобының бағалануын, сыртқы бақылаушы басқа топқа берген бағалары туралы өз пікірлерін айтады.

Үйге тапсырма

2

Үйге 60-64;





Ірі қара шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.

Сиыр - сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды.

Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Мүшелдік жыл санауда сиыр — екінші жыл. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсіріледі.


Етті бағыттағы қолтұқымдар


Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді.

Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы.


Сүтті бағыттағы қолтұқымдар


Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады.

Қой шаруашылығы


Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді. Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Оның пірі - «Шопан ата» деп аталады.

Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады.



Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос
қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі. Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді.

Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды.

Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі.

Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.

Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары. Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде

Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы.


Түйе - төрт түліктің төресі

Түйе - сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Түйелердің башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара» деп атайды. Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі.

Сыңар өркешті түйе

Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді.


Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады.

Жылқы шаруашылығы

Жылқы- сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан, тарпан, түзат жатады. Жылқы бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретілген, арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен түзат. Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқының пірі – Қамбар ата.



Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы қолтұқымдары түрлі мақсатқа сай қолдан сұрыпталып шығарылған. Ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын, етті, сүтті бағыттағы қолтұқымдары өсіріледі.

Қазақстанда жылқының 20- ға жуық қолтұқымы өсіріледі. Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымының бірі- қазақы жылқы. Оның негізгі тобын- «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді.

Қазақстанның батысында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы- адай жылқысы. Көшім жылықысы да халықтық сұрыптау нәтижесінде Батыс Қазақстан аймағында шығарылған. Жергілікті биелерді басқа асыл тұқымды айғырлармен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым.

Қостанай жылқысы 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Қазақстанда тағы да жон, желгор, қарабайыр, буденный, түркіменнің ахалтекесі өсіріледі.

Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді.

Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздық 40-қа жуық түрін дайындайды.

Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық.

Омарта шаруашылығы

Балара - жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғаққанаттары бар. Құрсақ бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншары орналасады. Балараның 2 күрделі, 3 қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетін сүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады.



Балараны ерте кезде жабайы аралардан қолға үйреткен. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Балара киелі жәндік болып саналған. Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары - Азияның оңтүстігі және оңтүстік-шығысы деп есептеледі.Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұнда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяла 2-3 мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар - ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Үяны тазалайды, дернәсілдерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұнда 60-70 мыңдай жұмысшы балара болады.

Баларадан алынатын бал, балауыз басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдық шипалық қасиеті өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет