Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның қорықтары туралы, олардың ерекшеліктері мен



жүктеу 117.5 Kb.
Дата20.07.2018
өлшемі117.5 Kb.
түріСабақ
Қорықтар сырына үңілсек

НУРГАЛИЕВА ЖАЗИРА ЕРАЗИНОВНА



«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – нің география пәні мұғалімі

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақстанның қорықтары туралы, олардың ерекшеліктері мен

тіршілік дүниесі және қызықты деректер беру арқылы танымдық

білімін арттыру, мәтінге қатысты жаңа сөздер үйрету арқылы сөэ

қорын байыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге дағдыландыру,

қарым-қатынас тілін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту арқылы есте сақтау және

шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғат байлықтарын сақтауға және оларды қорғауға

тәрбиелеп, сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық проблемаларды

ортаға сала отырып, экологиялық тәрбие беру

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Әдіс – тәсілдер: Проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік әдіс, сұрақ-жауап,

аударма.


Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс

Көрнекілік: Слайд- презентация, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: география, биология, экология

Сабақ барысы



І.Ұйымдастыру кезеңі.

Кезекшімен сұхбат,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

ІІ.Кіріспе сөз мұғалім: Құрметті оқушылар және қонақтар! Біздің бүгінгі «қорықтартар сырына» үңілсек атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер! Біз бүгін Қазақстанның қорықтарына саяхат жасаймыз.

Екі топ өздерін таныстырған соң қорықтардың аты жазылған конверт таңдап алады. Сосын барлығымыз әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, сол қорықтарға саяхат жасаймыз.

І. Таныстыру:

ІІ. Конверт таңдау

ІІІ. Жолдама алу (Сұрақты аукционға шығару)

ІV. Ақсу - Жабағылы мен Наурызым қорықтарына саяхат

V. Суреттерді сөйлет (Слайд суреттерін сөйлету)

VІ. Алматы, Барсакелмес қорықтары

VІІ. Қорғалжың, Марқакөл қорықтары

VІІІ. Мені түсін ойыны (Берілген тапсырмада не жайлы екенін табу)

Көрермендермен жұмыс (Қазақстандағы ең,ең,ең сұрақтарын қою)

ІХ. Үстірт, Батыс Алтай қорықтары

Х. Тылсым дүниеге сенесің бе? (аңыз әңгімелер)

ХІ. Алакөл, Қаратау қорықтары

ХІІ. Экологиясы (Арал слайд)

ХІІІ. Қорытындылау:

Қорықтар неге керек?

деген сұраққа жауап беру.

І. Таныстыру: Екі топ өз аттарын айтып, таныстырады

ІІ. Конверт таңдау:

Қорық аттары жазылған конвертті таңдайды.

ІІІ. Жолдама алу :

Біз саяхатқа бару үшін жолдама керек қой, сол үшін аукционға қатысып, жолдама аламыз. (сұрақты аукционға салу)

1000 теңгенің сұрақтары



  1. Орталық Қазақстанға не себептен канал тартылған? (Су тапшы)

  2. Солтүстіктің өзендері қалай қоректенеді? Себебе не? (Қар суымен)

2000 теңгенің сұрақтары

  1. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл.(Бетпақдала)

  2. Тұз күмбездері ұшырасатын ойпат. (Каспий маңы ойпаты)

5000 теңгенің сұрақтары

  1. Қазақстанның биік таулары қай қатпарлықта қайта көтерілген? (Альпі)

  2. Циркті ойыс дегеніміз не? (Мұздықтың қатып, еруінен болатын ойыс)

Енді осы жолдамамызбен алғаш ашылған Қазақстандағы қорықтар Ақсу – Жабағылы және Наурызым қорықтарына сапар шегеміз.



ІV. Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), реликті өсімдіктерден: жалған масақша.

Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1934 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.

V. Суреттерді сөйлет:

Инт.тақтадағы суреттерді сөйлетеді



VІ. Алматы қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1964 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 71,7 мың га. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Онда сүткоректілердің 40 (барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі. Іле өзенінің атақты «Әнші тауы» Аққұм – Қалқан (биіктігі 100 – м ден асатын құм төбе) жатады.

Барсакелмес қорығы - Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы жиырма мың гектар. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдердеаққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына қарай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді

VІІ. Қорғалжың қорығы– Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1968 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 259 мың га . Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады.

Марқакөл қорығы - құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га.Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған.

VІІІ.Мені түсін ойыны



  1. Ол бор дәуірінің әктасынан тұрады. Биіктігі 300 м шамасында.Ол тау қалай аталады және қай жазықта? (Ақтау. Тұран жазығында)

  2. Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отырған, Қырғызстан елі бөгеп қалатын өзендер. (Шу, Талас)

  3. Ол жазық оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жағымен, солтүстігінде орманды даламен шектесетін жазықтың бөлігі. (Тобыл - Обаған)

  4. Орал тауынан басталып, Ертіске құятын өзен. (Тобыл)

  5. Сарыарқадағы ірі ойыс қазаншұңқырды ата? (Теңіз – Қорғалжың )

  6. Ол Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Ол тау қалай аталады?

Көрермендермен жұмыс (Қазақстандағы ең,ең,ең сұрақтарын қою)

  1. Қазақстанның ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

  2. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері? (Қарақия)

  3. Ең ұзын өзен (Ертіс)

  4. Жауын – шашын ең көп түсетін жер (Батыс Алтай)

  5. Ең ірі су бөгені (Бұқтырма)

  6. Ең ірі мұздық (Корженевский)

  7. Ең ірі табиғат зонасы (Шөл)

  8. Суы ең лай өзен (Сырдария)

  9. Дала зонасындағы ең үлкен құс (Дуадақ)

  10. Жауын – шашын ең көп түсетін табиғат зонасы (Орманды дала)

ІХ. Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.

Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.

Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.



Батыс Алтай қорығы- Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

Х. Тылсым дүниеге сенесің бе?

Осы қорықтар бойынша өздері дайындап келген аңыз, әңгімелерін ортаға салады.



Марқакөл туралы. Ертеде көлдің орнында кең жазық дала болыпты. Онда алуан түрлі жасыл шөптер өсіпті. Оны жайлаған бір байдың жүйрік аты байланған қазық суырылған орнынан су атқылап шығады. Атқылаған су шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау баурайына дейін жетеді. Ауыл көшіп үлгере алмай, байдың бір көген марқа қозылары су астында қалып қойыпты. Осыдан барып пайда болған көл Марқакөл деп аталыпты.

Алакөл туралы. Алакөл «Ханбатыр» - Қабанбайдың туған, өскен һәм бес жарақ асынған қолын бастап түн қатпай қорғаған қасиетті өлкесі.

Алакөлдің батыс беткейінде Тоқта атты тау бар. Ол туралы мынадай аңыз бар.

Қабанбай батырдың ағасын қалмақтар найзаға түйреп кеткен таудың бір аңғарында қалдырған. Ағасын іздеп шыққан Қабанбайды көріп қалған шалажансар ағасы «Тоқта!» деп дауыстағанынан тау да осы атауға ие болыпты дейді.
Осыдан он-он бес жыл бұрын бір еңкіш кәрілік меңдеген жергілікті әже жылда көл жағалай бүкіл демалушылармен сөйлесіп жүріпті. Танымайтындар «шалық» деп ойлайды екен. Бірақ олай емес. «Алакөлдің киесі бар. «Бісміллә» деп шомылыңдар. Қабанбай аталарың жүрген жер. Тазалық сақтаңдар» деген сөзін жылда қайталап айтады екен. Ақша дәметіп тұрған шығар деп ақша ұстатса алмайды, дәм ұсынса ғана мақұл көріпті. Сол кейуанадан кейін көлдің жағасы әп-сәтте тазарып қалады екен. Ал қазір сол әже көрінбейді. Көл де жағасына қоқыс тастағандарға ашуланғандай құрлыққа ентелеп, арнасы толып келеді екен.

Алакөл орналасқан Барлық тауының етегінде қанды соратын сүлігі бар шипалы қайнар бар «Ол қайнарды жылан күзетеді», екен. Ертеде қатты сырқаттанған Шыңғыс хан шомылып жазылыпты. Қалай аяғыңды салдың, солай балтырыңа жылан оралатын көрінеді. Бірақ шақпайды дейді.

Сол арада жалғыз түп ағаш бар, «Соның түбіндегі тастан минутына бір таматын шипалы су бар. Ертеде Шыңғыс ханның көз ауруын жазған дейді.

Барсакелмес туралы. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады.

Тағы бір аңызда бір бай жайылымына қызығып қысты күні мұз қатқанда отар-отар мал-мүлкімен аралға көшіп кетеді. Бірақ, жыл өтсе де олардан хабар-ошар болмайды. Ағайындары аралға іздеп келсе, туысқандарының өлігі мен қырылып қалған мал-мүлкін ғана тауыпты. Бейтаныс арал үрейлі атауын осы оқиғадан алған деседі.



Рахманов бұлағы туралы. Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңш қуа береді. Алыстап кеткен бұғының соңынан қуып жеткен аңшы, оның буы бұрқыраған батпақты бұлаққа шомылғанын көріп, таң қалады. Кейін бұл бұлақ сол аңшы атымен Рахманов бұлағы деп аталған.

Батыс Алтай корыгы туралы. Ерте кезде қазiргi Телец көлi орналасқан жерлерде тау ортасында үлкен және сопақ дала жайылып жатты. Ал тау беткейлерiнде, даланың екi жағында екi батыр өмiр сүрдi, олардың әр қайсысы өзiн сол даланың қожасымын деп санады. Екеуi бiрнеше рет бiр-бiрiмен күресiп, бiрi-бiрi жеңбекшi болды, бiрақ күштерi тең болды.

Бұл жанжалдан ешкiмге тыныштық болмады. Батырларға су және тау перiлерi ренжiп, өздерiне шақырып былай дедi: «Күресу мен жанжалдасуды тоқтатыңдар. Сендердiң дауларыңды шешу үшiн бiз мынадай сынақ жүргiземiз- кiм бiрiншi «әйел» жайлы сөздi айтса сол далаға иелiктен айрылады».

Батырлар өздерiнiң ауылына тарады, және тыйым салынған сөздi айтпау үшiн бiр-бiрiмен сөйлеспейтiндей болды. Сөйтiп бiр-бiрiне даланың екi жағынан қарап, үнсiз отырды.

Күндер, айлар, жылдар өттi… Бiр күнi күн сәулесi тау шыңын бояған кезде, даладағы жылғаның бойымен сұлу ару келе жатты. Батырлар ару сұлулығын көрiп, шыдай алмай екеуi бiрдей: «мына арудың сұлуын-ай» деп қосарланды.

Осы мезетте аспанды қара бұлт жауып, найзағай шашырап, күн күркiредi. Дала үстiне қалың сүттi тұман түсiп, батырлардан сұлу аруды жасырып қалды. Бәрi тынышталғаннан соң, батырларды таң қалдыратын құбылыс болды: даланың орнында терең көлдiң толқыны жатты! Көл жағалауында батырлар сұлу аруды тағы көремiз бе деп үмiттенiп ұзақ тұрды, бiрақ ару көрiнбедi.

Кейде бұл ару жалғыз шыққын жас аңшылар мен балықшылар алдынан көрiнедi. Егер олар арудың ерiгiнде кетсе, су түбiне батады. Ал егер олар жiгерлi болса, онда ару балықшыға олжа әкеледi, аңшыға үлкен табыс бередi және теңiз дауылынан сақтап жүредi.



Жень- шень туралы – Етеде )ытайда Жень- Шень деген батыр болыпты. Ол өзінің қарындасына ғашық болған жігітпен айқаста қаза тауыпты. Қарындасы Луи Ла ағасы өлген жерге келіп қайғырып жылағанда, көз жасы тамған жерден бұрын соңды болмаған өсімдік өсіп шыққан. Оны жеген адамға қосымша күш бітеді. Ол осы күнгі жень – шень екен. Ол тек түнде гүлдеп айналасына айдай жарық сәуле түсіреді екен. Егер, сондай түннің бірінде женьшень тамырын қазып алса, ол тамырдң барлық ауруды жазатн қасиеті күштірек болады екен. Ол өзі 100 жыл жасайтын өсімдік.

«Әншi тау» туралы. Қалқан тауының қойнауындағы құм төбе ән салады, бiрде гүрiлдеп, бiрде айқайлап, бiрде әдемi әуеннiң қайырымын қайталағандай болады екен. Ертеде Айқайқұмға баруға болмайды, онда шайтан бар деп ойлаған. Шайтан кiмге ұнаған, сол шайтанның мiнезi ұнамай, ақыры құдай осында айдап әкелiп құммен көмiп тастаған. Әншi таудан естiлетiн дауыс шайтанның үнi деген.

ХІ. Алакөл қорығы - Тентек өзені сағасында Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітеді. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі.

Қаратау қорығы - Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады.

ІІІ. Сабақтың қорытындысы.



Сұрақ – жауап:

  1. Реликті шағала қорғалатын қорық (Алакөл)

  2. Ең жас қорық (Қаратау)

  3. Ең алғашқы қорық (Ақсу -Жабағылы)

  4. Құландар қорғалатын қорық (Барсакелмес)

  5. Әнші құмы бар қорық (Алматы)

  6. Қоқиқаз мекендейтін көл (Теңіз)

  7. Алтын тамыр қай тауда? (Алтай)

  8. Марал оты сақталған қорық (Батыс Алтай)

  9. Адамға күш беретін өсімдік? (Жень шень)

  10. Үстірттегі қойды ата (Муфлон)

Мұғалім: О, Адамзат!

Табиғат байлығы саған ата-бабаңнан мұраға қалған жоқ, келешек ұрпақтан қарызға алғансың, дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.
Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет