Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд презентация. Пәнаралық байланыс: тарих Сабақтың барысы



бет1/3
Дата24.04.2018
өлшемі483.04 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Күні:


Сынып:

Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»поэмасын оқып келу
1. Тақырып дегеніміз не?
- Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды, белгілі бір өмір шындығын өзіне арқау етеді. Тақырыпсыз шығарма болмайды.
2. Иса Байзақов поэманың тақырыбын неліктен «Құралай сұлу» деп атаған?
3. Егер жазушы болып осы поэманы жазсаңдар өздерің қалай атар едіңдер?
4. Идея дегеніміз не?
- Жазушы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді.
5. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?
6. Сюжет дегеніміз не?
- Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір - бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады.
7. Композиция дегеніміз не?
- Шығармадағы оқиғалардың байланысуы.
Иса Байзаков өмірінен мәлімет беру:

Өмірі

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан “Әнші Иса”атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халықағарту институтында, 1929—1932 жылы Қазақ педагогикалық институтында оқыған. 1926—1929жылы Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Серке, Елубай, тағы басқа актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театр алғаш қойған М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегі” мен “Бәйбіше — тоқалында” басты рөлдерде ойнайды. Өзі инсценировка жасаған “Біржан — Сара” қойылымындағы Біржан рөлінде нағыз актерлік дарынын танытқан. 1932—1940 жылдарыАлматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды.[1][2]



Өзгеше жанры

Көптеген өлеңдеріне өзі өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен. Ақын өлеңдерінде фольклорлық сипат басым. Бұл — оның суырып салмалық талантына байланысты ерекшелігі. Байзақовтың жұрт алдында айтылатын ұзақ толғау алдындағы кіріспе іспетті, өзіндік әні бар желдірмелері халық арасына кең тараған. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты. “Ұлы құрылыс” (1933), “Алтай аясында” (1934), “Он бір күн, он бір түн”(1938), “Кавказ” (1940), “Ақбөпе” (1941), “Қырмызы — Жанат”, “Қойшының ертегісі”, тағы басқа көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. “Құралай сұлу”, “Алтай аясында” поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, “Ақтабан шұбырынды” заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі. Әлеуметтік қайшылықтарға толы “Ақбөпе” поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Ақбөпе — өз бақыты үшін күрескен өр мінезді қазақ қызының бейнесі. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40-тан астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармашылығы — қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған. Байзақовтың өмірі мен шығармашалығын Е. Ысмайылов, М. Хасенов, Р. Бердібаев, тағы басқа зерттеген. Жазушы Н. Ановтың “Ән қанаты” романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1939).[3]



Эпикалық шығармалары

«Құралай сұлу» (1925)

«Қойшының ерте-гісі» (1926)

«Алтай аясында» (1939)

«Кавказ» (1941)

«Қырмызы- Жанай» (1940, аяқталмаған)

«Ақбөпе» (1945)

«Неге Алатау шаттанды» (1929)

«Ұлы құрылыс» (1933)

«Он бір күн, он бір түн» (1939)

Бір баяндаманың ішінде Исаның барлық әдеби мұрасына толық талдаулар жасау мүмкін емес. Иса ақынның 50 жасқа толған күнін ерекше еске алып отырған күнімізде мынадай бір тілек болу керек. Біздің сыншыларымыз бен әдебиетшілеріміз бұдан былайғы жерде ақынның мол мұрасын терең зерттеп толық анализдар жасаулары керек. Иса шығармаларын зерттеу жұмыс жаңа ғана басталып келе жатқандығы байқалады. Сыншыларымыз бен ғылыми әдебиетшілерімізден Иса туралы құнды еңбектер күтеміз.

Иса ақынның жарқын бейнесі көз алдымыздан кетпейді. Оның мол поэзиясы, дастандары, саяси өткір лирикалары әдебиетіміздің тарихынан өшпейтін мұра. Оның «желдірмелері» өнер сүйгіш халқымыздың аузында. Дастандары, өлеңдері талай жерде жатқа айтылып жүр. Осының бәрі ақын Исаны үкіметіміз бен партиямыз, халқымыз аяулы сеніммен қадірлейтіндігінің белгісі. Иса сияқты талантты тәрбиелеп өсірген, оның әдеби мұрасын халқымыздың кәдесіне жаратып отырған совет үкіметі, Лениннің ұлт саясаты.


ІІІ. Мағынаны тану.
Композициялық жоспар
- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.

ІҮ. Салыстыру


- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.

ІІ топ орындайды


И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.

Ү. Бес жолды өлең әдісі


І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана – шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр – қаһарман

ҮІ. Білімді бекіту


І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж

ҮІІ. Қорытындылау


Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту
ІХ. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.

қын Иса Байзақов
Көсемсөз

Бүкіл қазақ халқына даңқы кең жайылған, желдірмелетіп кеткендеөлеңнің өткел бермес жүйрігі аталған Иса Байзақов 1900 жылы, қазіргі Павлодар облысы Ертіс ауданы «Үлгілі» ауыл советінде туған. Исаның әкесі Байзақ өмір бойы бай есігінде жалшылықта жүрген кісі. Иса анасынан жастай жетім қалды. Иса - екі ағайынды. Исаның ағасы Мұса колхоз құрылысына белсене атсалысып, сол Үлгілі ауыл Советіндегі «Үлгілі» колхозын өз қолынан ұйымдастырған. Ол кісі 1933 жылы қайтыс болады. Исаның өзі, ағасы, әкесі 1916 жылға дейін қазақ байлары мен орыс кулактарының шөбін шауып, малын бағады.

1916 жылы Исаның ащы өлеңдеріне ерегіскен сол маңның болысы, байлары олардың үшеуін де приемға іліп, Сібірдегі Анжерка деген жерге шахтаға айдап жібереді.

Иса сонда жүріп, шахта астында ауыр азап шеккен еріксіз шерлі адамдардың мұңын шертіп, көңілін көтеретін жыршысы болып алады.

Исаны ең алғашқы ақындыққа баулыған, домбыра үйреткен ауыл арасында ақын аталып жүрген нағашы ағасы Рахмет деген кісі еді.

Бойында дарыны бар талапты жас қойшы ауыл арасында, ойын-тойларда суырылып өлең айтып, өнер сүйгіш еңбекші қауымның көзіне қаршадай күйінен түсе бастаған еді.

Иса сияқты дарынды қойшылардың бағына бүкіл еңбекші халықтарға бақыт пен бостандық алып келген Совет үкіметі орнады. Ұлы Ленин және Коммунистік партиямыз еңбекші халқымыздың барлық рухани, бүкіл еңбекші халықтардың бақыты мен бостандығына сүйсініп, рухтанған қойшы Иса елінің ардақты ақындарының бірі болып, арманына жетті. Өзін мұндай дәрежеге көтерген Совет үкіметі екенін, Ленин партиясы екенін, ұлы орыс халқының туысқандық көмегі екенін Иса ақын өмір бойына құлшына жырлап өтті. Социалистік Отанының адал патриоты болып келді, әдебиетіміздің тарихында солай болып қалады да.

«Жүз жыл өлмей жүрер ем,

Мұнан да көпті білер ем.

Дүниенің төрт бұрышы

Октябрьді тойлаған,

Еңбектен еңбек қайнаған

Тамашаның талайын

Өлмей жасап көрер ем», -

дейді Иса «Ұлы Октябрь» деген өлеңінде. Бұл социалистік Отанымыздың Иса сияқты бел баласының айтатын сөзі.

Ұлы Октябрь социалистік революциясы оған қажымас қанат бітірді. Ол сонау Анжерка шахтасының түкпірінен бастап ұшып, советтік қазақ республикасының қайнаған өміріне құлшына араласты. Павлодар, Семей, Орынбор, Қызылорда, Алматы қалаларында Иса өзінің ақындық дарынын шаршы топтың алдына сала бастады. Қазақ халқының сол кездегі көрнекті ақын жазушыларымен танысып, импровизатор ақындарымен айтысып, өз қуатын таныта бастады. Ол сол кездердің өзінде Құдайберген, Құлтума сияқты небір ақындармен айтысып, жеңіп шығып отырған. Революциялық мерекелерде, не бір жиын тойларда суырылып топтан шығып, халқы алдында шабыттана сайрап, жұртшылықтың тілектеріне өлеңмен жауап беріп, халқымыздың ең дарынды импровизаторы деген атаққа ие болған.

Иса 1925-30 жылдар арасында қазақтың тұңғыш театрының артисі болып, қазақтың советтік искусствосының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол кездегі асқан әнші Әміре Қашаубаев, осы күнгі даңқты артистеріміз Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Қанабек Байсеитов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыровтармен бірге Иса тұңғыш ұлттық театрымыздың сахнасының көркі болғандығы біздерге мәлім. Исаның желдірмелерін, театрға жиылған жұртшылықтың тілек-талаптары бойынша қолма-қол шығарып айтатын өлеңдерін естуге ол кездегі еңбекші жұртшылығымыз қаншама құмар болғанын Исаның замандастары ұмытпақ емес.

Алашорданың ұлтшыл, кері тартпа ақынсымақтары зарлап жатқан кездерінде Исаның алғыр, жарқын жырлары еңбекші халқының алдында саңқылдады. Ол қазақтың советтік әдебиетінің тұңғыш қайраткерлерінің қатарында болып, советтік патриотизмді мақтан ете жырлаумен болды. Оның даңқы бүкіл Қазақстанға тарады.

Исаның ең қадір тұтқаны, ең сүйсініп жырлағаны ұлы көсеміміз Ленин болды, оның мәңгілік іс мен жолы болды.

«Ленин өлді, пікірі оның өлген жоқ,

Ленин өлді, жолын ешкім жеңген жоқ.

Ленин бүкіл коммунистер жүрегі,

Жүрек оны өлд деп те сенген жоқ».

Исаның осы өлеңі 1924 жылдың январында жазылған еді. Данышпан көсеміміз Лениннің өзі өлсе де ісі өлмейтінін, оның ұлы туы мәңгі жеңе беретінін, Ленин бүкіл коммунистердің жүрегі екенін, ол жүрек соғуын тоқтатпайтынын ақын Иса сергек ақылмен түсіне білді.

Отанды, партияны шексіз сүйген ақын жүрегі қаршығадай самғап, көкке көтерілді. Келер заман күмбездеріне де көз тастады. Өзі жасап отырған дәуірдің қуанышы мен игілігіне құмарта құшақ жайды. Неғұрлым өнерлі, неғұрлым білімді болып, бойындағы бар қуатын жарыққа шығаруға ұмтылды. Өзі қуанып қабыл алған, өзі сүйсініп жырлаған туған елі, ту ұстаған жерінде Иса білім алды. Рабфакта оқып, әдебиет пен искусство өміріне белсене араласа отырып өсті. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Толстой, Горький, Абай сияқты алыптардың еңбектерімен танысып, солардан үйреніп отырды. Социалистік қазақ республикасының өміріне қызыға қарап, Қазақстанның талай жерлерін еркін аралап, халқының өмірі мен еңбегін сол халықтың қарсы алдына отырып жыр етті. Социалистік өміріміздің қай дәуірінде болмасын игілікті істерімізге Иса ат салыспай қалған емес. Ол бесжылдықтардың күйі мен сырын құлшына жырлап келсе, Ұлы Отан соғысы жылдарында да ел арасында болып, халқымызды жеңіске шақырып, сан жырлады. Өзі сеніп жырлаған ұлы жеңістерімізді өз көзімен көріп кетті. Иса 1946 жылдың күзінде қайтыс болғанда партиямыз бен үкіметіміз, халқымыз оны аса қадірлеп жөнелтті. Үкіметіміз оның еңбектерін жоғары бағалап, 1939 жылдың өзінде, қазақ жазушыларының алғашқы тобымен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады. Исаның өлеңдері мен поэмалары ылғи жарыққа шығарылып, халқымызға тартылып отырды. Оның еңбектері соңғы төрт жылдың ішінде мол тиражбен, жақсы оформлениемен екі рет басылғалы отыр. Бүгінгі күні Иса ақынның 50 жасқа толғанын ерекше еске түсіріп отырсақ, бұл да үкіметіміз бен партиямыздың, халқымыздың Иса ақынды жоғары бағалап, қадір тұтып отырғанының айғағы.

Иса өзінің соңында мол еңбек қалдырған үлкен ақын. Ол біздің әдебиетімізге алты-жеті ірі дастан беріп кетті. Олары: «Құралай сұлу», «Алтай аясында», «Он бір күн, он бір түн», «Кавказ», «Ақбөпе», «Ұлы құрылыс». Бір поэмасын бітіріп үлгере алмай кетті. Онысы 1916 жыл уақиғасына арналған «Қырмызы Жанай». Бұлардан басқа Иса жүздеген өлеңдер берді. Иса өлеңдері әлі де тегіс жиналып болған жоқ, оның ел арасына тарап, халыққа сіңісіп кеткен өлеңдері көп.

Иса өз өмірінде социалистік өміріміздің үгітшісі болған ақын. Сондықтан да Иса өлеңдері жарқын, саяси лирика. Ол өзінің саяси лирикасын халыққа тарату жолында тамаша бір әдіс қолданды. Ол өз поэмасын музыкаға бөлей білді: бірнеше тамаша «желдірмелер» шығарған композитор – мелодист болды; Иса «желдірмелері» бүкіл халқымызға жете тараған, музыка мәдениетімізге қосылған құнды шығармалар. Иса әрі әнші, әрі артист. Ол сол өнерлерінің қайсысын болса да құр әуестеніп тапқан жоқ, халқына бар қуатымен қызмет ету үшін тапты да, өнерлерін өрістетіп, өсіріп отырды. Бірнеше өнердің басын қосып, топқа енген дарын иесі бүкіл халқына өте әйгілі, өте қадірлі болды.

Исаның саяси лирикасы мына тақырыптардан құралады: Ленин және партия туралы жырлар, Октябрь революциясы, біздің еңбек, шаттанған Алатау, Турксиб, Қызыл Армия, оның техникасы, Алтай жырлары, Қарағанды, Балқаш жырлары, жастар, пионерлер, колхозды ауыл, Май мерекесі, қысқасы бүкіл социалистік өміріміздің әр алуан тақырыбы Иса поэзиясынан мол орын алған.

Әрине, Иса лирикаларының көркемдік жағында кемшіліктер жоқ емес. Бірақ идеясы жағынан жарқын, екпінді саяси лирикасымен жақсы агитатор бола білгендігі даусыз. Қазақтың академиялық драма театрының сахнасынан бастап, колхоз сахнасына дейін, халық ішіндегі той-думанға дейін араласқан Иса социализм құрушылардың қажырлы еңбегін, игілікті өмірін құлшына жырлаумен болды.

Иса дастандарының бесеуі ел аузындағы аңыздар бойынша жазылған дастандар. Тек «Он бір күн, он бір түн», «Ұлы құрылыс» поэмалары бүгінгі өміріміздің тақырыбынан. Әрине Иса ақыннан бүгінгі күннің тақырыбына жазылған дастандарды көбірек күттік. Егер 46 жасында, талантының өрістеп тұрған кезінде қайтыс болмаса, Иса өз тілегімізді де ақтайтын еді. Өмірінің соңғы кезінде, сырқаттанып жатқанының өзінде де, Ұлы Отан соғысының тақырыбынан «Мәңгілік батыр» атты дастан жазудың қамында болуы жаңағы пікірімізді дәлелдейді.

Иса халық аузындағы аңыздар бойынша бес дастан берді дедік. Ол дастандарының қай-қайсысын болмасын белгілі идеялық мақсатпен алып жырлаған. Халыққа зәбір көрсетуші хандарға, басқаншыларға, байларға қарсы арпалысып өткен батырларды, ғашықтарды, ақын-әншілерді қадір тұта жырлау арқылы Иса еңбекші халқының тарихына жақсы бағалар беруді көздейді. «Құралай мен Келден батыр», «Алтай аясындағы» Балағазы – Еркежен, «Кавказдағы» Бағыда – Зайда, «Ақбөпедегі» Ақбөпе – Әмірхан образдарын жасағанда Иса әрдайым оларды халық жағының өкілі етіп, оларға қарсы күштерді хан, бай, би, болыстар жағынан алуы – таптық, халықтық мақсат көздегенінен.

«Аруды Ақбөпедей ел жырлайды,

Бес кепе, бес арналы көл жырлайды»... –

деп келіп:

«Халықтың қасиетін жанмен ұққан,

Бұл жырды мен жырламай кім жырлайды?

Мезгілсіз, мерекесіз өткендердің

Рухы бізді де айт деп сыбырлайды», -

деуі Иса ақынның саналы мақсатынан туған айқын пікір.

Иса дастандарының ішіндегі ең көркемі «Құралай сұлу», одан соң «Кавказы», «Ақбөпесі» деуге болады. Бұл дастандары дұрыс басталып, дұрыс өрістейді де, дұрыс аяқталады. Бұл дастандарында Иса нағыз эпик ақынша алуан уақиғалардың арасына еркін еніп кетеді де, дастанының желісін адастырмай алып шығады. Ұсақ – түйек жәйттерге көп бөгелмей, кесек уақиғаларды тез ұтып отырады. Соның арқасында өз оқушысын аумақты уақиғалармен қызықтырып тартып отырады. Қазақтың табиғатын, әдет – ғұрпын, уақиға орнын жақсы білуінің арқасында Иса ақын еркін маневрлер жасап, мол уақиғаларды құбылтып алып кетеді.

«Құралай сұлу» поэмасы Монтай бидің жалғыз өліп арманда болуы арқылы басталады. Оның сегіз ұлы он сегіз ауылы болған Келден батыр армансыз дегенмен Монтай оны іздеп келеді. Сонда Келденнің арманы арқылы Құралай сұлу уақиғасы басталып кетеді. Құралай транедиясы ол

 

замандарда орындалмай, айдалада аңырап қалған арман болып аяқталады. Сол арманға өзек етіп жаугершілік заманды, қазақ халқының қалмақтардан көрген азабын алады. Иса Монтайды – би, Келденді – батыр бар деп атайды. Әрине, мұнысына қосыла алмаймыз. Бірақ оларға ақынның берген әрекетіне қарағанда, Келден ел қамын жеген, ел қорғаны батыр болып сипатталады. Мұнысы дұрыс. Осы жағын салмақтап алғанда, «Құралай сұлу» поэмасы көркем шыққан поэма.



Уақиғалы поэманы дамытудағы эпикалық шеберлікті «Кавказ», «Ақбөпе» шығармаларынан да көреміз. Ал, «Алтай аясында» дастаны туралы олай дей алмаймыз. Бұл өте ұзақ және толып жатқан ұтымсыз ұсақ жәйттер көп болып, арқауы бос шыққан дастан.

Иса дастандарын оқығанда ерекше көзге шалынатын мынадай бір кемшіліктер бар ма дейміз.

«Құралай сұлу», «Қойшының ертегісі», «Алтай аясында» дастандарының уақиғалары бір жерде, яғни бәрі де Алтай, Тарбағатай таулары маңында болатындықтан және уақиғаларының өзі ұқсас болғандықтан бірін – бірі қайталаңқырап кетеді. Үшеуінде де қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік, үшеулерінде де сүйгендеріне қосыла алмай дауға түскен ғашықтар, үшеуінде де Алтай, Қара Ертіс, Тарбағатай суреттері.

Әрине, бұлай болған жерде оқушы жұртшылық жалығыңқырайды. Уақиғасы басқа жерлерде болғанмен «Ақбөпе», «Кавказ» поэмаларында да сол бір ғашықтық жыр болады. Бірақ бұл соңғы екі дастан алғашқы үшеуіндей бірін – бірі қайталай қоймайды.

Онан соң дастандарының кейбір өлеңдер көркемдік жағынан әлсіздеу жатады. Тегі дастанның мол уақиғаларын тез қамтып алуға асыққандай кейбір өлеңдеріне жеткілікті еңбек сіңірілмеген болуы керек.

 

«Қабақты, қараторы, ұзын бойлы,



Кірпікті, бурыл сақал, терең ойлы,

Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен

Халқына бір жағалай қарап қойды», -

дегенде Монтайдың бейнесі елестейді. Осындай жақсы шыққан куплеттер мысалы «Құралайда» көп-ақ. Бірақ сонымен қатар:

«Оянды таста ұйықтаған таудың құсы,

Сәулемен араласқан жат дыбысы,

Шырлады бозторғайы ақ көденің

Сарғайып түрілген соң танның түсі», -

деген сияқты куплеттер де сол поэмада және басқаларында да кездесіп отырады.

...Осы поэмаға көп жерінде ұқсас жазылған «Алтай аясында» дастаны көркемдік жағынан босаңдау шыққанын жоғарыда айттық. Дегенмен, Иса осы «Алтай аясындасынан» бастап бір мәнді мәселені дұрыс шешуге бет бұрады. Ол мәселе – сол жаугерлік замандағы қазақ халқының ішіндегі таптық тартыс мәселесі. Егер «Құралай сұлуда» бұл мәселе көмескілеу қалса, ал «Алтай аясында» мейлінше айқындалып, уақиға тартысын тудырған, шиеленістірген, келіспес күреске дейін апарған басты мәселе болып жырланады. Бұратана, кірме, әлсіз рудың адамдары Құбылай, Балағазы, Еркежан, Жоламандар қорлықты, азапты өр Найман ішіндегі Қаракерей, Құсан феодал бастаған шонжарлардан көреді. Қазақтың «бай байға құяды» деген мәтеліне сай. Құсандар Қалмақтың Ұрыңқай деген бегімен, Кәпін, Көбік деген басқыншыларымен одақтасады. Екі жақтың қанаушылары бірігіп алып, кірме аз руға, жарлы ауылдарға жаһаннам орнатады. Бала – шағасын шулатып, азаматтарын қырып, мал-мүлкін тонап, Еркежан сықылды сұлуын бас етіп, күңдер мен құлдар әкетеді. Осы кезде Ұранқайлардан қорлық көрген Қаутін дейтін қалмақ жігітінің Балағазылар жағына шығып, Еркежанды азат етуге көмектесуі – бұл да таптық тартыстан туған жағдай.

Иса «Ақбөпе» поэмасында да қазақ даласындағы таптық тартыстан туған хикаяны баяндайды. Мұндағы тартыс Қуандық ішіндегі кірме кедей Тәукен, Әмірхандар мен Ақажан, Әбіш, Құдыяр сияқты феодалдар арасынан туады. Халыққа өнерімен жаққан әрі әнші, әрі ер Әмірхан мен Ақбөпе арасындағы махаббатқа феодалдық жауыздық тор құрады.

«Кавказ» поэмасындағы уақиғаны да тудыратын басты себеп тап тартысы екенін байқаймыз.

«Жетпістің жетеуінде кәрі Жүсіп,

Ешкімді тең көрмейтін кеуде ісіп,

Жыландай сүлік сорған сұп-сұр болып,

Кәрі бет арсыздыққа қалған пісіп...

Десе жұрт зар илейтін Жүсіп манап.

Өрлейді өзін жұртқа ие санап.

Омырау, еркінсінген төрт ұлы бар,

Жүргені қан қақсатып, кетсе жанап».

Міне, осындай жауыз манаптан жан түршігерлік қорлық көрген Бағыда деген жарлы жігітті ақын мұратына жеткізеді. Жауыз Жүсіптің басына қара күн орнаттырады. Жүсіптің төрт баласы бірдей ұрыста өледі. Қызы Зайда әкесінің жауыздығынан безініп, Бағыдаға кетеді. Ақыры жауыз Жүсіп өзін – өзі өлімге лақтырады. Бұл Иса ақынның қаламынан шыққан поэмалардың бір жақсы жазылғаны. Ақын Иса өз өмірінде Кавказ тауларында болмаса да ол жердің табиғат суреттерін, тау халықтарының әдет – ғұрпы, мінез – құлықтарын мейлінше дұрыс берген. Бұл оның Пушкин, Лермонтов поэмаларын көп оқып, Кавказ халықтарының тарихы мен өміріне ақынша үңіле қарай білгендігінің нәтижесі.

Махаббат тақырыбына жазылған поэмаларының көпшілігінде ақын махаббатты азаттық символы ретінде алып отырады. Сол махаббатың қорғаушысы еңбекші халықтардың қамын жейтін ерлер деп қорытады. Ол махаббатты қорғаушылар хандар, манаптар, феодалдар екенін баса айтады. Құралай, Еркежан, Ақбөпе, Қарагөз сықылды образдары арқылы жалпы әйел жынысының бас бостандығын аңсай жырлайды. Исаның әйелдері азаттық жолында арпалысып күреске шыққан ер мінезді, қажырлы, қайратты, аналық ұлы қасиеттерді бойларына жиған адамдар болып келеді.

Солардың аңсаған армандарының бүгінгі күні іске асқандығының айғағы ретінде Иса ақын совет елінің батыр қыздарын сүйсіне жырлайды. «Он бір күн, он бір түн» поэмасындағы Марина Раскованың образы бұған дәлел. Исаның қанаттанып аспанға ұшқан пилот қызды жырлауының өзі бүкіл әйел жынысының аспандаған арманының символы сияқты.

Ақын Исаның «Ұлы құрылыс» атты поэмасында да сүйсінерлік жағдай көп. Мұнда да ақын адам баласының біздің ұлы Отанымызда іске асқан армандарын құмарта жырлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет