Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



Дата27.10.2018
өлшемі30.34 Kb.
түріСабақ
81. Тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі)

Мақсаты: Ертегіні түсініп оқып, өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру; еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту; қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, рөлге бөліп оқу.

Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту. Өлеңде көктемнің қандай белгілері жайлы айтылған?



ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жалпы өздерің көктем десе ойларыңа не түседі?

Ой шақыру



Көктем


Ү. Жаңа сабақ: Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған? Бұлғын не деді? Қалай ойлайсың басқа аңдар бұлғынмен келісті ме? Сенің пікірің?

Арыстан: Бәріңе бір сұрақ беремін. Көктем сәні неден?

Қасқыр: Гүл, тақсыр

Ақбөкен: Жасыл желек

Ит: Хош иіс

Қоян: Мөлдір су

Арқар: Жылылық

Киік: Нөсер

Түлкі: Ашық аспан

Бұғы: Салқын самал

Піл: Еңбек

Аю: Шалқыған көңіл

Елік: Шаттық

Борсық: Күлкі

Қодас: Жігер

Бұлғын: Тақсыр мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні- осы айтылғандардың бәрі.Солардың бәрін қоссақ көктемнің сәні шығады.


ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Аңның әрқайсысының жауабын талдап көр. Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін сал. 2. Ертегіге сүйеніп, сызбаны толтыр.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік? 1.Ертегі саған ұнады ма? Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, әңгімелеу,

Бағалау.



Арыстан: Бәріңе бір сұрақ беремін. Көктем сәні неден?
Қасқыр: Гүл, тақсыр
Ақбөкен: Жасыл желек
Ит: Хош иіс
Қоян: Мөлдір су
Арқар: Жылылық
Киік: Нөсер
Түлкі: Ашық аспан
Піл: Еңбек
Аю: Шалқыған көңіл
Елік: Шаттық
Борсық: Күлкі
Қодас: Жігер
Бұлғын: Тақсыр мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні- осы айтылғандардың бәрі.Солардың бәрін қоссақ көктемнің сәні шығады.

«Достық бастауыш білім беретін мектебі» КММ



Тақырыбы: Көктем сәні

Канжекеева Г.С.



2014-2015 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 12d8
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
12d8 -> «анчар» Александр Сергеевич Пушкин
12d8 -> Сабақ тақырыбы Сурет сабағы. Суретші ата Қастеев Сілтеме: Ана тілі оқулығы
12d8 -> Тарих пәнінің мұғалімі: Ыбырай Г.Қ. Астана қаласы 2015жыл «Атажұрт» интеллектуалы ойынының мақсатты Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет