Сабақтың барысы: а ұйымдастыру ә үй тапсырмасын сұрау б үй тапсырмасын бекіту в жаңа сабақты түсіндіру г бекіту сұрақтары



жүктеу 26.38 Kb.
Дата05.07.2017
өлшемі26.38 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі.

1.Білімділік мақсаты:Оқушыларға мүктәріздес өсімдіктердің сан алуандығын түсіндіру.

2.Дамытушылық мақсаты:Оқушының білімді өздігінен меңгерту,интерактивті тақтамен,компютерлік оқулықпен жұмыс жасатуға дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды мүктәріздес өсімдіктермен таныстыру,оқушыларды сыйластыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:а)ұйымдастыру

ә)үй тапсырмасын сұрау

б)үй тапсырмасын бекіту

в)жаңа сабақты түсіндіру

г)бекіту сұрақтары

д)зертханалық жұмыс,

е)тапсырмалар

ж)үйге тапсырма

з)бағалау

Көрнекілігі:интерактивті тақта,компьютерлік оқулық,тірек-сызба,микроскоп,дайын прокаттар,тест тапсырмалары.

Үй тапсырмасын сұрау,үй тапсырмасын бекіту сұрақтары.

Жаңа сабақ түсіндіру

Жоғары сатыдағы өсімдіктер үлкен екі топқа бөлінеді:

1.Споралы өсімдіктер

2.Тұқымды өсімдіктер

Споралы өсімдіктерге мыналар жатады:мүктер,плаундар,қырықбуындар, қырықжапырақтектестер.

Тұқымды өсімдіктерге мыналар жатады:ашық тұқымды өсімдіктер,жабық тұқымды өсімдіктер.

Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі.Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі.Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып жатады.

Мүктерді зерттейтін «бриология»(грекше«бриос»-мүк,«логос»-ғылым)дейді.Неміс ботанигі И.Гедвиг 18 ғасырдың соңында мүктер туралы ғылымның-бриологияның негізін қалады.

Мүктәріздестер-аласа болып өсетін көпжылдық,сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер.

Мүктердің биіктігі 1 мм-ден 70 см-ге дейін жетеді.

Мүктердің мынадай түрлері бар:көкек мүгі,шымтезек мүгі,бауырмүк,антоцера, жапырақсыз мүк.

Мүктердің басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады.Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризиодтары(грекше«риза»-тамыр,«эйдос»-түрі)атқарады.

Мүктің құрылысы:1.сабағы 2.жапырағы 3.ризоид

Ризоид-бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады.Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды.Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы,жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады.Өткізгіш,тірек,қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетілген.

Көкек мүгі (жасыл мүк) Жасыл мүкті «көкек зығыры»деп те атайды.Көкек зығыры деп аталу себебі:сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр тамшығы тәрізді жіңішке тілімделген.Көкек мүгі-екіүйлі өсімдік.Аталық гүлдер бір өсімдікте,аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса-екі үйлі өсімдік деп аталады. Аталық өсімдік-көпжылдық,ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді.Көкек мүгінің биіктігі 40 см.Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады.Көкек мүгі топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар.Жапырақтар арқылы ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.Соның нәтижесінде олардың хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп,ағзалық зат түзіледі.

Жынысты көбею-гамеофит

Жыныссыз көбею-споро

Бекіту сұрақтары

1.Мүктәріздес өсімдіктер қандай өсімдіктерге жатады?

а.тұқымды ә.споралы б.гүлді өсімдіктер

2.Мүктерді зерттейтін ғылым?

а.бриология ә.микология в.михенология

3.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады?

а.спора ә.ризоид б.қауашақ

4.Көкек зығыры немен тозаңданады?

а.желмен ә.жәндіктермен б.сумен

5.Көкек зығырының зиготасынан не түзіледі?



а.споралары бар қауашақ ә.тұқым б.ұрық
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет