Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі 7 «ә», 7 «г» сыныптарынан құралған екі топ: І топ «Зере» ІІ топ



жүктеу 128.67 Kb.
Дата27.10.2018
өлшемі128.67 Kb.
түріСабақ
«Білімдінің жұлдызы жарық»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету

  2. Жер бетіндегі флора мен фаунаны қорғауға, ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелеу.

  3. Танымдық ойындар арқылы ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

7 «ә», 7 «г» сыныптарынан құралған екі топ:

І топ - «Зере»

ІІ топ – «Тұңғиық»

ІІ. Сайыстың кезеңдері

І кезең - Шығармашылық жұмыс

ІІ кезең – Өсімдіктерге метафоралық теңеулер

ІІІ кезең - Ең, ең ...

ІҮ кезең Ұйқасын тап

Ү кезең – Мақал –сөз мәйегі

ҮІ кезең - Аңыздар

ҮІІ кезең - Терминологиялық сөздік

Сайыстың барысы:

І кезең - «Шығармашылық жұмыс» - бұл кезеңде әр топқа экологиялық тақырыптар беріледі. Сол тақырыпты оқушылар қорғау тиіс.

ІІ кезең - «Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер»

Мақта - ............................. ( ақ алтын)

Бидай - ............................... ( алтын дән)

Күріш - .............................. (сыр маржаны)

Жүгері - .............................. (дала аруы)

Қызғалдақ - ........................... (шөл аруы)

Бәйшешек - ............................ (көктем гүлі)

Емен - .................................. ( ағаш патшасы)

Кактус - ................................ (түн аруы)

Жүзім - ............................. (оңтүстік перзенті)

Картоп - ........................... (екінші нан)

Итмұрын - .......................... (шипалы бұта)

Зығыр - ........................... ( солтүстік жібегі)

ІІІ кезең - «Ең, ең ...»



І топ

  1. Ең жүйрік сүтқоректі - ........................... (Гепард)

  2. Ең кішкентай құс - ................................... (Колибри)

  3. Ең ірі гүл - ................................................... (Арнольди Раффлезиясы)

  4. Ең суыққа төзімді құс - ............................ (Пингвин)

  5. Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі - ................ (Морж)

  6. Ең ірі құс - ....................................................... (түйеқұс)

  7. Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі - .................................. (піл)

ІІ топ

  1. Ең ұзын жануар - ................. (керік)

  2. Ең ірі су жануары - ................ (кит)

  3. Ең жылдам өсетін өсімдік - ............. (бамбук)

  4. Ең қырағы құс - ........................ (бүркіт)

  5. Ең жуан ағаш - ........................ (баобаб)

  6. Ең улы жылан - ........................ (патша кобрасы)

  7. Ең жылдам ұшатын жәндік - ................. (инелік)

ІҮ кезең «Ұйқасын тап»

Бір текті, құрылысы ұқсас мекені бар,

Әлемде сан алуан хайуанат бар

Соларды топтастырып жүйеге сал

♠ Ғылымда өз алдында атайды ..... ( түр)

♠ Түрлерді топтастыру - ол да дұрыс .

Ол тобын жануарлардың не дейді (туыс)

♠ Бұларды топтастырмай тағы болмас,

Туыстас жануарлар тобы ... (тұқымдас)

♠ Ал сонша бөліктерге шын ие,

Жіктеудегі ең ірі топ - ....... (дүние)

Ү кезең - «Мақал – сөз мәйегі»

І топ


  1. Күте білсең .... (жер жомарт)

  2. Құлан қырдың көркі .... (құндыз судың көркі)

  3. Ат жақсысын мақта ... (адам жақсысын жатқа)

ІІ топ

  1. Ақылды жігіт атқа мінер ... (таққа да мінер)

  2. Не ексең ... (соны орасың)

  3. Ексең егін ... (ішерсің тегін)

ҮІ кезең - «Аңыздар»

І топ

Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәнаттан қуылған кезде күн суытып кетіп, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бері Гүл Үміт символы болатын саналған.

Дара жарнақтылар класына жататын, эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік. (Бәйшешек)

ІІ топ

Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле жаладан сақтасын» деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды. (Адыраспан)



ҮІІ кезең. «Терминологиялық кезең»

І топ.

  1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (микология)

  2. Ағзалардың атқаратын қызметін зерттейді (физиология)

  3. Жасушаның атқаратын қызметін зерттейді (биологиялық және молекулалық биология)

  4. Өсімдіктерді зерттейді (ботаника)

  5. Ядросыз ағзалар (прокариоттар)

  6. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын не деп атайды? (эпидемия,( індет))

  7. Жануарлардағы қоректік қор заты (гликоген)

ІІ топ

  1. Жасушаларын құрылысын зерттейді (цитология)

  2. Адам ағзасының құрылысын зерттейді (анатомия)

  3. Бактерия жасушасына енетін вирус (батериофаг)

  4. Ядролы ағзалар (эукариоттар)

  5. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті (иммунитет)

  6. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететін бактериялар (сапрофиттер)

  7. Өсімдік жасушасындағы қоректік қор заты (крахмал)

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап марапаттау. Сонымен бүгін біз биология пәні бойынша «Білімдінің жұлдызы жарық» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен командаға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.

Кездескенше жас достар!

Күні: 04.03.2014 ж

Сабақтың тақырыбы: §49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың Қызыл кітапқа тіркелген түрлері мен оларды қорғау шаралары. Партеногенез терминіне түсінік беру.

Ә) Дамытушылық: Қосымша материалдарды пайдалана отырып білімін дамыту .

Б) Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, бірін бірі сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі,

Көрнекілігі: тірек-сызба, кесте толтыру, слайдтар суреттер, кітаптар

І - Ұйымдастыру

♠ Сәлемдесу

♠ Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

♠ Оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ – Үй тапсырмасын тексеру

І- нұсқа

  1. Тікентерілерінде бұрын басқа типтерде болмаған қандай жаңа жүйе пайда болған? (Жауабы: сутүтікшелі жүйе )

  2. Қандай симметрия тән? (Жауабы: сәулелі симметрия )

  3. Қай түрінің уылдырығы мен жыныс мүшелерін тамақ ретінде пайдаланған. (жауабы: теңіз кірпісі)

  4. Тікентерілердің жабыны неше қабаттан тұрады? (жауабы: 2)

  5. 800 түрі бар қай класс? (жауабы: теңіз кірпілері)

ІІ нұсқа

  1. 1500 түрі бар қай класс? Жауабы: (теңіз жұлдызы)

  2. Сутүтікшелі жүйе қызметі?

Жауабы: жүру, тыныс алу және қажетсіз заттарды бөлу, түйсінуін реттейді

  1. Тікентерілердің дене қуысы? Жауабы: (целлом)

  2. Узбест, мәрмәр түзеді?

  3. Шала түрленіп даму сатылары: Жауабы: жұмыртқа - дернәсіл - имаго

  4. Теңіз қиярында арнаулы тыныс алу мүшесі? Жауабы: суға толы өкпе

ІІІ .Жаңа сабақ

Қызыл кітап - өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінеді.

І санат – жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтарға

ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер

ІІІ санат - сирек кездесетін түрлер мен түршелер

ІҮ санат - белгісіз түрлер мен түршелер

Ү санат - қалпына келтірілген түрлер мен түршелер


  1. Басылым – 1978 жылы қаңтарда;

  2. Басылым – 1991 жылы омыртқалылардың 129 , омыртқасыздардың 105 түрі қамтылды.

  3. Басылым -125 түр мен түр тармақтары енгізілген.

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілер.

Нәзікқұйрық инелік (Аральский тонкохвост) мекені: Сырдария өзенінің Артеңізіне таяу су алабында.

Қорегі – өзге бунақденелілер мен маса.

  • 1979 жылы белгілі болды;

  • Толық зерттелмеген;

  • ІҮ санатқа енгізілген;

Көркемше инелік (красотка девушка)

♠ Қанатында ерекше белгісі жоқ;

♠ Қонғанда көбелектерше қанатын жинастырып қонады;

Ақтеңбіл дәуіт (богамол древеный) –

♠ Ең жалмауыз дәуіт;

♠ Дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын, 266 бөлме шыбынымен қоректенеді;

♠ Дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кг 300 г –ға жуық бунақденелілерді жояды;

♠ Аналығы аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады;

Далалық кергі (Степная дыбка)

♠ Өте сирек кездеседі (ІІІ санатқа жатады)

♠ Ең ірі денелі

♠ Шырылдамайды және жыртқыш;

♠ Солтүстік Қазақстаннан және соған жақын аймақтардан кездестіруге, болады:


  • Қорегі – шегіртке, шекшек, шілделіктер, қоңыз және дала қандалалары.

Кейде дәуітті де жеп қояды.

  • Аталығы көп кездеспейді. Аналықтары партогенезді жолмен көбейеді. Партеногенез (грекше партенос- қыз қалпындағы + генесис – пайда болу).

Шолғыншы инелік (Дозорщик император)

♠ Тұқымы - күйенті ;

♠ Қанаттары біркелкі емес;

♠ Едеуір ірі: құрсағының ұзындығы – 49 – 61 мм;



Бұғықоңыз (жук – олень)

♠ Саны күрт кеміп бара жатыр (ІІ санатты), тұрқы 87 мм шамасында , ең ірі қоңыз.

Мекені - еменді ормандар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағасынан кездестіруге болады.

♠ Бас бөлігіндегі жақ тұсынан бұғының мүйізіне ұқсас өскін байқалады.

Аналығы аталығынан кіші, тұрқы 28-45 мм.

Қорегі – зақымданған ағаш діңінен аққан шырын.

Дернәсілдері - «С» әрпіне ұқсас.

Дернәсілдерінің дамуы 4-6 айға созылады

Ересек бұғымүйіздер 3-4 аптадан соң тіршілігін жояды

Дер кезінде қорғалмаса мүлде кездеспей қалуы мүмкін

Кесте




Бунақденелілер түрі

Зияны

Отряд

1

Біте

Жеміс бағы мен орманға зиянын тигізеді




2

Сона

Қан сорғыш жәндік, қарасан ауруын тудырады




3

Бит

Бөртпе сүзекті тудырады




4

Бүрге

Сүзекті де обаны да таратады





Зиянкестермен күрес



Ағаштар түбін қопсыту, ағарту

Жеке бас гигенасын сақтау



Биологиялық әдіс

Химиялық әдіс


ІҮ.Бекіту сұрақтары

  1. Далалық кергімен ақтеңбіл дәуіттің тіршілік әрекетін салыстыр.



Ақтеңбіл дәуіт ең жалмауыз дәуіт, 1 кг 300 г дейін, бунақденелілерді жояды

Жыртқыш аталықтары көп кездеспейді

Далалық кергі ірі денелі шекшек қанаты жоқ. Жыртқыш дәуітті де жеп қояды. Партогенездік жолмен дамиды.

  1. Артығын тап.

  1. Қазақстан Республикасының қызыл кітабы :

І басылым шықты. 1978 жылы.

ІІ басылым 1991 жылы шықты. Оған омыртқалылардың 125, омыртқасыздардың 105 түрі мен түртармақтары енгізілді.

ІІІ басылым 1996 жылы жарық көрді. 125 түрі мен түр тармақтары енді.

Қызыл кітап Қазақстан Республикасының маңызды басылымы.

Ол 7 санатқа бөлінген.

♠ Ақтеңбіл дәуіт толық зеріттелмеген.

♠ Бұғықоңыз еменді ормандарда өмір сүреді.

♠ Партеногенезді жолмен ұрықтанады.



Ү. Қорытынды. Бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы. §49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Зиянды бунақденелі жәндіктермен күресу шаралары. Тұрғылықты жердегі қандай омыртқасыздар қорғауға алынғанын біліп алыңдар, ол жөнінде хабарлама дайындаңдар.

Күні: 26.11.2011 ж

Сыныбы: 5

Пәні: жаратылыстану


Сабақ тақырыбы: §21. Мұхиттар

Мақсаты:

А) Білімділік: Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не сұрағына жауап беру және мұхиттар тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру

Ә) Дамытушылық: білімін, біліктілігін, дүниетанымын кеңейту

Б) Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: география, биология, тарих, әдебиет

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте толтыру

Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы , атлас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

А) сәлемдесу, түгелдеу

Ә) Сабаққа назар аударту

ІІ.Үй тапсырмасы

1.Судың қандай күйлері бар?

а) қатты ә) газ б) сұйық в) қатты газ, сұйық

2. Іші суға толған ыдысты мұздатқышқа салсақ біраз уақыттан соң ыдыс сынады неліктен?

а) көлемі азайғандықтан ә) көлемі ұлғайғандықтан б) көлемі кішірейгендіктен

3. Қыс айларында су құбырлары жарылады неліктен?

а) су болмағаннан ә) су ыстық болғаннан б) құбырдағы су қатып қалғандықтан

4.Шайнекте неліктен қақ түзіледі?

а) судың тұзды болуынан ә) судың ыстық болуынан б) судың тұзсыз болуынан

5. Су


а) еріткіш ә) салқындатқыш б) мұздатқыш

6. Мақалдың жалғасын тап.

«Судың да ...»

а) сұрауы бар ә) бастауы бар б) сапасы бар

7.Адам денесінің қанша пайызы су?

а) 60 ә) 40 б) 65 в) 30

8. судың формуласы:

а) Н2 O ә) О2 б) Н2 в)N2



ІІ. Сәйкестендіру

Қарбыз 40 л

Қияр 90%

Күнбағыс 85%

Алма ағашы 20 л
ІІІ. Тапсырма «Кім көп біледі?»

Су туралы мақал-мәтел айту.


Жаңа сабақ

Балалар дүние жүзінде қанша мұхит бар?

Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз. (1 сурет)

Тынық мұхиты ауданы 361,1 млн км2 аралы өте көп, жалпы саны 10 000-нан астам.

Ең үлкені және ең тереңі.

Ең терең жері – Мариан шұңғымасы – 11022 м

Орташа тереңдігі – 4000 м

Аралдары көп

Ең жылы беткі t- +26° С, +29°С

Поляр маңында -0,5°С

Оны тынық деп атаған Магеллан
Өсімдіктер 60 метрлік қоңыр балдырлардан бір жасушалы өсімдіктер .

Жануарлар 30 м киттер, 15 м акула, түрлі балықтар


Атлант:

  • Солтүстік оңтүстікке қарай созылып жатыр

  • Ең терең жері Пуэрто-Рико (-8742 м) шұғ.

  • Балық ресурсы көп.

  • Балық аулаумен 115 мемлекет айналысады.


Үнді мұхиты

- Негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан

- Ең терең жері Зонтд (-7209 м) шұңғымасы

- Суының 1-20°С-тан жоғары.

- Тұздылығы 36,5%

- Қызыл теңізде-41 %-ға дейін


Солтүстік мұзды мұхит

- ең кішісі, ең тұщы, ең суық

- ең терең жері: -5527 м

- құятын суы мол ірі өзендер:

Объ, Енисей, Лена,
Сен білесің бе?

Мұхиттың түбі қандай?

Мұхит түбі – таулардан, таулы қыраттардан және шатқалдардан түзілген әр түрлі бедер. Мұхит жағасы біртіндеп шамамен 180 метр тереңдікке судың астына кетеді-бұл құрлықтық қайра. Қайранның шетінде мұхит түбі құрлықтық еніс бойынша төмен суық қараңғы тұңғиыққа күрт кетеді. Мұхит түбіндегі ыстық көлдердің кейбір жерлерде қайнау нүктесі 1100 С жоғары температураға жетеді.


Еріген мұзтауды (айсберг) ішуге болама?

Иә, өйткені мұзтаулар мұхитта жүзіп жүрсе де, тұщы судан тұрады. Мұзтаулар полярлық өңірлердегі тау еністерімен жылжып келе жатқан баяу қозғалатын көшпе мұздардан және олардың шетінен бөлініп шығады.




Бекіту
«Ең ерекше»


Өзіндік ерекшелігі

Мұхит аты

Ең үлкен

Ең суық


Ең жылы

Ең ұзын

Ең кіші

Ең тұзды


Ең солтүстікте

Ең терең


Ең енді

Жануарлар дүниежүзіне ең бай

Ең мұздысы

Ең аралы көп

Балық аулау кәсіпшілігі

Ең жоғары төмендегі елді

мекендерге ең жақыны

Астанаға


Алматыға

Қызылордаға


Атлант


Атлант

Солтүстік мұзды



Ең алыста орналасқан

Астана


Алматы

Қызылорда





Қорытынды

Бағалау

Үй тапсырмасы

§21. Мұхиттар.



2.Кескін картаға мұхиттарды тауып, аттарын жаз.

3.Мұхиттағы жан жануарлар, өсімдіктер жайлы мәліметтер жинау.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет