Сабақтың әдісі: әңгімелесу



жүктеу 38.05 Kb.
Дата24.10.2018
өлшемі38.05 Kb.
түріСабақ
«Адамгершілік,жақсылық,қайырымдылық,мейірімділік»

Мақсаты:

-оқушыларға адамгершілік,жақсылық,қайырымдылық мейірімділік  туралы түсінік беріп, олардың бойында жанашырлық сезімдерін дамыту.   

- оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі:  әңгімелесу,

Тыныштық сәті ( Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны») - Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітеміз.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады. Ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік.

Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т. б. кездеседі.

Жақсылық жасау дегеніміз- өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
“Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың” Жақсылық жасау – адамдарды қандай қуанышқа бөлейді.
- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн – жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

 Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 



Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. Мейірімділік - рахметті күтпейтін, өз істерінің бағалануын, аталуын талап етпейтін сезім. Керісінше жағдайда бұл өзіңізге соншалықты рахат сезімін әкелмейді. Біреуден мадақ естіп, рахметке қарық боламын деп күтпеңіз. Мейірімді істер мен сөздер өздерінен-өзі сізді рахатқа бөлейді. Біреумен бөлісу, беру, сыйлау - шынымен ізгі істерден. Әрине біздің заманымызда көбі мұндай "ерлікке" бара алмайды. Өз істерінен алшақтап, уақыт тауып, күнделікті шаруаларды қойып, бөтен, таныс емес адамдардың қамын ойлап, көмектесу - нағыз мейірімділік белгісі. Біз біреуге көмектесу жайлы ойламайтын себебіміз, өзіміздің басымыздан ондай қиындықтар өткен жоқ. Сол себепті  жиі жағдайда мұқтаж жандарға кедейліктен, аурулардан өткендер қол ұшын береді. Басыңызға қиындықтар туындамасын деп ойлайсыз ба? Ендеше қазірден дайындалып, мұқтаж жандардың қиындықтарын өткеруіне кішкене де болса көмектесіңіз. Есіңізде болсын, мұқтаж адамға ақшалай көмегіңізден сіздің жылы жүзіңіз, көңіліңіз, бөлген уақытыңыз мың есе артық. 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет