Сабақтың ішкі құрылысы Қабаттардың атауы Қабат құрылысы Қабаттарды құрайтын ұлпалар



Дата30.06.2017
өлшемі116.48 Kb.
түріСабақ
Қосымша 1

  1. Сабақтың ішкі құрылысы

Қабаттардың атауы

Қабат құрылысы

Қабаттарды құрайтын ұлпалар

Қызметтері

Қабық (өң)

Жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан

Жабын ұлпасы

Шаң-тозаң мен микроорганизмдердің өтуінен, біржылдық бүршіктердің кеуіп кетпеуіне қорғайды

Тоз

Жасушалары өлі, ауаға толы


Жабын ұлпасы

Шаң-тозаң мен микроорганизмдердің өтуінен, көпжылдық бүршіктердің кеуіп кетпеуіне қорғайды

Жасымықша




Газ алмасуды қамтамасыз етеді

Тін

Тін талшықтар


Механикалық

Сабаққа мықтылық пен төзімділік қасиет береді

Сүзгілі түтіктер

Өткізгіш

Органикалық заттардың өтуін қамтамасыз етеді

Камбий

Бөлінуге қабілетті жұқа қабықшалы жіңішке ұзын жасушалар

Түзуші

Сабақтың жуандауына жауап береді

Сүрек

Сүрек талшықтар


Механикалық

Сабаққа мықтылық пен төзімділік қасиет береді

Шоқтар

Өткізгіш

Тамырдан жапыраққа дейін су мен минералды заттардың қозғалысына жауап береді

Өзек

Жұқа қабықшалы ірі жасушалар

Қоректік және негізгі

Қоректік заттарды қор ретінде жинайды




  1. Жапырақтың ішкі құрылысы

    Ұлпа атауы

    Ұлпаларды құрайтын жасушалары

    Сипаттама

    Жабын

    Қабықшаның жоғарғы бөлігі

    Жасушалары тығыз орналасқан. Кутикул немесе балауыз арқылы қорғалған. Талшықтары болуы мүмкін.

    Қабықшаның төменгі бөлігі

    Лептесіктері бар. Жанаспалы жасушаларымен қоршалған, газ алмасу және транспирацияға қатысады

    Негізгі

    Бағаналы жасушасы

    Фотосинтезге қатысатын,күнге бұрылған, жапырақ қабықшасына жақын орналасқан, тығыз, цилиндр пішінді жасушасы бар

    Борпылдақ жасушасы

    Жасушалары шар пішінді, борпылдақ орналасқан, жасушааралық кеңістігі бар, фотосинтез, газ алмасу, транспирацияға қатысады. Жасушааралық кеңістік судың буы мен ауаға толы

    Өткізгіш

    Жүке

    Сабақтан жапыраққа су мен еріген минералды заттар өтетін талшақтардан тұрады

    Жүйке тіні

    Сабақтан жапыраққа қант өтетін талшақтардан тұрады

    Механикалық

    Өткізгіш шоқтар

    Шеттері ұшталған, ұзынша келген жасушалары бар, мықтылық қасиет беріп, cынудан, майысудан қорғайды. Жүйкеге мықтылық қасиет береді.

  2. Тамырдың ішкі құрылысы

Аймақтардың атауы

Аймақтарды құрайтын ұлпалар

Аймақтардың қызметтері

Тамыр оймақшасы

Жабын

Топырақтан тамырды қорғайды

Бөліну аймағы

Түзуші

Тамырдың пішінін ұлғаяды

Өсу аймағы

Түзуші

Сору аймағы

Жабын

Тамырдың сыртқы жасушаларынан тұратын тамыр талшықтарынан су мен еріген минералды заттардың сіңірілуі

Негізгі

Жасуша қабықшасының көмегімен өткізгіш аймағына су мен еріген минералды заттардың өтуі

Өткізетін аймақ

Өткізгіш

Басқа мүшелерге су мен еріген минералды заттардың өтуі

Аттары

Ұлпалардың құрылысы және маңызы

 Өсімдікте орналасуы

Түзуші ұлпа

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, жапырақтары, бүршіктері, гүлшанақтары ашылады. Тұқымынан жас өсімдіктер(өскін) өсіп шығады. Сабақ пен тамыры ұзарып өседі. Ағаш діңі жуандайды. Басқа ұлпалар осы ұлпадан түзіледі.

Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Жабын ұлпа

Жасушалары бір-біріне өте тығыз жанасады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (ыстық, суық, қатты жел, зиянкестермен зақымдану) сақтап қорғайды. Сыртқы ортамен қатыныс жасайды (ауа мен пайдалы газдарды, күн сәулесін ішке өткізіп, сыртқы судың артығын буландыру).

Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.

Тірек ұлпа

Жасушаларының қабықшасы алғашында жұқа болғанымен біртіндеп қалыңдайды,  мықтылық, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сыныудан, майысудан қорғайды. Өсімдік қанша нәзік болса да тірек ұлпасының арқасында қатты дауылға, нөсер жамбырға майысып барып, қайта қалпына келеді.

Өсімдіктің барлық мүшелдерінде белгілі бір тәртіппен орналасады. Тамыр мен сабақта. Жапырақ жүйкелерінде. Жемістің жұмсақ етінде. Тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде.

Негізгі ұлпа (қор жинаушы, фотосинтездеуші)

Жасушалары ірі, сондықтан зат алмасудың артық өнімдері қорға жиналады, онымен ұрық және тағы басқа өсімдіктердің жас мүшелері қоректенеді. Жапырақтағы фотосинтездеуші ұлпаның жасушаларында хлорофилл дәндері болатындықтан жарықта органикалық зат түзеді. Онымен бүкіл тірі организмдер қоректенеді. Жасуша арасында бос кеңістікте ауа жиналады. Онымен өсімдіктер тыныс алады. Ірі жасушаларда су жиналады. Қуаңшылық жерде өсетін өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Атқаратын қызметіне байлансты жасуша пішіндері де әр түрлі.

Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақтың, тамырдың, тұқымның, түйнектің, пиязшықтың, тамырсабақтың барлығында болатындықтан негізгі ұлпа д.а.

Өткізгіш ұлпа

Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады. Сол арқылы жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде. Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.

Бөліп шығарушы ұлпа

Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды. Сүтті шырыннан резеңке, каучук жасалады. Эфир майын сабын, дәрі, иіс суға қосады, хош иіс береді. Шірне бунақденелілерді еліктіріп, тозаңдануға көмектеседі, алкалоид, т.б. заттардан дәрі жасалады.

Өсімдік мүшелерінің әр жеріде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі.



Эпителий ұлпалары

Терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын, қарын мен ішектердің ішкі жағын астарлайды.

Дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Эпителий ұлпаласы қорғанышты қызмет атқарады. Мысалы, тыныс алу мүшелері бар организмдердің тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып өкпеге жібермейді.

Бұлшықет ұлпасы

Ішек асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр, қаңқа, жүрек мүшелерінде болады.

Жасушалар ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар болады.

Жүйке ұлпасы

Нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады

Жүйке ұлпасының қызметі: қозғыштығы және қозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.


Дәнекер ұлпалары

Ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады, сүйек, шеміршек,сіңір,қан майлар, лимфа жатады.

Беріктік қызмет атқарады. Тірек қызметін атқарады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.



Жануар организміндегі ұлпаларда негізінен 4 топқа бөлуге болады. Олар эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары. 
 Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Эпителий ұлпаласы қорғаныштық қызмет атқарады. Мысалы, тыныс алу мүшелері бар организмдердің тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып өкпеге жібермейді. Эпителий ұлпалары теріні, шашты, тырнақты қорғап тұрады.
Жасушалары бір-бірімен өте тығыз жанасқан. Жасушаларының пішіндері –жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр т.с.с. Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Мысалы: терінің сыртқы қабатының жасушалары көп болғандықтан, қасаңданып түлеп түседі.

Жасушалары пішіндері мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары 6 топқа бөлінеді:



  1. Жалпақ эпителий(көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды.

  2. Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағын астарлап тұрады.

  3. Бағана тәрізді эпителийдің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі жағын астарлап жатыр.

  4. Кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушалары тыныс алу жолдарында құрайды.

  5. Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан.

  6. Безді эпителий жасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөледі.

Эпителий ұлпасының қызметі: қорғаныштық, денеде су мөлшерінің бір қалыпты болуын ретту, зат алмасуға қатысу, ағза мен сыртқы орта арасындағы зат алмасу процесіне қатысады.

Дәнекер ұлпалары ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады, сүйек, шеміршек,сіңір,қан майлар, лимфа жатады.

Дәнекер ұлпасы:

  1. Тығыз талшықты – жасушалары бір-бірімен тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттары аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірде, артерия қантамырларының қабырғасында кездеседі. Беріктік қызмет атқарады.

  2. Шеміршекті – домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады, омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек, құлақ қалқанын құрайды.

  3. Сүйекті – құрамында кальций тұзы бар, бірімен бірі байланысқан сүйек талшықтарынан (пластинка) түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары (остеоцит) тірі. Тірек қызметін атқарады.

  4. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы талшықтары бір-бірімен өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырлар мен жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы бос кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.

Бұлшықет ұлпасын құрайтын жасушалар ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар болады.

Қаңқа мен жүрек бұлшықеті көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Көлденең – жолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеуболса, екіншісі ақшыл жалпақтау болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіп, орналасқандықтан бұл бұлщықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке бекінеді, оның әрбір талшығы көп ядролы және ядролары талшығының шетінде оорналасады. Жүрек бұлшықет ұлпасы да көлденеңжолақты. Талшықтары тарамдалып әр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады. Талшықтары көп ядролы және олар талшығының дәл ортасына орналасқан. Жүректің бұлшықеті адам еркінен тыс жиырылады. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының талшықтары ұзын, екі ұшы жіңішке, ортаңғы бөлігі жуандау, бір ядросы талшықтың дәл ортасында орналасқан. Іщек асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр мүшелерінде болады.

Жүйке ұлпасы – нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады. Әр нейронның денесі ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Ұзын өсіндісін аксон, ал қысқа өсіндісін дендрит деп атайды.Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге өтеді.Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып,қозу өтетін жерін тоғысу (синапс) дейді.

Жүйке ұлпасының қызметі: қозғыштығы және қозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.

Эпителий ұлпалары

Терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын, қарын мен ішектердің ішкі жағын астарлайды.

Дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Эпителий ұлпаласы қорғанышты қызмет атқарады. Мысалы, тыныс алу мүшелері бар организмдердің тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып өкпеге жібермейді.

Бұлшықет ұлпасы

Ішек асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр, қаңқа, жүрек мүшелерінде болады.

Жасушалар ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар болады.

Жүйке ұлпасы

Нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады

Жүйке ұлпасының қызметі: қозғыштығы және қозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.


Дәнекер ұлпалары

Ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады, сүйек, шеміршек,сіңір,қан майлар, лимфа жатады.

Беріктік қызмет атқарады. Тірек қызметін атқарады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.




Каталог: uploads -> doc -> 067a
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
067a -> Тарсунин кьил: «Ст1ал Сулейман. Уьмуьрдин ва яратмишунрин рехъ» Гьазурайди: Ц1ийи хуьруьн юкьван школадин лезги ч1аланни литературадин муаллим Идрисова Д. Х


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет