Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, слайдтар, әріптер жазылған тақташалар, т б. Сабақтың түрі : сайыс сабақ



жүктеу 53.83 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі53.83 Kb.
түріСабақ
Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Биология мейрамханасы»

Мақсаты

Оқушылардың пән бойынша білімдерін жүйелеу, саралау;



Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, әріптер жазылған тақташалар, т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Даяршы:

Ал, қанекей, қаралық,

Мына жақта жаңалық.

Бүгінгі сайыс төрінде,

Биология елінде,

Биология тілінде,

Жұмбақ шешіп жарысып,

Сұрақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысын,

Шаттықпенен ән салып.

Көңілді кеш жасайық.

Даяршы: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Биология мейрамханасы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Мейрамханамызға Кәлпе орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары келіп жайғасыпты, олай болса, достарымызға сапалы қызмет көрсетіп, ас мәзірін ұсынайық. / 2 столға меню беріледі/ 1-топ «Тапқырлап», 2-топ «Алғырлар»


Ас мәзірінде:

1.Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ

2.Палауға қосылған көңілді анықтамалар

3.Дәмдеуіштер қосылған сөзжұмбақ

4.Логикалық сұрақтармен дәмі келтірілген алма салаты

5.Ғажайып десерт «Биологиялық компот»

Қорытынды кезең «Судың да сұрауы бар»
1.Жұмбақтармен әшекейленген құырдақ


1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2. Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

3. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

4. Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

5. Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,- деп,

Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

6. Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен, ұстайды. (Балық)

7. Жер бетінде жатқан арқан,

Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

8. Орманда жоғары

Ғашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

9. Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)

10. Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)

1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ. Су

2. Отқа жанбас, суға батпас. Мұз

3. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. Сәбіз

4. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады. Пияз

5. Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүрегі бірге. Ай

6. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. Қой

7. Ерте тұрады,

Жар салады. Қораз

8. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. Қарбыз

9. Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрегі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды. Балық

10. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін - бірі көрмейді. Көз


2.Палауға қосылған көңілді адасқан анықтамалар. Әр топ ойыншылары адасқан анықтаманы дұрыс орналастыру керек:

Тісті емдейтін дәрігер-Эндокринолог

Жұректі емдейтін дәрігер-окулист

Бездердің жұмысын емдейтін дірігер-стоматолог

Көз дәрігері- кардиолог
3.Дәмдеуіштер қосылған сөзжұмбақ

Жылқы ,,,, ,маймыл,,,, сиыр,,, ,, ұлу ,, тышқ ,ан,,
4.Логикалық сұрақтармен дәмі келтірілген алма салаты

1 сұрақ. Бір торда 3 қоян отыр еді, 3 оқушыға бір-бірден таратып берді.Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды.Ол қалай?

2 сұрақ. Екі қолымызда 10саусақбар, 10 қолда қанша саусақ бар? /50/

3 сұрақ. Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастадық, қанша бұрыш қалды? /5/

4 сұрақ. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есеге арттыр. /999/

5 сұрақ. 3 майшам жанып тұр еді 2-уін сөндірсе нешеуі қалады? /3/

6 сұрақ. Апамнын сандығында бәрі бар ,не жоқ? /бос орын/
5.Ғажайып десерт «Биологиялық компот»

Бұл ойында қатысушыларға қос әрпі бар тақташалар кигізіледі.Әр үстелдің мүшелері жасырылған сөзді өздеріндегі әріптермен тауып құрастырады.

1үстелге.

Төменгі сатыдағы өсімдік /балдыр/

Жыл басы /тышқан/

2 үстелге

2016 Жыл иесі /маймыл/

Микроскоптың 2 линзасы бар бөлімі /окуляр/


Оқушыларға соңғы тапсырма «Судың да сұрауы бар»

Бұл кезеңде әр топтан екі оқушы ортаға шығады. Екі оқушыға арақашықтықта орналасқан суы бар ыдыстан екінші бос ыдысқа қасықтап су тасу керек. Ыдыстары толғаннан кейін мұғалім қасында тұрған гүлді суару керек. Кім бірінші болып гүлге су құятын болса сол топ жеңіске жетеді.


Даяршы.

Сайысымызға қатысқан оқушыларды марапаттайық. Әр үстелдің ойыншылар бір біріне тілек айтып құттықтайды.Рахмет!Осымен «Биология мейрамханасы» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенімізше сау болыңыздар!

Алматы облысы

Қаратал ауданы

МДШОБ Кәлпе орта мектебі

Сыныптан тыс іс-шара- сайыс сабақ


«Биологиялық мейрамхана»

c:\users\школа\desktop\скачанные файлы.jpg

Өткізгендер: Иманбаева Ж.Б.

Есимбекова А.К.
Өткізген сыныбы: 7-8



2015-2016 оқу жылы

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет